Н.Я. Данилевскийдің мәдениеттер типологиясы.
Н.Я. Данилевский локалды «мәдени- тарихи типтер» ілімін құрастырды. Және бұл типтер өз дамуында туындау, құлдырау, гүлдену және жойылу кезеңдерінен өтеді делінеді. Алайда Н.Я. Данилевскийдің көрнеккті жетістігіне мәдениеттер типологиясын жүзеге асыра отырып алғашқыларыдң бірі болып, мәдениеттер жіктемесінде мәдениеттің әрекетшіл табиғаты тұрғысынан келгені жатады. Қалыптасқан, әсіресе, қазіргі деңгейге дейін жеткен адамның әрекеті біртекті болмағандықтан, осыны жақсы түсіне отырып, оның түрлі типтерге жіктелетіндігіне, жүзеге асатынына ол басты назар аударды.
Н.Я. Данилевский төрт түбегейлі әрекет түрлерін атап өтеді:
Ол, біріншіден, өзінің құдайға қатынасын қамтитын діни әрекетті бөліп көрсетеді, оның пікірінше, ол адамгершілік және кез келген басқа әрекеттің негізінде жатыр.
Әлдебір дербес түр ретінде құрастырылған әрекеттің басқа түрі- бұл, Н.Я. Данилевскийдің өзінің айтуы бойынша, адамның сыртқы дүниеге қатынасын қамтитын және теориялық- ғылыми, эстетикалық- көркем, техникалық өнеркәсіптік формаларда жүзеге асатын мәдени әрекеттің өзі.
Н.Я. Данилевский бөліп көрсеткен дербес әрекеттің үшінші түрі – бұл өзіне қалай ішкі, солай сыртқы сан- сатты енгізетін саяси әрекет.
Ақырында әрекеттің төртінші дербес түрі – нәтижесінде белгілі бір экономикалық қатынастар мен жүйелер құрастырылатын экономикалық әрекет.
Бірінші типті дайын сатылардан соң ілескен және әрекеттің бір түрі негізінен айқын және толық көрініс табатын бірнегізді мәдениеттерқұрастырады. Мәдениеттердің осындай типіне, оның пікірінше, діни- дүниетанымдық әрекет басым болған, християндық негізгі қалаған, монтеистік дінді әлемге әкелген, еврейлік мәдениетті жатқызады. Мәдениеттің бұл бірнегізді типіне ол өзіндік мәдени әрекетті жүзеге асырған, жетекші әрекет ретінде өнер мен философия көрініс тапқан грек мәдениетін жатқызады.
Сонан соң қоснегізді мәдениеттер ілеседі, Бұд типке ол герман-раналдық немесе еуропалық мәдениетті жатқызады. Оны ол саяси- мәдени тип деп атайды, себебі әрекеттің осы екі түрі- саяси және жеке мәдени – оның сенімділігі бойынша, еуропалық халықтардың бүкіл шығармашылық әрекетінің негізі болады.Н.Я. Данилевскийдің пайымдауынша, мәдениет бағдары үшінші- төртіншімізді типке орай бұрылған. Бұл тип, оның айтуынша, тек енді ғана қалыптасып келеді, бірақ ол- болашақтық. Бұл Н.Я. Данилевскийдің ойы бойынша, адамзат мәдениеті тарихындағы, барлық төрт әрекет түрлері үйлесімді дамитын, соған сай құндылықтардың негізгі түрлерін шын сенімді,
саяси дәне экономикалық әділдікті, еркіндікті ғылымды, ақиқат пен өнерді үйлесімді сәйкестендіретін рекше тип болып табылады, Н.Я. Данилевский осындай тип ретінде, егер ол еуропалықтапрдан дайын үргілерді алуға бейімделіп кетпесе, славияндық мәдени тип қалыптаса алады дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |