304
305
күй және күйшілер туралы аңыздар
саусағынан өнері төгілген домбырашымыз еді, енді ол бізден
кетіп, сіздерге барғалы отыр,
ең болмаса, соңғы рет Ақбикеш тің
тартқан күйін тыңдап қалалық, қызымызға рұқсат етіңіз»,—
деп, құдалардан рұқсат алып, оңаша үйде Ақбикешке күй тарт-
тыру үшін жиналып отырғандар екен.
Ақбикеш біраз күй тартып, домбырасын тізесіне сүйеп, қол
орамалымен маңдай терін сүртеді. осы кезде Есжан да үйге
кіріп, босағадан отыра кетеді. Ақбикеш тағы да күй
тартуға
ыңғайланып, үйдегілерді көзбен бір шолып өткенде есік ал дын-
да отырған Есжанға көзі түседі. Есжанның жүдеу сиқына қапа-
ланып, мұңайған Ақбикеш:
—Келесі күй «Айнам қалды» аталады,—деп
домбырасын
тарта беріпті. Күйді беріле тыңдап отырғандардың бірі:
—Мына домбыраның үні шынында да «айнам қалды, ай-
нам қалды» деп қақсап тұрған сияқты. осыншама көп жасау
дайындағанда қол ұшындай айнаны сандықтың бұрышы на
тас тай салуға болмады ма екен?—дейді жанында отырған екін-
ші бір кісінің құлағына сыбырлап.
Сонда Ақбикештің әлгін дегі
қимылын сезіп қалған екінші қарт:
—Жоқ, олай болмас. Менімше, осы отырғандардың ішінде
Ақбикештің ұнатқан жігіті, айнасы қалып бара жатқан болар.
Қыздың
соған арнап, домбырамен айтып отырған назы шы-
ғар,—дейді.
Шынында да, бұл күй Ақбикештің Есжанды көріп мұңайып
тартқан, ескерткіш есебіндегі «Айнам қалды» атты күйі екен
дейді халық арасында.
Достарыңызбен бөлісу: