«Мәдениетте кәсіпкерлік және продюсерлеу» пәні бойынша практикалық сабағын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау



бет13/32
Дата27.03.2023
өлшемі3.46 Mb.
#471158
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Мәдениетте кәсіпкерлік және продюсерлеу практ саб ор ар ә н(2)

Білім беру ортасы: жалпы білім беру мекемелері; жоғары және орта арнайы оқу орындары және т. б. бүгінгі күні жеке білім беру жүйесі (жеке мектептердің, жоғары оқу орындарының, курстардың, тренингтердің және т.б. пайда болуы). Сондай-ақ, көркем білім беру, жаңа бастаған таланттарды қолдау және жылжыту, көркем шығармашылық конкурстарын өткізу және т.б.
Туризм индустриясы: Турфирмалар; орналастыру кәсіпорындары; рекреациялық базалар; туристерге қызмет көрсетуге маманданған көлік кәсіпорындары; туризм үшін тауарлар өндіретін кәсіпорындар.
Спорт: спорт базалары, гимнастикалық және спорт клубтары, спорт қауымдастықтары, спорт жабдықтарын сату, фитнесс клубтары, бассейндер және басқа да бизнес бағыттары. Жоғары деңгейдегі спортшыларды саудалау, кейбір спорт түрлерінің айналасындағы дүрлікпе (ажиотаж), фанат қозғалыстарын қолдау – спорт индустриясындағы бизнестің ерекшеліктері. Қазіргі уақытта спорт шоуға айналды және кәсіпкерліктің тартымды бағыты болып табылады.
Ойын-сауық индустриясы: мәдениет және өнер мекемелері (театрлар, мұражайлар, музыкалық топтар, антрепренерлік және концерттік ұйымдар), дискотекалар, ойыншылар, көрмелер мен жәрмеңкелер, клуб типтес ұйымдар және т. б.
Көрсетілімдік мәдени іс-шаралар саласындағы кәсіпкерлікті "шоу-бизнес"деп атайды. Шоу-бизнеске музыкалық эстрада, киноиндустрия, ойын-сауық спорттық жарыстар, ойын-сауық телехабарлар, конкурстар, музыкалық радиохабар, фильмдерді, фонограммаларды және аудиовизуалды өнімдерді шығару және тираждау, актерлердің, әншілердің эстрадалық топтық және жеке сөз сөйлеулерін коммерциялық ұйымдастыру, авторлық және сабақтас құқықтарды сату, музыкалық және бейне клиптер, жарнама жасау және т.б. жатады. Мәдениеттегі қазіргі заманғы кәсіпкерлік бағыттарының бірі көркем орталықтар (арт-орталықтар, өнер орталықтары) – өнер практикасын көтермелеуге және әр түрлі қызметтерді қамтамасыз етуге арналған функционалдық қоғамдық орталықтар болып саналады. Көркем орталықтар көрмелерге, суретшілердің жұмыстары мен семинарлар өткізуге арналған орын ұсынады, білім беру қызметтерін көрсетеді, техникалық жабдықтар мен т.б. ұсынады.





.


2016 жылы құрылған құрылған «і» отбалық инклюзив-театры. Белорусь мемлекеті. Минск қаласы. Республикалық кәсіподақтар мәдениет сарайы. Федор Достоевскийдің «Мальчик у Христа на ёлке» әңгімесі желісі бойынша қойылған «Аднойчы ў вялізным горадзе» спектаклінен үзінді суреттер.


Тапсырмалар:

  1. Мәдениет саласы мен кәсіпкерлікті байланыстыру

  2. Кәсіпкерлікпен айналысудағы мәдениет саласының маңызына тоқталу

  3. Өнер түрлерін мәдени өнімге айналдыру жолдарын анықтау

  4. Еліміздегі өнер нарығына қысқаша шолу жасау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет