80
күй аңыздар
у да шудың ішінде жүрген Жәнібек бір кезде Абылайдың арт-
та қалып қойғанын аңғарып, жау жаққа қайта ұмтылыпты да,
Абылайды ұтылап, қаумалап жүрген жауға араласып кетіпті.
Жаудың
бірталайын жер құштырып, бетін бір қайтарып жі-
беріп, Абылайға келіп, көк дөненін көлденең тартып:
—Қашып құтылыңыз, жаумен мен айқасамын!—депті.
Абылай намыс көріп, көк дөненге мінгісі келмепті. Сонда Жә-
ні бек ызаланып:
—Басыңды жауыңа алдырғанша, өзім алайын!—деп қы лы-
шын суырып алған екен. Абылай амалсыз көк дөненге мініпті.
Жәнібек Абылайдың
атымен қайта соғысқа шығып, жауды
қанға тоғытып, бетін қайтарыпты.
Жаудың беті қайтқан соң Жәнібек бір кезеңге шығып, атын
қаңтарып тастап, демалайын деп ұйықтап қалады.
Қайтып барған Абылай тобының ішіндегі керейдің бір шалы,
Жәнібектің қайтып келмегенін біліп, іздеп шығады. Шал Жә-
нібек жатқан маңға келгенде
атын қаңтарып тастап ұйқыда
жатқан Жәнібекті көреді. Шал Жәнібекті оятып, ахуалды оған
айтады да, топқа бастап кетеді.
Бұл кезде ордадан Абылай да «көк дөненін берген баланы
қайта көремін» деп қузау салып жатқан кезі екен. осы
кездің
үстіне Қабанбай келіп ханға үш талап қойған екен.
Сондағы үш талабы мынау екен: оң тізесінен орын беру; ол
болмаса, асық жіліктің басын ұстатып бала қылып алу; ол да
болмаса, қолында ұстап туын беру. Сонда Абылай тұрып:
—оң
тіземе отырғызып уәзір етсем, халық не дейді? Ал асық
жіліктің басын ұстатып бала қылып алғаныммен кісі баласы
кісіге бала бола ма? Ең дұрысы ешкімнің таласы жоқ, туымды
берейін,—деп Жәнібекке қолындағы туын берген екен. (осы
туды Жәнібектің үшінші немересі Зарыққан сақтап келген)
Бұл
аңыз елге тарап, ханды жаудан құтқарып кеткен көк
дөненді домбырашылар күй етіп, «Жәнібектің көк дөнені»
деп шерткен. осы күй шертілсе болғаны, ел әруақты батыр
Жәнібектің ерліктерін еске алады.
Достарыңызбен бөлісу: