82
83
халық күйлерінің аңыздары
тоқтығы-ай, жалынан ұзын шоқтығы-ай. Мені малға сатқаны
әділеттің жоқтығы-ай»,—деп зарлаған екен. Қыз ұзатуға жиы-
лып, қыз зарын естіп тұрған көпшілік «о, мұңлы, сорлы-ай!»—
деп өкініседі. о баста қыз ұзату салтанатын күйге
қоспақ болған
күйші адамның іш-бауырын елжіреткен мына қайғылы халге
іштей елжіреп, қыз зарына арнап, «Мұңлы қыз» күйін шертіпті.
81. «Мұңлы қыз»
(ІV нұсқа)
Ертеде өз заманында даңқы асқан керейдің бір байы қайтыс
болады да, байдың асына ат аяғы
жетер жердегі аяқ артар
жалғыз аты бар кедей-кепсектен бастап, ұлы кәрінің бәрі жиы-
лады. Асқа өзен бойын жағалата өңшең ақбоз үй тігіліп, қатар-
қатар
жер ошақ қазылады, қоралы қой, үйірлі жылқы сойылып,
қымыз сел боп ағады. Аста бүткіл керейге байлығын танытуға
талпынған байдың балалары дәулеттерін аямайды.
Бірінші бо-
лып келген аттың бәйгесіне ат басындай алтынға қоса, тоғыз
ақбас атан жетектетіп, атанға бір қыз
мінгізіп беретіндіктері ту-
ралы бір жыл бұрын сарын айтады. осы сарын бойынша бірінші
атқа жоғарыдағы сыйлықтарын береді. Ат бәйгесіне тігілген
жетім қыздың зарына байланысты «Мұңлы қыз» күйі осылай
шығыпты деседі.
Достарыңызбен бөлісу: