Мәдениеттану тарихы ғылыми пән ретінде


Қоғам дамуының өркениеттілік,формациялық концепциялары



бет4/52
Дата01.04.2024
өлшемі212.9 Kb.
#497238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Культ Билеты-ответы

4.Қоғам дамуының өркениеттілік,формациялық концепциялары
Қоғам дегеніміз адамдардың алуан түрлі сапалы іс әрекеті мен қызметінің нәтижесінде жай адамдар бірлігі. Адамдар қоғамда өмір сүріп әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі. Адамзат қоғамы табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болады. Адамзат қоғамы әлемдегі барлық тірі жүйенің ең жоғарғы сапалы даму дәрежесінің көрсеткіші. Ең, маңызды үлесiн қоғам түсiнiгiне қосқан К.Маркс болып табылады. Оның пiкiрiнше, қоғам организмiнде бiртұтас материалды негiз бар (материалды игiлiктердi өндiру тәсiлдерi) және ол адамдар тiршiлiк ету барысында кiретiн, қоғамдық қатынастар жиынтығы болып табылады. Маркс қ.э.ф. туралы ұғымды қалыптастырды, мұнда қоғам дамуының нақты кезенiнде қалыптасатың материалды және рухани жақтарының бiрлiгi орын алады. Бұл iлiм бойынша, қоғам тарихында антогонистiк (құлиеленушiлiк, феодалдық, капиталистiк) және антогонистiк емес (алғашқа қауымдық құрылыс, коммунистiк) формациялар болады. Олардың әрқайсысы меншiк формасымен айрықшаланады, бiр формацияның келесi формациямен ауысуы қоғам дамуының негiзi. Сонымен қатар, К.Маркстің теориясындағы тарихи үрдістегі революцияның, зорлық-зомбылықтың рөлін асыра көрсетуі – сол кезде болған әлеуметтік-саяси ақуалдан, содан ашынудан шықса керек. Қандай ұлы адам болғанымен, бұл тұлға да өз заманының ұлы болғанын айтып кету қажет. Олай болса, ол да қателескен. Бүгінгі заманның шыңынан тарихқа көз жіберсек, бірде-бір тарихтағы болған революцияның алдына қойған мақсат-мұраттарына жетпегенін, керісінше, миллиондаған адамдарды қайғы-қасіретке, адам шошынарлық қантөгіске әкелгенін көреміз. Тарихи үрдістен шығатын бүгінгі адамзаттың көзі жеткен тұжырымы - қоғамды күнбе-күнгі қажымас еңбек, өзара келісімге келу, қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу арқылы даму болмақ.
Бүгінгі таңдағы қоғамды зерттеудің кең тараған әдістемесі – цивилизациялық талдау. Оның негізгі үлгісі ХХ ғасырдың 60-ж.ж. аяғында жасалған болатын. Осы кезде К.Маркстің жасаған формациялық теориясына қанағаттанбаушылық байқалды. Ал К.Маркстің формациялық теориясы бойынша, социализм капиталистік қоғамның жеткен жетістіктерін басып озып, одан да гөрі асқан өндіргіш күштерді тудыруы керек еді. Осы ақуалды ескере отырып Д.Бэлл, Р.Арон, У.Ростоу сияқты Батыс ойшылдары К.Маркстің коммунизм теориясын “утопиялық, ешқашанда өмірге келмейтін сағым” ретінде қарап, олай болса қоғамды талдаудағы жаңа әдістеменің керек екенін алға тартты. Сондықтан, Батыс әлеуметтік философиясында формациялық талдаудың орнына цивилизациялық сараптау жолы келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет