388
389
ғылыми қосымшалар
С.Бегалин шығармашылының елеулі бір арнасы халық
ақындарының, әнші-күйшілерінің өмірі мен өнеріне арналған.
өмірден көрген-түйгені мол Сапекең бұл тақырыпта да тари-
хымыз бен мәдениетімізді нұрландырар
қыруар дерек қалдыра
білді.
Бекмұратов Шамұрат /1925-?/—қобызшы, қобызға дау-
ыс қосып жыр-терме, қыса-дастан айтатын байырғы дәстүрдің
соңғы өкілдерінің бірі. Туып-өскен
жері Қарақалпақстан ның
Қоңырат ауданы. Қазір Нүкіс қаласында тұрады. Қобыз ша-
луды нағашы ағасы Ақназаров Жанғазардан үйренген.
Ш.Бекмұратов ұлы отан соғысына қатысқан. оның қобыз-
ға дауысын қосып айтуында «Қобыланды» эпосы күйтабаққа
жазылған. Әйгілі сыбызғы күйшісі Сармалай күйлерін Шамұрат
қобызға салып тартады.
Бекмұханбетұлы Омархан /1915-1986/—Мергенбай күй-
шінің екінші ұлы Бекмұханбеттің
кіндігінен шыққан дарын ды
күйші, домбырашы. Алматы облысының Шәлкөде жайлауын да
өмірге келген. 1930 жылдары голощекиндік солақай саясат тың
кесірінен туыстарымен бірге Қытай жеріне өтеді. онда
мек теп
директоры, аудандық оқу ағарту ісінің бастығы болып қыз-
мет атқарады. Көзі ашық,
көкірегі ояу, ішкі мәдениеті жо ға ры
омархан атадан қалған күйшілік өнерді де тастамай,
одан әрі
жалғастыра береді.
Аталары Байғозы, Ердене, Мергенбай, Нұрмұханбет және
Қожеке, Шалтабай, Абылай күйлерін, басқа да халық күйлерін
нәшіне келтіре тартқан арқалы
домбырашы, өзі де күй шығар-
ған күйші болған. өкінішке қарай, Кеңес өкіметінің сыңар жақ
саясатының кесірінен омарханның өнері көзі тірісінде ресми
орындар
тарапынан ескерілмеді, еленбеді.
Достарыңызбен бөлісу: