388
күй аңыздар
қыран» атты күй де шығарған. Балмағамбет ертерек дүние са-
лып /1941/, Садуақас домбыра тартуды нағашысы Қуантайұлы
Матайдан үйренеді. Кейін Қазанғаптың көзін көрген Ержанов
Қадыралы /1905-1987/, Байғанин Момын /Нұрпейіс жыраудың
баласы/, Айпақов Жәлекеш, Сартов Шүрен
сияқты домбыра-
шылардан көп өнеге, дерек алған. Қазанғап күйлерін өзіндік өр-
нек-сазымен тартатын бірден-бір домбырашы осы—Садуақас.
Басығараев Бақыт /1928-2001/—белгілі домбырашы,
күй ші, Қазанғаптың күйшілік
мектебін жалғастырушы, Қа-
зақ
станның еңбек сіңірген қызметкері. Қызылорда облы
сы-
ның Арал ауданына қарасты Құланды деген жерінде туған.
Қазір Ақтөбе облысының Шалқар ауданына қарасты Айшуақ
ауылындағы музыка мектебінде домбырадан сабақ берген.
Бақыт ел ішінде жүріп, халықтың күйшілік өнеріне жас-
тайынан
ден қойған, көкірегіне мол дерек жинақтаған дарын ды
домбырашы. оның репертуарында Қазанғап күйлері айрық ша
мол. Себебі Қазанғаптың көзін көрген төл шәкірттерінің бірі Ес-
жанов Қадыралы /1905-1987/ Бақыттың туған нағашы ағасы.
Бақыттың шешесі Балсұлу Қадыралының туған қарындасы.
Қадыралы Бақытқа домбырашылықтың қыр-сырын үйрету мен
бірге, Қазанғаптың қыруар күйін мұра еткен. Қазанғаптың кө-
зін көріп, күйін өз қолынан үйренген
Әлім руының Төртқара-
сы нан шыққан Жұмәлі, Жанқылышынан шыққан Әбдіғали
сияқты домбырашылар да Бақытқа көп үлгі-өнеге берген.
Бақыттың өз жанынан шығарған «Толқын», «Аманғосым,
аман бол» атты күйлері бар.
Бәдіғұлов Нүкеш /1936-1999/—белгілі ақын. ҚХр, Шың-
жаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданының Ақсу аулында
туған. «Бәйтерек» /1974/, «Нұрлы жұлдыздар» /1976/, «Кү-
лім де шуақ» /1979/, «Жарық сәуле» /1982/, «Сырлы ағыс»
/1984/ сияқты кітаптары жарық көрген.
Абай атындағы Қазақ
мемлекеттік педагогикалық университеттің филология фа-
куль тетін бітірді. Қазір Қазақстан Жазушылар одағында әдеби
кеңесші.
Достарыңызбен бөлісу: