Мəдениеттану пəні дəрістер №1 Тақырыбы: МƏдениет ұҒымы жəне қҰрылымы жоспар


 Түркі өркениеті жəне қазақ мəдениеті



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата25.03.2024
өлшемі2.27 Mb.
#496458
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Снимок экрана 2024—03—07 в 16.35.06

3. Түркі өркениеті жəне қазақ мəдениеті. Еуразиялық сахарадағы көшпелілер Дала
арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» сауда ғана емес, мəдениет тоғысу жолы болды. Көшпелі
өмір адам мен табиғаттың қадірін білуге дағдыландырды. Даланың өзіндік этикасы мен
менталитеті қалыптасты. Түркі əлемінің мемлекеттік жүйесі түркі өркениетін, дəлел.
А.П.Деревянко есімді зерттеушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым
Академиясының 1998 жылы өткен сессиясында жасаған "Казахстан – колыбель
древнейшей цивилизации” атты баяндамасында қазіргі қазақтардың арғы ата-бабалары
Қазақстанда 1 млн жылдан бері өмір сүріп келетіндігін жазды. Д.Ш.Рессерат пен В.А.Рано
Орта Азияда тас дəуірінде (850000 жылдары) жергілікті тіршілік иелерінің өмір сүргендігі


жөнінде айтқан еді.
Байсын тауының Тешік-Таш, Əмір Темір жəне Мачай үңгірлерінен
неандертальдықтардың мекен-жайы, ал Самарқант қаласының жанынан олар тұтынған тас
құралдар табылды. Ондағы 8-9 жасар баланың склеті жақсы сақталынған. Бала арнайы
қазылған шұңқырға жатқызылып қабірдің айналасына тау ешкісінің мүйіздері тізіліп
қойылыпты "Қошқар мүйіз” алтайлық орнаменттен орын алып, сақ-скиф дəуірінен 
бері кең тараған мотив, Тау ешкісінің стильдік бейнеленуі Орталық Азияның көптеген
көшпелі халықтарының ою-өрнектерінен орын алған белгі - нышан. Зерттеушілер Жер-Су
рухымен тікелей байланыстыра қарастыруда. А.В.Эдоков деген автор қазіргі
алтайлықтардың көркем мəдениетінен мықтап тұрып орын алған ою-өрнектің түп-
тамырларының өте тереңге кететіндігі, тіпті палеолиттен бастау алатындығы жөнінде
жазған. Гразнов жəне басқалары ою-өрнекті бүкіл исі түркілерге тəн болған өнердің негізі
деп санады. Ю.Худяков тамға белгілерінің тау ешкісі өрнегінде берілуі көнетүркілерге тəн
болған жəйт деп кесіп айтады. Көнетүркілік петроглифтер мен тамғалар, – деп жазады
новосибирлік ғалым, – Қола дəуірінің ортаазиялық мəдени дəстүрінен орын алған.
ХVІІІ–ХІХ ғасырларда-ақ ғалымдар Америкадағы үндіс жəне түрік тілдерінің
туыстығына назар аудара бастады. Отто Реригтің америкалық үндіс тайпаларының
арасында болып, сиулардың тіліне байланысты жинақтаған материалдары қызғылықты.
Ол сиу тілін орал-алтай тілдері тобына қосуға болады дейді. – Морфологиясы тым ұқсас.
Екеуі де жалғамалы тілдер. Предлогтары жоқ, Фонетикасы жақын: түрік те, сиу тілдері де
үндестікті заңына бағынады.
Бұдан 45000 жылдай бұрын Беринг бұғазы арқылы Америка асқан қауымдар
арасында түркілік этникалық топтың болғандығы туралы шетелдік жəне орыс ғалымдары
айта бастады. Б.Ферейрд Боливия мен Перуде де өмір сүрген кечуа тіліндегі көптеген
сөздердің түркі тілдеріндегі ұғымдармен бірдейлігін дəлелдеді.
Түркі қағанаты (Бірінші, Түркі қағанаты 551-630; екінші, Түркі қағанаты 681-
744 жж.) Еуразия сахарасындағы тұңғыш империя еді. Ол сонау Маньчжуриядан Азов
теңкізіне дейінгі жерді алып жатты. Мұндай алып империяны кейін Моңғолдар, XVIII-
XIX ғғ. Ресей ғана орната алды. Сол дəуірде түркі жазуы пайда болды. Біздің
бабаларымыз тасқа қашап, болмыстарын хаттап кетті: «Когда вверху возникло Голубое
небо и внизу Бурая земля, между ними обоими возник род людской и воссилени над
людьми мои пращуры Бумын каган, Истеми каган. Воссев над царство, они учредили Эль
(государство) и установили Тэрю (закон) народа тюрков. Имеющих головы они заставили
склонить головы, имеющих колени они заставили преклонить колени. На восток и запад
они расселили свой народ. Они были мудрые каганы, они были могущественные каганы».
Біздің жыл санауымызбен 545 жылы Бумын қағанның ордасына Қытай елшісі келді.
Сол кезден бастап, түркі елі халықаралық статусқа ие болды. Түрік қағанаты кейінгі
Түргеш, Ұйғыр, Қарахан, Қырғыз, Хазар қағанаттарына, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ
мемлекеттеріне, Алтын Орда Жошы ұлысына, Қазақ хандықтарына жол салды.
Түркі өркениетінің əлемдік тарихқа қосқан үлестерін төмендігідей ұлгіде жүйелесек:
Тəңірлік дүниетанымды қалыптастырды, Зəрдүш (Зороастр діні тарады; металл
қорытудың ежелгі орталығы болды;
Түркі жазуы болды жəне жыл мезгілін маусымға бөліп, осы күнгі календарьлық
дүниетанымды қалыптастырды;
Ерекше əскери құрылымы, əскери өнердің шебер үлгілерін қалдырды;
Архитектуралық өнердің өзіндік үлгісін қалдырды: Айша бибі, Алашақан, Сырлытам,
Қарахан, Жошыхан, Аяққамар, Жұбанана, Болғанана, Ботағай мавзолейлері т.б.
Би-шешендер бай ауыз əдебиетін қалдырды. Əуез (музыка өнері) шарықтады. Тек
қана Қазақ хандығы тұсында 5000-дай күй (аспапты музыка) дүниеге келген;
Мемлекетті басқарудың дала демократиясына сүйенген ерекше жүйесін жасады. Ерте
замандардағы төл түркілік сакралдық ұғымдар, дəстүрлер мен мотив-символдарды
анықтаудың маңызы зор. Таңба мəселесі Шəкəрім, М. Тынышпаевтың еңбектерінде де
жазылған. Этногроф ғалым Ж. Артықбаев: «Евразия даласы көшпенділердің мəдени
жетістіктерін толығымен бойына сіңірген қазақ қоғамы өзінің ішкі құрылымы жағынан да,
сыртқы құрылымы жағынан да, мəн-мағынасы жағынан да ерекше құбылыс болып
табылады. Көшпелі қоғамның өмір сүру негізінде қабылданбайтын, өзгелермен
салыстыруға келмейтін өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда Батыстың да, Шығыстың да мəдени
өлшеміне сай келмейтін ерекше мəдениет қалыптасқан. Осы ерекшелікті сезіну –
методологиялық парадигманы өзгертуге негіз болуы тиіс. Бəрінен бұрын тарихи таным
өзегіне материалдық көрсеткіштер емес, рухани құндылықтар: қоғамдық сана, əлеуметтік-
мəдени құндылықтар сияқты факторлар қойылуы тиіс» - деп жазған еді.
Міне, осылай, Қытай, Иран, Византиялық өркениеттермен тоғысқан түркілер жаңа
мемлекет типін қалыптастырды. Егер, бірінші түркі қағанатында соғды тілі үстем етсе,
екінші түркі қағанатында руна жазуы тарады. VII-VIII ғғ. Моңғолия мен Алтайда, Хакасия
мен Тувада, Шығыс Түркістан мен Жетісуда Көне түрік алфавитімен жазылған 200-ден
астам тас ескерткіштер қалды. Ал біздің ғасыр санауымыздан бұрын V ғасырда өмір
сүрген Есік жазуындағы 17 əріптің 13-і көне түркі руникалық алфавит екені белгілі
болды. Д.Клеменец көне түркілерді «тамаша халық» деген еді.
VI ғасырда түркілердің əдеби тілі қалыптасты, көрші Шығыс мəдениеті игеріле


бастады. Кеңес шығыстанушылары ортағасырда жеті тұрақты тарихи-мəдени орталықтар
Еуропалық, Араб-исламдық, Орта Шығыстық, Оңтүстік Азиялық, Орталық Азиялық,
Қиыр Шығыстық, Оңтүстік Шығыс Азиялық орталықтары қалыптасты – деп
есептейді. Сонымен Алтайдан Донға, кейде Дунайға серпілген бұл өркениет – 2000-2500
жылдың тарихы бар өркениет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет