«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет214/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Жиренше шешен—Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан 
(XV-XVI ғғ.) тұсында өмір сүрген атақты шешен. Жиренше ше-
шен есімі ақыл-парасаттың үлгісі ретінде қазақ ауыз әдебиеті-
нен берік орын алған. Халық аңыздары бойынша, Жиренше 
шешен кедей адам болған. ол дербес Қазақ хандығын құру-
да ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып, халық 
бұқарасының атынан сөйлеген. оның атынан айтылып, халық 


358
күй аңыздар
жадында сақталған шешендік сөздер мен аңыз-әңгімелер көп. 
Жиренше шешен туралы аңыз-әңгімелер түркі тектес басқа 
халықтарда да кездеседі. Мысалы, қарақалпақта Жиренше 
шешен, қырғыздарда Жээренче чээчэн, түркіменде ақылды да, 
тапқыр ийкренче туралы аңыздар бар.
Жошы /1187-1227/—Шыңғыс ханның үлкен ұлы. Жошы 
ұлысының негізін салушы, қазақ хандарының атасы. Жас 
кезінен бастап аса көрнекті әскери қолбасшы ретінде көзге түсіп, 
Шыңғыс хан жүргізген барлық жорықтарға белсене араласты. 
1223 жылғы құрылтайда Ертістен оралға дейінгі және онан әрі 
Батысқа қарай бағынған жерлердің бәрі Жошының иелігіне 
өтті. ордасы Ертіс өзені бойына орналасты. Жошы әкесінен ал-
ты ай бұрын қазаға ұшыраған. оның өлімі жөнінде халық ара-
сын да әртүрлі аңыз әңгімелер бар. оны бірде «аң аулап жүр ген-
де құланның айғыры шайнап өлтірген» десе, кейбір де рек тер де 
«өзіне қарсы келуі мүмкін» деп, құпия түрде әкесі Шыңғыс хан 
өлтірткен. Мазары Жезқазған қаласынан 45 шақы рым жер дегі 
Кеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Жібек, Төлеген—қазақтың «Қыз Жібек» эпосының бас 
кейіпкерлері. Жібек пен Төлеген қазақ халқында шын ғашы-
қтар символы ретінде құрметпен аталады.
Исатай Тайманұлы /1791-1838/—Бөкей ордасы мен Кіші 
жүздің батыс бөлегінде 1836-1837 жылдарда болған азат тық 
көтерілістің басшысы. Кіші жүз құрамындағы байұлы тай па-
сының беріш руынан шыққан. Жоңғар шапқыншылығы кезін-
де атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. 
Керей—қазақ халқын құрған ежелгі түркі тайпаларының 
бірі. Шежіре бойынша, орта жүз құрамына енеді. IX-XII ға-
сырларда керей тайпасы Керей хандығы аталған мемлекет 
құрып, Завхан, Тула, Сэлэнгэден Шығыс Моңғол құмына 
дейінгі сайын даланы қоныс етіп, батысы Найман хандығы
солтүстігінде меркіттер, оңтүстігінде татарлар, шығысында Ся 
мемлекетімен іргелес жатты. ол кезде Керей хандығы керейт, 
жиркин, қонхойт, сақайт, тумаут, албат, тункайт-киркун деп 
аталатын тайпалардан құралатын. Аталған тайпалардың ең 
ірісі керейлер болғандығы мәлім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет