«Мәдениетте кәсіпкерлік және продюсерлеу» пәні бойынша практикалық сабағын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау


Практикалық тапсырмалар орындау кезінде студенттер төменде көрсетілгендерді меңгерулері керек



бет16/32
Дата27.03.2023
өлшемі3.46 Mb.
#471158
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
Мәдениетте кәсіпкерлік және продюсерлеу практ саб ор ар ә н(2)

Практикалық тапсырмалар орындау кезінде студенттер төменде көрсетілгендерді меңгерулері керек
Шоу бизнес терминін ашу, тарихына мәдениеттанулық экскурс жасау, қазіргі кездегі ұйымдастырылу технологияларымен танысу.


5-Тақырып. Шоу-бизнес саласындағы басқару.
Мақсаты: Менеджмент, шоу-бизнестегі менеджмент, заманауи өнер түрлерін ұйымдастырудың, басқарудың тәртібімен танысу.
Міндеті: Шоу бизнес жайлы толық түсінікті бекіту, менеджмент, шоу-бизнестегі менеджменттің практикалық жағын қарастыру, өнер түрлерін ұйымдастыруды байқау.
Сабақты жүргізу тәртібі: пікірталас


Қысқаша теориялық мағлұматтама
Қазіргі уақытта шоу-бизнес – бұл көптеген миллиардтаған табыс әкелетін әлемдік экономиканың ірі және тез дамып келе жатқан саласы. Әлемнің дамыған елдеріндегі шоу-бизнестің тартымдылығы мен табыстылығы тұтастай алғанда қызмет көрсету саласының жылдам кеңеюіне, халықтың ойын-сауық индустриясы қызметтеріне деген өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне, ғылыми-техникалық прогресс пен технологиялардың қарқынды дамуына, рыноктардың жаһандануына байланысты.
Кез келген жобаны ұйымдастыруды басқару шешімдерін – менеджмент қамтамасыз етеді. Менеджмент-бұл басқа адамдардың білімі мен іскерлігін пайдалана отырып, ұйымның мақсатын қалыптастыру және қол жеткізу үшін жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау процесі.
Шоу-бизнес менеджменті – бұл көркемдік құндылықтарды құру процесін басқару функциясын жүзеге асыруға көмектесетін білім саласы. Шоу-бизнесте жұмыс істейтін авторлардың, режиссерлердің, орындаушылардың және т.б. шығармашылық қызметінің нәтижелерін мәдени қызмет көрсету нарығына жылжыту. "Ұйым" - бұл термин менеджмент теориясындағы жетекші ұғымдардың бірі болып табылады. Ұйым (фирма, концерн, бірлестік және т.б.) қызметі жалпы мақсатқа жету үшін саналы түрде үйлестірілетін адамдар тобы ретінде қарастырылады.
Шоу-бизнеске қатысты маркетинг-менеджер ұжым немесе орындаушы болашақта жұмыс істеуі мүмкін аймақтың қызығушылықтарын зерттейді, белгілі бір әртістерге немесе топтарға деген сұранысты, көркем өнімге тапсырысты (шоу-бағдарламалар, дискілер және т.б.) анықтайды, техникалық безендіру (жарық, дыбыс) жасап бұл өнімді орындаушылық нарыққа, мәдени қызмет көрсету нарығына алдын ала әртүрлі құралдармен (баспа, радио, теледидар, презентациялар) жарнамалап, алға жылжытады.


Тапсырмалар:

  1. Менеджмент тақырыбында мазмұндама жазу

  2. Шоу-бизнестегі менеджменттің ерекшелігін анықтаңыз

  3. Шоу-бизнестегі маркетингтік зерттеулердің жүргізілуін суреттеңіз?

  4. Қазақстандағы шоу-бизнестің жағдайына қысқаша шолу жасаңыз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет