«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет210/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Дайрабай Ерназарұлы /1860-1937/—күйші. Туып-өскен 
же рі Қарағанды обылысының Атасу өзенінің бойы. Әкесі Ерна-
зар орташа дәулеті бар саятшы, атбегі, қыран құс пен жүйрік 
атқа құмар сері адам болған. Дайрабайдың бойындағы сал-
серіге тән мінез-құлық, әншілік-күйшілік қасиет ата-анасынан 
дарыған. Дайрабайдың есімі Ақмола, Қараөткел, Қорғалжын 
төңірегіне жақсы таныс болып, осы өңірдегі Жарылғапберді, 
Ғазиз, иманжүсіп, үкілі ыбырай, Төлебай сал сияқты әйгілі 
адамдармен дәмдес-тұздас, қадірлес дос-жар болған. олардың 
өнерінен тәлім ала жүріп, өзі де «Шұбар тау», «Қараторғай», 
«Келіншек» деген әндер шығарса, «Дайрабай», «Қоштасу», 
«Қыр», «Сыр», «Сырдың суы» т.б. күйлері оны қазақ жұртына 
әйгілегені дау тудырмайды.
Дәулеткерей Шығайұлы /1820-1887/—күйші, домбыра-
шы, композитор, қазақтың күй өнеріндегі лирикалық бағыт-
тың негізін салушы. Бөкей ордасының сұлтаны болған әкесі 
Шығай орыс тілін жақсы біліп, орыс мәдениетіне ден қойған. 
Болашақ күйшінің өмірге көзқарасын қалыптастыруда исатай-
Махамбет бастаған көтерілістің әсері зор болды. 1869 жылғы 
қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазымен кездесуі Дәулеткерей-
дің өміріндегі маңызды кезең. Дәулеткерейдің күйлері халық 
арасында кең тараған. оның «Желдірме», «Тартыс», «ысқыр-
ма», «Қос алқа», «Қыз Ақжелең» т.б күйлері бар.
Дәуітбай Тауданбекұлы /1873-1937/—күйші, композитор, 
ақын. Туып-өскен жері Шығыс Қазақстан облысының Бұқ тыр-
ма өзенінің бойы. орта жүз құрамындағы найман тайпасы ның 
Байсары бұтағынан шыққан. Дәуітбайдың әкесі Таудан 
бек 
Моңғолия қазақтарына танымал ақын, ел ісіне ерте аралас-
қан шешен адам болған. осындай ортада өскен Дәуітбай бала 
кезінен домбыра мен сыбызғыны тең ұстап, бозбала шағын да-ақ 
құрбы-құрдастарына, жеңгелеріне арнап күй шығара бас тайды. 
оның артында «Ертіс толқыны», «Жалама айдаған», «Ар на», 
«Қайран Бежең», «Тартау» т.б. күйлері қалған.


354
355
ғылыми қосымшалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет