Мəдениеттану пəні дəрістер №1 Тақырыбы: МƏдениет ұҒымы жəне қҰрылымы жоспар



Pdf көрінісі
бет2/22
Дата25.03.2024
өлшемі2.27 Mb.
#496458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Снимок экрана 2024—03—07 в 16.35.06

Адамдарды қалыптастыру қызметі. Бұл – мəдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына
жинақтайтын жəне оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды əлде құдай, əлде
табиғат, əлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сəл көтерілсек, адам мəдениетті, ал мəдениет адамды
қалыптастырғанына көзіміз жетеді. “Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті” (С.
Мырзалин, Ə. Əлпейісов. Қоғам жəне мəдениет. Алматы, 1992, 14-бет). Маугли – көркем бейне. Жануарлар
арасында кездейсоқ өскен адам мəдениеттік қасиеттерден жұрдай болады. Адамға ең қиыны - адам болу. Ал
оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, əділеттілік пен
өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның
нəтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мəдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы
алғанда, мəдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік
мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.
Жалғастық, мəдениет мұрагерлік қызметі. Мəдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
берілетін бүкіл адамдық өмір тəсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Ақпараттық (информациялық)
беріліс əлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мəнісінде қоғамда
ұрпақтар жалғастығы мəдени мұраларды игеру, қабылдау жəне оны шығармашылықпен дамыту арқылы
жүзеге асады.
Мəдени ақпараттар – салт-дəстүр, əдет-ғұрып, рəсім-рəміз, діл мен тіл, дін жəне өнер, білім т.б.
руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нəтижесінде мəдениет субъектісінің өзіндік санасының
жанды буынына айналады.
Танымдық қызметі. Мəдениеттің қоғамдағы бұл қызмет–міндетінің сан алуан қыры бар. Бірден
біздің назарамызды өзіне аударатын нəрсе – мəдениет пен білімнің арақатынасы. “Табиғаттан қулығын
асырып жіберуге” (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, əрине мəдениеттің негізгі құрамдас бөлігіне
жатады. Ертедегі гректің «пайдейяң, ислам Өркендеуіндегі «маарифң, қазіргі өркениеттегі
«интелигенттілікң ұғымдары мəдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді.ң Осы
сипатта, əсіресе зиялылар мəдениетті сақтау жəне дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. Білімділік –
мəдениеттіліктің маңызды алғы шарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық,
белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық əрекет
мəдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мəдениеті бар өркениет ғылым мен
техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады.Егер біз ғылым арқылы шындықты
ашсақ, өнер арқылы əсемдікке ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы – жақсылық пен жамандықты
айырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет