«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет240/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

Әбілтаев Шәміл /1948/—белгілі күйші-композитор, Қа -
зақ стан ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. Құр ман-
ғазы, Дәулеткерей, Дина күйлерін жеріне жеткізе тартумен 
бірге, өзі шығарған әндері мен күйлері де жұртшылыққа 
жақсы таныс.
25-136


386
күй аңыздар
Әлпекұлы Ахметбек /1938/—күй аңызын айтушы. МХр, 
Баян-өлгий аймағының ұланхұсын сұмынында туылған. 
1972 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерватория-
сын Ш.Қажығалиевтың класында бітірген. Қазір Баян-өлгий-
дің музыкалық драма театрындағы Қазақтың халық аспаптар 
оркестрінің дирижері болып еңбек етеді. 
Әлімғазиев Закария /1915-1977/—домбырашы. Семей об-
лысына қарасты Мақаншы ауданының Фрунзе атындағы кол-
хозында туып-өскен. Халық күйлерінің аңызын мол білген, со-
нымен бірге күйді де нәшіне келтіре тартқан адам. үлгі тұтып, 
тәрбие алған ұстаздары Бәдіғұл, Жасболат, Нұрбек деген 
төңірегіне белгілі домбырашылар. Закария «Шаңды шабуыл», 
«Қапты қақ», «Барақ батыр» сияқты ондаған халық күйлерін 
тартқан. 
Жасынан жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы ұстап, саят-
шылық құрған Закария өзінің сергек болмысымен төңі ре гінде 
сері атанған. Дәулескер домбырашының бұл қасиеті рес публика 
киношылары түсірген «Ақиық» атты деректі фильмде жарқын 
көрініс тапқан. 
Әрінұлы Башар /1889-1872/—қазақ шежіресін мейлін-
ше көп білген адам. Жезқазған облысының Жаңаарқа ауда-
нын 
дағы С.Сейфуллин атындағы совхозда ғұмыр кешкен. 
Баше кең Шоңманұлы Тоқа, Дүкенұлы ықылас сияқты әйгілі 
күйшілердің көзін көрген адам. Шоңманұлы Тоқа дүниеден 
қайтқанда топырақ салған. 
Белгілі жазушы Мұқанов Сәбит кезінде Башар ақсақалды 
арнайы іздеп келіп, көп сұхбаттасып, «Шерім бір тарқады-ау!» 
деп аттанған екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет