Мəдениеттану пəні дəрістер №1 Тақырыбы: МƏдениет ұҒымы жəне қҰрылымы жоспар



Pdf көрінісі
бет12/22
Дата25.03.2024
өлшемі2.27 Mb.
#496458
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Снимок экрана 2024—03—07 в 16.35.06

№ 6 Дəріс
№6 тақырып. Қазақстан көшпелілерінің мəдениеті жəне арғы түркілердің мəдени мұрасы
Жоспар:
1.Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мəдениет.
2.Ғұндардың көшпелілік мəдениеті.
3.Ежелгі
түркі өркениеті жəне оның ерекшеліктері.
Дəрістіңмақсаты: Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мəдениетін, ежелгі түркі
өркениеті жəне оның ерекшеліктерін анықтау.
Дəрістің мазмұны:
Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз жағалауына дейін Евразия
территориясында өмір сүрген көшпенділердің мəдениеті бүгінгі күнге дейін өз
деңгейінде объективті ғылыми тұрғыдан бағаланған жоқ. Ғылыми-танымдық басылым
мəдениеттану, бейнелеу өнері, тарих, этнография, археология, педагогика, антропология,
философия, дінтану, семиотика, лингвистика, əлеуметтану ғылыми салаларды қамтып,
сондай-ақ көшпенділердің əр кезеңдегі мəдени процестерінің қоғамдағы рөлін көрсетуге
септігін тигізеді.
Мəдениеттану саласында қазақ халқының сақ (скиф) мəдениетімен сабақтастығын
зерттеуде ауыз əдебиеті мен этнографияның маңызы зор. Кеңестік кезеңде этнография,
ауыз əдебиеті салаларындағы ұлттық маңыздылығы бар тақырыптарға шектеу жасалып,
тарихтан аластатылды.
Мəдениеттанумен барлық ғылым салалары айналысады. Олар: философия, дінтану, тарих,
этнография, педагогика, антропология, этнопсихология, əлеуметтану, саясаттану т.б. Бұл
ғылым салалары қоғамда болып жатқан процестерді көрсетуге мүмкіндік береді. Ал
мəдениеттану тарихи кезеңдер мен өркениеттерді талдап, оның қоғамдағы рөлін көрсету
басты белгісі болып табылады. Сондықтан көшпенділердің ділін, дінін, этнографиясын
жəне салт-дəстүрін философия ғылымының ғана заңдылықтарына сай зерттеу тақырып
аясын тарылтады. Көшпенділердің б.з.б. өркениетті мемлекет болып өмір сүргенін
дəлелдеу үшін энциклопедиялық əр ғылымның деректемелері қажет. Бүгінгі күні мəдениет
ұғымын анықтайтын екі жүздей ғылыми дефиниций бар. Олардың бəрін төрт топқа бөліп
талдауға болады. Қоғамдағы адамдардың рухани жəне материалдық шығармашылықтары
семантикалық шеңбер құрып — мəдениет деген ұғымның жалпы мағынасын береді.
Көшпенділердің мəдениеті мен тарихын сараптауда көне артефактілердің маңызы зор.
Таулы Алтайдағы Қатан өзенінің бойындағы қорғандардан қазба жұмыстары кезінде В.В.
Радлов 1865 жылы көптеген құнды дүниелер тапты. Алтайдағы үлкен Улаған өзен
өңіріндегі Пазырық шатқалында сақ (скиф) кезеңдерінен қалған əртүрлі көлемдегі бес
обаны 1929 жылы М.П. Грязнов, ал 1947- 49 жылдары С.И. Руденко археологиялық қазба
жұмыстарын жүргізген.
Көпшенділердің артефактілерінің динамикасын зерттеуде ділін, салт-дəстүрі мен наным-
сенімдерін, ғұрыптарын талдау арқылы заттық болмыстың символикасы анықталды.
Ондай деректер С.И. Руденконың Таулы Алтайда табылған көне ескерткіштерінен, М.П.
Грязновтың Таулы Алтай өңіріндегі Пазырық, Шібе қорғандарынан табылған
материалдық заттарынан жиналған. Ежелгі көшпенділердің дүниетанымы, рухани дүниесі
мен алғашқы дінінің пайда болуы артефактілер арқылы аныкталды.
Жоғарыда айтылған ғалымдардың еңбектерінде ежелгі көшпенділердің салт-дəстүрі, тілі,
ділі туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Көшпенділердің антика дəуірінен б.з.б.
кезеңдермен байланысы жоқ, сондай-ақ бүгінгі күнге дейін əр дəуірдің мəдениеті өз
алдына жеке қарастырылған. Көшпенділерді (б.з.б VIII — ІV ғғ.) зерттеген ғалымдар иран,


парсы, грек деректеріне сүйеніп, сақтардың (скиф) қолөнері, бейнелеу өнері мен
кескіндеме мəнері антика өркениетті мемлекеттердің «ықпал əсері немесе көшірмесі»
деген пікірлер қалыптастырды. Скифологтардың арасында ондай пікірлердің
қалыптасуына империялық идеология ықпал етті. Ресей ғалымдарының біржақты
зерттеулерінің салдарынан көшпенділердің мəдениеті мен тарихы тұтас жазылған жоқ..
Көшпенділерді «варварлар» мəдениетінен өркениеттілікке жақындату үшін еліміздің
археологтары да аз жаңалық ашқан жоқ. Елімізге белгілі археологы -К.Байпақов: «Қола
дəуірінде алғашқы көшпенділердің мəдениеті қалыптаса бастаған. Ерте темір дəуірінде
өмір сүрген сақтардың (скиф) мемлекеттік құрылысы болғанын, сол сияқты көрші
елдермен экономикалық мəдени жəне саяси қарым-қатынас жасап, қалалар салған»- дейді.
Бірақ бұл тайпаларды əлі де ғалымдар бөлек халық ретінде қарастырады. Сондықтан
зерттеудің басты мақсаты б.з.б. VIII-ІV ғғ. Орта Азиядан бастап Қара теңіз жағалауына
дейін өмір сүрген сақтар (скиф) мен қазақтардың генетикалық сабақтастығын
қарастырып, Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділердің қазақ хандығы орнағанға
дейінгі аралықтағы мəдениетін тұтас көрсету.
«Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан əлеуметтік-экономикалық
даму жүйесі, шаруашылық-мəдени типі. Ерте заманда еуразиялық жəне афроазиялық
аридтік аймақта жайылымдық мал шаруашылығын жетілдіру негізінде қалыптасты.
Еуразиялық ұлы даланың ежелгі көшпелілеріне сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, т.б.
жатса, түркі-моңғолдық кезеңде бұл мəдени тип əлемдік үдерістерге өзінің терең əсерін
тигізеді… Көшпелі мал шаруашылығы жүйесі шыңдалған тұрмыстық ерекшеліктері бар,
ретке келтірілген жəне едəуір дамытылған шаруашылық типін білдірді. Еуразия даласын
мекендеген көшпелі халықтардың негізгі өндірістік құралына айналған мал шаруашылығы
тамақ өнімдерін беріп қана қоймай, айырбас үшін де пайдаланылды. Көшпелілік
көшпелілердің мал жаюдың тəсілдерін жетілдіре отырып, күнделікті тұтынатын
тұрмыстық заттар мен құралдардан бастап моральдық-этикалық таным-түсініктеріне дейін
шыңдаумен болды… Қазақ мəденнетінің негізгі архетипі саналатын Көшпеліліктегі
маңызды мəселенің бірі — ондағы əлеуметтік құрылым, қоғамдық ұжымдасу
ерекшеліктері, қауымдық тұтастықтың болуы. Еуразиядағы нарықтық коғамда зат иелену
мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет аткарса, көшпелілерде туысқандық, рулық
байланыстар аса құнды болып ееептелінді. «Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті,
өз жерінің тұтастығының кепілі жəне көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға
болмайтындығын мойындау болды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игеруі, танып түсінуі
нəтижесінде көшіп-қонып, табиғаттың колайлы белдеулерінде орналаса отырып, мəдениет
пен климат ерекшеліктерін ұтымды қолдана білген. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан
бері маусымдық жайылымдар пайдаланылған. Жауын-шашыны молырақ Арканың
теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді жұрт ең
алдымен жайлау, ал шығыс жəне ортаңғы аймақты қыстау ретінде пайдаланып келген.
Көктеу мен күзеу мал қыстайтын жерлерге тікелей жалғасып жатқан. Қалыптаскан дəстүр
бойынша маусымдык жайылымдардың рулар арасында бөліске түскенімен мал қыстайтын
жерлерден басқасын елдің бəрі бірдей пайдаланған. Қатал даланың табиғатын танып
түсіну, оның ішкі заңдылыктарын терең білу, болжай білу — мұның бəрі көшпелілер
мəдениетінің маңызды жақтарын көрсетеді. «Құрғақ даланы, — дейді ағылшын
тарихшысы, социолог А. Дж. Тойнби (1889-1975), — тек бақташы ғана меңгере алады,
бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай
жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік жəне парасаттылық қасиеттерді
калыптастырады.» Малшылык егіншіліктен көрі күрделілеу, өйткені дихан табиғат
өнімдерін тікелей тұтынса, көшпелілерде мал табиғи өсімдіктерді өңдейтін механизм
тəрізді. Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылык, жоғары интуициялық кабілеттері
жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікпен үйлесімді дамыған мəдениет
адам мен табиғаттың арасында нəзік үндестікті білдіретін дəнекер кызметін атқарды.
Көшпелі коғамның тіршілік етуінің көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы болуы
олардың дүниетанымына шешуші əсер етті. Көшпелілер мəдениетінің ажырамас бөлігі —
«əлем» жəне «адам» түсініктеріне негізделіп дамыған дүниетаным жүйесі болды.
Табиғатты игеру жəне адамдардың практикалық іс-əрекетін бейнелейтін алуан түрлі
дəстүрлі əдет-ғұрыптар, əпсаналар, қарапайым түсініктерді тудырды. Ертедегі көшпелілер
дүние танымынын негізі — көк аспан , шексіз əлем болса, сол көк аспан мен шексіз
əлемнің кұдіретті жаратушысы-көктегі Күн. Көшпелі өмір, төрт түлік мал, Жер-ана
барлығы 
жинала 
келе 
көшпелілердің 
материалдық 
игілігін, 
дүниетанымын
қалыптастырып, төл мəдениетін жасады. Уакыт пен кеңістікті игеру аркылы Көшпелілікке
тəн əрі тұрмыска қажетті алғашкы астрономиялық ғарыштық талғам-түсініктер орнықты.
Көшпелі өмір салты жас буынға тəлім-тəрбие берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге
əкеліп, жас адамның ел-жұртқа жағымды моральдық-психологиялық нормаларын
белгіледі. Көшпелі өмір тіршілігіне сай қара күшке мығым, киыншылыкка төзімді,
күбылмалы табиғат жағдайына тез икемделгіш, ат үстіндегі алыс сапарларды қайыспай
көтеретін дала перзенттері, жан-жүйесі жагынан да шыңдалған, қоғаммен үйлесімдігі,
қауыммеи етене жакын жан-жакты жетілген адамдар калыптасты. Дала көшпелілерінің
акынжанды болуы, ой-қиялының жүйрік болып келетіні көшпелі тіршіліктің аркасы еді.
Көшпелілердің сан ғасырларға созылған тарихи-əлеуметтік дамуы барысында


материалдық жəне рухани игіліктер жинакталып, көшпенділердің болмыс-бітімінің,
рухани өрісінің кеңдігін, өмірлік арман-тілектері мен дүниеге талғам-түсініктерін ашып
бейнеледі. Ғылыми негізделген дəйектер көшпенділіктің адамзат тарихында елеулі рөл
атқарғандығын дəледейді. Қазіргі уақытта көшпеліліктің отырыкшы өркениет елдерінің
шаруашылығынан, мемлекеттік атрибуттары мен қоғамдық билік жүйесінен, мəдени
бітімінен ешбір кем емес екендігі дəлелденіп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет