Мәдениеттану тарихы ғылыми пән ретінде


Рухани және материалды мәдениет



бет5/52
Дата01.04.2024
өлшемі212.9 Kb.
#497238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Культ Билеты-ответы

5.Рухани және материалды мәдениет.
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
*мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
*мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ мәдениеті және тағы басқалары;
*мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениетіқұқық мәдениеті және тағы басқалары);
*агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және тағы басқалары).
Материалдық мәдениет өзіне шаруашылық және экономикалық мәдениетті қосады. Кез-келген мәдениет көп қырлы және көп жүзді, оның мазмұны әр түрлі түрлермен көмкерілген. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарда бұл әр алуандылық адамзат қарекетінің түрлерінің негізінде жиірек құрылымданады, кейде оларды мәдениеттің шығармашылық өрістері деп атайды.
Адамдар тұрақты түрде өз биологиялық қажеттіліктерінен тыс өздері үшін өз қарекеттерінде жаңа мақсаттар жасайды, бірақ биологиялық жан иесі болып қала береді. Сол себептен, оның өмір қарекеттерінің мақсаттары бір жағынан биологиялық, екінші жағынан биологиялықтан тыс сипатқа ие болады. Ғылымда бұл мақсаттардың екі түрін материалдық және рухани деп бөлу қабылданған. Осы мақсаттарға сәйкес адамдар мәдениеттің материалдық және рухани құндылықтар түрлерін жасайды, нәтижесінде мәдениеттің материалдық және рухани өрістері пайда болады.
Рухани мәдениет” деген ұғым қоғамның ғылымда, өнерде, мемлекеттік және қоғамдық өмір мен құқықтарда қол жеткен жайларды қамтиды. Рухани мәдениет материалдық өмір жағдайының бейнесі болып табылады, оның мазмұны мен сипатын қоғамның экономикалық құрылысы белгілейді. Ұлттардың тууы мен дамуына сәйкес мәдениет ұлттық формада дамиды.
Адамзат дамуының қазіргі кезеңнің ең жоғарғы сатысы болып табылатын өркениет мәдениеті өткен заманның озық мәдениетінің табыстарын қорытады және дамытады. Бұл мәдениеттің идеялық мазмұны және негізі – дүниеге ғылыми көзқарас. Бұл мәдениет қоғам мүшелерін адамгершілік рухында тәрбиелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет