«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет92/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

173. «Ақсақ құлан—Жошы хан» 
(V нұсқа)
Ертеде Жошы деген ханның үлкен баласы аңға шығып
құлан атуға барғаннан қайтып оралмапты. Баласын біраз күн-
дер күтіп, ақыры келмеген соң, оның тірі емес екенін сезсе де, 
жаман хабарды естігісі келмеген хан: 
—Кімде-кім, менің баламның қайғылы хабарын естіртсе, 
соның көмейіне қорғасын ерітіп құямын,—деп халыққа жар 
салыпты. Халық ханның баласын құлан теуіп өлтіргенін біле ді, 
бірақ әкесіне айтуға батылдары бармайды. 
Күндердің күнінде ел аралап жүрген бір домбырашы бұл 
хабарды естіп, ханның ордасына барыпты. Бірақ күзетшілері-
нен асып ордаға кіре алмай далада, қақпа алдында отырып, 
домбырасынан бір күйді күңіренте тарта беріпті. Кешқұрым 
саңқылдап шыққан домбыра үні сол маңайды тегіс шарлап
орда ішіндегі ханның да құлағына шалынады. Тақта мүлгіп 
отырған хан сәл басын көтеріп: 
—Мынау ненің үні? Барып біліңдерші! Егер менде шаруа-
сы бар адам болса, мында алып келіңдер!—деп уәзірлерінің 
біріне әмір етеді. уәзір әлгі домбырашыны ханның алдына алып 
келеді. Хан оған: 
—Қайдан жүрген адамсың, мында келу мақсатыңды айт!—
дегенде домбырашы: 
—Тақсыр! Көптен көңілімде жүрген бір күйім бар еді, соны 
сізге сынатқалы келіп едім,—депті. 
—Е, олай болса домбыраңды тарт!—депті хан. 


164
күй аңыздар
Бұл сөзді естуі-ақ мұң екен, күйші домбырасының бұрауын 
қоңыр дауысқа салып, әрбір қағысын салмақпен қағып, бір 
күйді тарта беріпті. Күйдің алғашқы дыбысынан басталған қа-
тал үн, бірте-бірте қоюланып, «мені естідің бе хан ием, қайғы-
лы хабар айтамын» дегендей, алдын ала негізгі тақырыбынан, 
айтпақ ойынан хабар береді. Домбыраның күңіренген үнінен 
сезіктенген уәзірлерінің бірі: 
—Тақсыр! Мынау не дегелі отыр өзі?—дегенде, хан айнала 
отырғандарға, домбырашыға қарап: 
—Мына бастағаның, сенің тартатын, менің еститін күйім 
емес екен. Бірақ әдейлеп келген екенсің тарт, тарт!—депті. 
Ханнан ұлықсат алған домбырашы күйін боздата тартқанда, 
домбыраның көмейінен: 
Ақсақ құлан шошыған, 
Қырда еркін жосыған. 
Тынышын бұзып құланның
оқ атты сіздің ұлыңыз, 
опат болды осыдан. 
Хабарын соның айтуға
Арып-ашып алыстан
Келіп тұр мынау домбыра. 
Болған істің барлығын
Қалдырмай түгел баяндар. 
үніне оның құлақ сал
Қаумалаған, халайық, 
Хан бастаған жарандар!
—деген қайғылы үн күңіреніп естіледі. Әсіресе домбыраның 
әрбір буынында: «опат болды, опат болы»,—деген сөздер адам 
айтқандай ап-анық естіліп, қайталанып тұрады. Мұны естігенде 
төрде отырған хан егіліп жылайды. Ханның шешесі мен әйелі
қызы қатты қапаланып зарлайды. Домбыраның «сиқырлы 
сазы» мен қайғылы үнінен есі кетіп әлсіреген хан: 
—ұстаңдар мына күйшіні!—деп, уәзірлеріне әмір етіпті. 
Сонда күйші ханға қарап: 
—уа, тақсыр! Мен аузымды ашып, ештеме де айтқаным жоқ 
еді ғой, жазығым мына домбыра емес пе?—депті. Хан осы жерде 
сөзден жығылып, берген жарлығын орындау үшін «кім болса да 
бәрібір, қаралы хабар әкелгеннің үні өшіп, жазасын алсын»,—
деп домбыраның көмейіне қорғасын ерітіп құйдырыпты. Содан 
бастап домбыраның көмей тесігі пайда болған екен деседі. 


164
165
күй және күйшілер туралы аңыздар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет