«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет169/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

303. «Дайрабай»
(V нұсқа)
...Дайрабай Алтай руынан Сармантай елінен екені рас, ол аса 
мықты балуан жігіт болған. Әрі әнші, әрі домбырашы, бірақ өте 
кедей болған. оның жамағайыны Көбен деген бай кісі болады. 
ол әрі мақтаншақ, атқұмар сараң да болады. Дайрабайдың жал-
ғыз биесінен туған Қара көк бестісі аса жүйрік болады. оны Кө-
бен толық құнын бермей алып бәйгеге қосады. Көк бесті алдына 
жылқы салмаған жүйрік болып, бүкіл Арқа елін адақтағандай, 
үздік аты шыққан жүйрік болады. Арқада бір үлкен ас болып, 
көк ат бәйге алады. Сол жолы Дайрабай бас балуанға түсіп жыға-
ды. Бар бәйгені Көбен жиып алады. Дайрабайға түк бермейді де, 
Дайрабай алыс бір елде нағашысы бар екен, соған барамын деп 
Көбеннен ат сұрайды. Көбен бермейді, соған өкпелеп Дайрабай 
бір күні көк атты ұрлап алып шөлге қашады. 
Алтай ішінен шығып Қаракесек ішінде Карсон, Керней 
ауыл дарына келеді. Сонда бірнеше күн жатып, аса бір жақсы 
күй тартады. Бұл күй ер жігіт елімен, туысы өскен жерімен 
қоштасуындай өте мұңды да, өршеленген ерлікте түйдектеліп 
айтылып жатқандай болады. 
ӨСКЕНБАЙ ҚАЛМАМБЕТҰЛЫ /1860-1925/
304. «Жаңылтпаш» 
өскенбайдың өскен ортасы қашаннан түркімен ағайындар-
мен жапсар жатқан соң да, дос көңілді аралас-құраластық 
үзілмеген. Әсіресе, ер азаматтар арасында біліштік-тамыр лас -
тық қарым-қатынас орнығып, оның өзі алыс-берісі, әзіл-қал-
жыңы жарасқан дәстүрге айналған. 
Ер жігіт елдің елдік дәстүрінен шет бола ма, өскенбай 
күй 
шінің де түркімендер ішінде Құлыбай, Сапар-Мәмбет, 
өдеулі сияқты күйші достары, Сейіт-Мұрат, Қош-Мұрат деген 
ағайынды біліш-тамыры бар екен. бірде жанына ерткен бір топ 
жолдастары бар өскенбай аң аулап жүріп, жолы болып, екі 
құлан атып алады. Құлан атқан жері біліш-тамырлары қоныс 
еткен ұлықұдық, Сауқұдық деген жерлерден алыс болмаса ке-
рек. өскенбай «неде болса тамырларымды бір қуантайын» деп 
қос құланды жетегіндегі атына теңдеп, Сейіт-Мұрат пен Қош-
Мұраттың ауылына ат басын бұрады. 


292
күй аңыздар
Сол бетінде ауылға келсе, үй сыртында сіресіп бірнеше ат 
кермеде тұр. үй ішінен гу-гу дауыс естіледі дейді. өскенбай ды-
быс берген екен, ішінен Қош-Мұрат тамыры жүгіріп шығып, 
шұрқыраса амандасады. Сылқ еткізіп құланды түсіріп мәз бо-
лып қалады. 
—Ау, неғып дуылдасып жатырсыңдар? Мына аттыларың 
кімдер?—деп өскенбай жөн сұрайды.
—Пай-пай несін сұрайсың! өзіңнің жездең Мәмбет-Пана бо-
лыс, Нәубет старшын, үдімбет-Салық бастаған игі жақсылар 
бүкіл Хиуаны ауызына қаратқан Құлыбай бақшының өнерін 
тамашалап, ду-ду болып жатыр!—дейді Қош Мұрат тамыры. 
өскенбай сыртынан даңқын білетін Құлыбай-бақшының 
атын естігенде «апыр-ай, қалай болар екен!»—деп сәл бөгеледі 
де, тамырынан:
—Құлыбайды сырттай естігенім болмаса, көрмеп едім, дом-
быра тартысы қалай екен?—деп сұрайды. 
—ойбой, несін айтасың! оның жанында сен домбыра ұстау-
ға ұяласың!—деп Қош-Мұрат тамыры өскенбайдың намысына 
шоқ тастап жібереді. 
Айтқандай үйге кірсе, Мәмбет-Пана бастаған жақсы-жай-
саңдар төрге жайғасқан. орталарында Құлыбай-бақшы ұзын 
мойын домбырасының пернелерін құлаштай қуалап, күй төгіп 
отыр дейді. 
—Ә, балдыз екен ғой, кел төрлет!—деп Мәмбет-Пана басын кө-
теріп отырады,—Кел балдыз, сенің де бірдеңе тыңқыл дата ты ның 
бар еді ғой, мына Құлыбай-бақшыдан өнеге үйрене тін болдың!
Мәмбет-Пананың жездесініп айтқан әзіл сөздері өскен-
байдың жаңағы сырттағы сезімін одан сайын қоздырып, намыс 
буа түскендей болады. Бірақ сабыр сақтаған қалпы төрге озып 
жайғасқан соң:
—Біздің қазақ «жақсы күй—жан азығы», «жақсыны көр-
мек үшін» дейді. Құлыбай-бақшының даңқын сыртынан есту-
ші едім, енді, міне, көз көргенге қуаныштамын!—деп сұлу, сы-
пайы тіл қатады. 
Бірақ жездесініп отырған Мәмбет-Пана иықтап қоймайды:
—Ау, балдыз, сен өйтіп сынықсыма, бұл жерде саған бұйы-
ратындай қыз жоқ, онан да Құлыбай-бақшының мысы басып, 
жауыр аттай маймаңдап отырмын десейші!—деп қусыра түседі. 
Сонда өскенбай, мұнан ары шыдай алмай:


292
293
күй және күйшілер туралы аңыздар
—Апыр-ай, жездеке-ай, болмадыңыз ғой! Тәуекел, қазақ 
пен түркіменге бірде жеңіп, бірде жеңіліп, бірде жығып, 
бірде жығылып жүрген қашаннан жарасушы еді. Азар болса
Құлыбай-бақшы Хиуаны ауызына қаратқан шығар. Ал Кіші 
жүздің үш тақтасын ауызына қаратқан алты науайының бірі 
мен боламын! Бері бер дутарыңды!—дегенде өскенбайдың жо-
ны шымырлап, арқасы қозып, өңі алабұртып кетсе керек. Құ-
лы бай-бақшы дутарын ұстата берген екен. Сол жерде дутардың 
үнін де құбылтып, өзінің қимылын да құбылтып, бұрын-соңды 
қазақ, түркімен естімеген ойнақы сазды құйқылжыта тартып 
шығады да, дутарды Құлыбай-бақшыға тастай салады. өскен-
бай да іркілмейді, тура алғашқы өз күйінің сыңарындай, қитұр-
қы қағысы мол екінші күйін бұлаңдата қағып шығады. осы 
кезде Мәмбет-Пана:
—Ал, ағайын менен бір сауға болсын! Бұл жолы біреудің 
жеңуін көруді мұрат тұтпай-ақ қоялық. Екеуі де шалғыш екен, 
төрелік тең болсын!—деп күй айтысын тоқтатқан екен.
өскенбайдың осы жолы тартқан екі күйі де ел ішіне «Жа-
ңылтпаш» деген атпен тараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет