«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет47/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

83. «Сары бел»
(І нұсқа)
Бір ауылда жасы тоқсаннан асқан бір қария болыпты. Ауыл 
адамдары бұл қарияны қадір тұтып, үнемі алдына барып аман-
сәлем жасап, амандық сұрап тұрады екен. 
Бір жолы ауыл ағалары барып көңілін сұрап:
—Ақсақал, хал-жайыңыз қалай?—дегенде, төсегінде жан-
тайып жатқан ол басын көтеріп:
—Е, қарғаларым-ай,
Кәрілік келіп қалды кезіменен,
Қарайды келін жаман көзіменен.
Қолындағы көсеумен ұрмаса да,
ұрғандай боп кетеді сөзіменен,—депті де, төсегінің іргесінде 
сүйеулі тұрған домбырасын алып:
—Жастықтың жалыны қайтқан, кәріліктің қарымы бат қан, 
сарғайып сары белде отырғаным. Ал тыңдаңдар,—депті де дом-
бырасынан бір түрлі мұңлы, күмбірлі күй төгіпті. Сонан «Са ры 
бел» атты күй тарапты.
Бұл күйді кей білетіндер отарбай Дүйсекеұлының қартай-
ғанда шығарған күйі деседі. 
84. «Сары бел»
(ІІ нұсқа)
Байлардың жемқорлығын өткір тілімен шенеп, сыбызғы да-
ғы күйімен әжуа-сықақ еткен сыбызғышыны елдің игі жақсы-
ла ры бірігіп алып, көзін құртпақ болады. оған тұс-тұсынан 


86
күй аңыздар
қысым жасап, тілін тигізіп, тікенегін қадайды. Ел ішін ара-
лап сыбызғы тартып, әзіл-сықақ айтуды қойып, қаршадай қа-
ра күркесінде, бала-шағасының қасында, отынының басын-
да көңілді өмір сүруіне тосқауыл жасап, басқан ізін бағатын 
аңдушы қояды. осынау қапас өмірден құтылуды армандаған 
сыбызғышы таңы рауандап ататын, күні күліп бататын, адам-
дары ала-құла бай мен кедей болып бөлінбейтін, зәбір-жапасы 
жоқ елді іздеп жолға шығады. Әділдіктің ордасын іздеп талай 
елді аралайды, талай жолды басады, талай белден асады. Бірақ 
ондай елді таба алмай, арман тауы шағылған сыбызғышы арып-
шаршап, қара күркесіне қарай қайта оралады. Қайда барса да, 
еңіреген елді, шерменде болып сорлап, қапас өмірде қан жұтқан 
кедейді көреді. Бостандықта өмір сүруді армандаған сыбызғы-
шы ұзақ жол жүріп, еліне бет алып келе жатады да, көлбеп 
жатқан құба белге келіп, сыбызғысын тартып отырып қаза бо-
лады. Ел арасында жүрген тағы бір сыбызғышы жігіт жол жү-
ріп келе жатып, құба белде сыбызғысын сүйеу етіп қаза болған 
жігітке тап болады. Жігіт аттан түсіп қайтыс болған жігітті 
сол жерге жерлейді. оның кейіп-кескінінен шаршағандық тан, 
арманына жете алмаған мұң мен зардың белгісін көреді. Жол-
жөнекей ауыр жайға, өкінішті оқиғаға тап болған сыбызғы шы 
жігіт айнала ойлана көз жүгіртеді. Шегі жоқ, шеті жоқ дала. 
Дала төсінен тіршіліктің жөнкіген дүрбелеңі де, қызған өмір 
әні де көрінбейді. Тек о жағы мен бұл жағы тұманданып көрі-
ніп ыстық демін ішіне тартып жатқан, мынау сияқты қаншама 
қыршын жасты қапас құшағына алған төңірек сарғыштанып, 
зілденіп көрінеді. Дәл мына қалпымен жаңбыр жаумаған, шуақ 
көрмеген, қайғыдан басқаны білмейтін керенаудай сезіледі. 
осы тылсым тіршілікке ішқұса болып қайғырған сыбыз ғышы 
сары белде отырып, қаза болған сыбызғышыға арнап «Сары 
бел» күйін тартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет