Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен
жерге жеке
меншіктің
пайда
болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-
салық, жазу-сызудың болуы таптық
қоғам
мен мемлекеттің
пайда
болуын туғызды. Түркі
əлемінің, оның ішінде Қазақ елінің əлемдік тарихтағы орны қандай? Ю.Худяков
айтқандай, көнетүркілік этнос пен мəдениеттің өмір сүруінің аяқталуы жəне көнетүркілік
мұраның өзге көшпелі этностардың мəдениеттерінде сақталып қалынуы ерте жəне
дамыған орта ғасырларға тура келеді.
Э.Тайлордың өркениетке берген анықтамасы бойынша, оны жекеленген адам мен бүтін
бір басты қоғамды жоғары бір деңгейде ұйымдастыру арқылы
олардың ізгіліктілігі мен
қуатын күшейтуге, бақытты өмір сүруіне жəрдемдесу мақсатында, жалпы адамзат тегін
жетілдіруге қаратылған іс-əрекет деп білу керек. Бұл ретте түркі өркениеті туралы
деректерді сөйлетер болсақ, ең басты назар аударар жəйт, олар – алғашқы бастаулар. Бұл
жөнінде Джеймс Джордж Фрезер былай деп жазады: "В конечном счете мы не так уж
отличиемся от этих первобытных людей, и многим из того истинного и полезного, что так
бережно сохраняем, мы обязаны нашим грубым предкам, накопившим и передавшим нам
по наследству фундаментальные представления, которые мы склонны рассматривать как
нечто самобытное и интуитивно данное. Мы как бы являемся наследниками состояния,
которое переходило из рук в руки столько раз, что изгладилась память о тех, кто заложил
его
основание, поэтому нынешние обладатели читают его своим изначальным и
неотьемлемым достоянием. Более глубокое исследование должно убедить нас в том, что
большей частью этого состояния мы обязаны своим предшественникам” Шығыс
халықтарының өркениетін батыл айтып жүрген ғалымдар баршылық. Мысалы, орыстың
атақты археологы Л.П.Окладниковтың еңбектерінде Түркі халықтарының Батыс Сібір
цивилизациясын атайды.
«Древняя тюркская Сибирь - деп жазады академик Л.П.Окладников, -
оказаласьтеснее связанной с западом, чем с востоком. Её культура много богаче и ярче,
чем можно было полагать ранее.
У берегов Байкала, на Ангаре, Лене сходились и расходились пути древних культур
Востока и Запада, существовали мощные по тем временам самобытные культурные очаги,
без которых история Евразии не может быть полностью понятой. Как мы видим по
находкам от крепостей тюрков в Прибайкалье
ведет их путь на Дон и на
Дунай». Л.Н.Гумилев «Көшпенділер мəдениеті өзінің 3000 жылдық ғұмырында Жерорта
теңізі мен Қиыр Шығыс елдеріне қарағанда творчестволық эволюцияны бастан өткерді»-
деп санайды. Евразия сахарасындағы бұл көшпелілер өркениетін б.з.д. XI ғасырдан
бастап, б.з. XVIII ғасырына дейін жеткізеді.
Л.Н.Гумилев дүниенің төрт жағын бірдей жайлаған жер кіндігі Орта Азия, одан
қалды Византия, Персияны, Үндімен, Қытаймен қосатын, шын мəнінде Шығыс пен Батыс
тоғысатын түркі əлемінің шынайы тарихын көрсетуді мақсат етті. тəнті
болды. А.Сейдімбек сын қазақ ғалымдары Ұлы империяның Гумилевтің пассионарлық
теориясын жазуға негіз болғандығынжазған еді. «Көшпенлілер өркениеті» деген ұғымды
Ə.Марғұлан, К.Акишев, К.Байпақов сияқты археолог ғалымдар көбірек пайдаланады.
«Көшпенлілер қоғамы» деген терминді С.Толыбеков, Д.Кішібеков сияқты ғалымдар
ғылыми айналымға енгізді. Сонымен бірге соңғы кезде қазақ сахарасында Дала өркениеті
болды»- деген пікірлер де орныға бастады.
А.Тойнби өркениетті табиғи ортамен байланыстырып, Қытай, Үнді өркениетін
континентальды деп атағаны белгілі. Еуразия кеңістігіндегі
өркениет осы тұрғыдан
қарағанда Дала өркениеті болып табылады. Мұрад Аджи «И как бы не называли эту
культуру – половецкая, печенежская, булгарская или иная, -корень её был один, потому что
степи на одном языке – на тюркском. Жили под одним культурным традициям – по
тюркским. Исповедовали одни духовные ценности – тюркские» - деп жазған еді.
«Дала» философиялық мəнге ие ұғым. Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ
сахарасы əрі далалы, əрі таулы, əрі өзен-сулы, нулы өркениет. Бұл географиялық аймақта
этномəдени тұтастық қалыптасты, славян, финноугор, үндіарийлік, түркі тетес тайпалар
өзара əлеуметтік-экономикалық процестер барысында өзара ықпалдасқанымен, түркі
өркениеті басым болды. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың аяғына
таман – жылқы қолға үйретілді. Салт атты көшпелілер далалық өркениеттің қозғаушы
кұші болды. Оны археологиялық қазбалар дəлелдейді. Сайын далада Қытай-парсы, Үнді,
Араб өркениеттерімен, барлық əлемдік діндер тоғысты.
Шаманизм, тəңірге табыну, зердеш,
пұтқа табыну, христиан, манихейлік, ислам –рухани
өмірдің қазығы болды.
Достарыңызбен бөлісу: