6
3 – бағыт
Тақырыбы: «Жақсылыққа жетелейтін жандар»
Мақсатты аудитория:
Ата-аналар мен қауіп-қатерге тап болған балалар.
Акторлар: Медиаторлар, психологтер, сондай-ақ өңірлік білім беру, Денсаулық сақтау басқармалары, даму орталықтары, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары, ИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталықтары, сондай-ақ ҮЕҰ тарапынан ұйымдастырушылық қолдау көрсете отырып, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың мүшелерін тарта отырып, әлеуметтік бейімделген, мәдени және рухани тұлғаны қалыптастыратын әйелдер.
Іске асыру форматы мен тетігі:
Кәсіби мамандардың қатысуымен оқу орындары, білім беру орталықтары мен денсаулық сақтау мекемелері базасында бекітілген кестеге сәйкес репродуктивті денсаулықтың, контрацепцияның, отбасын жоспарлаудың, АИТВ инфекциясының және басқа да инфекциялардың, маскүнемдіктің, нашақорлықтың және темекі шегудің алдын алу, дұрыс тамақтану, тұлғааралық және балалар мен ата-аналар қарым-қатынасының алдын алуы бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған дөңгелек үстелдер, пікірталас алаңдары нысанындағы кездесулер сериясын, сондай-ақ ми шабуылы форматындағы Workshop-пен іс-шаралар кешенін өткізу, стресс пен депрессиялық жағдайлардың алдын-алу.
7
4 – бағыт
Күтілетін нәтижелер
- жас ұрпақты тәрбиелеу арқылы қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтарды арттыру;
- үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу және қалыптастыру процесінде басты элементтер ретінде әйелдер мен аналардың зияткерлік және рухани дамуына ықпал ету;
- әйелдер мен аналардың қоғамдық, мәдени, саяси өмірге қатысуы шеңберін кеңейту;
- толерантты, жауапты тұлғаны тәрбиелеудегі ана рөлінің маңыздылығын арттыру;
- аналарды этносаралық бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтау жөніндегі жұмысқа тарту.
8
и
Бірінші кезең: 2022 жылғы наурыз
- Дайындық кезеңі: Облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары деңгейінде бекіту кеңестерін өткізу, жобаны іске асырудың жол карталарын қалыптастыру, іс-шараларды өткізу кестелерін дайындау және мүдделі мемлекеттік органдармен келісу, сондай-ақ басқа да ұйымдастыру мәселелерін пысықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |