«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры


СЫБАНҚҰЛ ҚАЛБАСҰЛЫ /1865-1945/



Pdf көрінісі
бет175/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

СЫБАНҚҰЛ ҚАЛБАСҰЛЫ /1865-1945/
313. «Аққу»
(IV нұсқа)
Баяғы өткен заманда Қазығұрт тауының етегінде айдын 
көл болыпты. Сол көлге бір аққу келіп амалсыз тұрақтап қа-
ла ды да, жыл сайын балапандайды. Балапандарының қанаты 


300
күй аңыздар
қатая бастағанда ерінбей-жалықпай сонау аспанмен таласқан 
Қазығұрт тауының басына шығарып, аққуларды өздерінің 
атамекеніне қарай ұшырып жібере береді екен. Жас аққулар 
сөйтіп атамекеніне қайтатын көрінеді. 
Балапандарын ұшырып жіберген аққу Қазығұртта біраз 
әл жинау үшін аялдап қалады. Көп ұзамай атамекенін, бала-
пандарын сағынады. Сол сағынышпен елге оралып ұшып келе 
жатқанда, жол торып жүрген бидайық құс қуа жөнеледі. 
Бірақ бидайық құс қанша қуса да, аққуға жете алмапты. 
Жолда бар қиыншылықты көріп, арып-ашып еліне оралып, өз 
балапандарын аймалапты. 
314. «Қос келіншек» 
(III нұсқа)
Ел жайлауға шыққанда бір өзеннің екі жағында екі келін-
шек өмір сүріпті. Екеуінің де аты Шәрипа, екеуі де домбырашы 
екен. Екеуі өзеннің екі жағында отырып күйімен амандасып, 
сырласады екен. Содан біреуі «Күнгей Шәрипа», біреуі «Те-
ріс кей Шәрипа» аталып кетіпті. Бір жылы жайлаудан түскен-
де екеуі де бір мезгілде қайтыс болыпты. Сол оқиғаға орай, қос 
келіншекке арнап домбыраны тел бұрауға салып тартқаны. 
315. «Тәжінің Бозайғыры» 
Бекмырзаның Тәжісі жылқылы бай екен. Желісінен құ лын, 
кермесінен тұлпар, қысы-жазы сабасынан қымыз арыл май тын 
көрінеді. Сол жылқылардың төлбасы Бозайғыр екен. 
өзі бай, өзі жомарт, саятшы, құсбегі, мәрт, елге істеген 
жақ сылығы көп, мектеп, медресе аштырған парасатты Тәжі 
бір күні Сыбанқұлды арнайы ат жіберіп алдыртады. Неше күн 
күй тартқызып, сый-сияпат көрсетеді. Замандасының көңілін 
тапқан Сыбанқұлды ауыл адамдары бірінен соң бірі шақыр-
тып қонақ етеді. Тәжі қасына ертіп аң, құс аулауға апарады. 
Аңшылықта жүріп те Сыбанқұлға неше түрлі сиқырлы күй 
тартқызады. 
Сондай көңілді бір сәттерде Тәжі: 
—Сыбанқұл, сенің атыңды күй шығарады, ал менің атым ды 
не шығарады?—дейді. 


300
301
күй және күйшілер туралы аңыздар
Сонда Сыбанқұл: 
—Сенің атыңды мың жылқының басы Бозайғыр шы ға ра-
ды,—депті. Шындығында, мойнына құрық салдырмай өт кен 
Бозайғырдан мың құлын тарайды. Кәртайғанда алжып, үйі-
рі нен айырылып, көрінген жылқы сай-сайға қуалап тастаса, 
ашын ған Бозайғыр айдалада тұрып азынайды екен. 
Соны көрген Сыбанқұл Тәжінің алдында тұрып күй тартады. 
—Мұның атын аташы,—дейді Тәжі. 
—Бұл—«Тәжінің Бозайғыры»,—депті Сыбанқұл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет