«Мәдениетте кәсіпкерлік және продюсерлеу» пәні бойынша практикалық сабағын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау



бет17/32
Дата27.03.2023
өлшемі3.46 Mb.
#471158
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Мәдениетте кәсіпкерлік және продюсерлеу практ саб ор ар ә н(2)

Бақылау сұрақтары:

  1. Менеджмент термині нені білдіреді?

  2. Атқарушы продюсер қандай маман?

  3. Шоу-бизнестегі маркетинг деген не?

  4. Фильмнің шығарылуына идеологиялық, көркемдік және ұйымдастырушылық, қаржылық бақылауды жүзеге асыратын кім?

  5. Заманауи өнер түрлерін ұйымдастыруды басқарудың тәртібіне тоқталыңыз?

  6. Шоу-бизнестегі маркетингтік зерттеулер қалай жүргізіледі?



Студенттің өзіндік жұмысына тапсырма:

  1. Менеджмент, шоу-бизнестегі менеджмент туралы түсінік қалыптастыру

  2. Замануи өнер түрлерін ұйымдастырудың, басқарудың тәртібі жайлы конспект жазу

  3. Отандық теле-шоу бағдарламаның біріне жазбаша талдау жасау



Практикалық тапсырмалар орындау кезінде студенттер төменде көрсетілгендерді меңгерулері керек
Басқару жайлы түсінік қалыптастыру, менеджменттің шоу-бизнес саласындағы ерекшеліктерін анықтау, дайын шығармашылық жобаны талдау арқылы шоу-бизнестегі басқарудың теориялық жағын прақтикада қолдануға дағдылану.


6-Тақырып. Шоу-бизнес саласындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру
Мақсаты: Шоу-бизнес саласындағы кәсіпкерлік, бағыттары, ұйымдастырылуы жайлы түсіну.
Міндеті: шоу-бизнес саласындағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың, басқарудың механизміне, шоу-бизнес саласындағы кәсіпкерліктің негізгі бағыттарына талдау жасау
Сабақты жүргізу тәртібі: пікірталас


Қысқаша теориялық мағлұматтама
Шоу-бизнестегі кәсіпкерлік қызмет – бұл ойын-сауық индустриясында көркем-шығармашылық өнім жасау және табыс табу мақсатында оны нарыққа жылжыту. Көркем-шығармашылық өнімдер деп шоу-бағдарламалар, концерттер, фестивальдер, конкурстар, клубтық кештер, ойын - сауық және ойын бағдарламалары, теле-және радиобағдарламалар, мамандандырылған газеттер мен журналдар, кітаптар, концерндік-ойын-сауық іс-шараларына арналған техникалық жабдықтар (жарық, дыбыс, сценография және т. б.), музыкалық аспаптар мен т.б. лар түсініледі.
Шоу-бизнестегі кәсіпкерлік бірқатар бағыттарды қамтиды, олардың ішінде ең басымдары:
Әртістік менеджмент – талантты орындаушыларды табу, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, олардың шығармашылық процесін ұйымдастыру, концерттік-гастрольдік жұмысты өткізу, әкімшілік-шығармашылық жұмыс.
Жоғары көркемдік нәтижеге қол жеткізу және мәдени қызмет көрсету нарығына шығу әртістердің жеке-психологиялық ерекшеліктерін және қазіргі заманғы эстрадалық өнердің даму заңдылықтарын есепке алу кезінде ғана мүмкін болады;
Көріністік мәдени іс-шаралар – музыкалық фестивальдар, концерттер, конкурстар, театрландырылған қойылымдар, мерекелер, карнавалдар және басқа да ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастыру;
Дыбыс жазу – сату және пайда алу үшін музыкалық өнім өндіру;
Аудиовизуалды шығармаларды (кинофильмдер мен бейнефильмдерді) шығару және сатылымын ілгерілету шығармашылық және жеке қызметтің қорытпасына жатады.
Аудиовизуалды шығармаларға техникалық құралдардың көмегімен дайындалған көру және есту арқылы (дыбыспен сүйемелденген жағдайда) қабылдауға арналған, бір-бірімен байланысты кадрлардың сериясынан (дыбыспен сүйемелденген немесе сүйемелдеусіз) тұратын туындылар жатады. Шоу-бизнестегі кәсіпкерлік қызметтің осы бағытына бейне клиптер жасау жатады.
Бейнеклип – бұл әртіс басты рөлді ойнайтын бейнефильм.


Тапсырмалар:

  1. Шоу-бизнес ұйымдастыру жайлы түсінік қалыптастыру

  2. Шоу-бизнестің бағыттарын талдау

  3. Көркем-шығармашылық өнімді нарыққа шығару жолдарын анықтау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет