4
Тақырып: «Бақытты ана – бақытты отбасы»
Мақсатты аудитория:
Әр түрлі санаттағы әйелдер мен аналар, әр түрлі жастағы және әр санаттағы жастар.
Акторлар:
Қоғамдық өмірге белсене араласқан аналар, ҚХА Аналар кеңестері, өңірлік жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар басқармалары тарапынан ұйымдастырылған қолдаумен әйелдер істері және
отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың мүшелері, «Бақытты отбасы»
аналарды қолдау орталықтары, «Атамекен» ҰКП және ҮЕҰ филиалдары.
Іске асыру форматы мен тетігі:
Іскер әйелдер мен табысты аналар қауымдастығының қатысуымен кәсіби даярлау және қайта даярлау орталықтары базасында бекітілген кестеге сәйкес іс-шаралар кешенін, нақты әлеуметтік нәтижеге қол жеткізе отырып, жеке-іскерлік қасиеттер мен кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған мотивациялық кездесулер, жеке өсу бойынша мастер-кластар, тренингтер мен семинарлар және коуч-сессиялар сериясын өткізу.
5
2 – бағыт
Тақырып: «Тұғырлы отбасы – бақытты балалық шақтың бастауы»
Мақсатты аудитория:
Консультациялық және құқықтық көмек көрсетуді, қазақстандық заңнаманың, мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың, сондай-ақ бизнес пен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламалардың нормаларын түсіндіруді талап ететін отбасылар, аналар, жастар.
Акторлар:
ҚХА Аналар кеңестері әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссия мүшелерімен бірлесіп, мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық қолдауымен заңгерлер, медиаторлар және ҮЕҰ.
Іске асыру форматы мен тетігі:
Бекітілген кестеге сәйкес, оның ішінде жұмыс істеп тұрған құқықтық ақпараттандыру кабинеттері базасында заңгерлердің қатысуымен қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша консультациялар мен жеке қабылдаулар өткізу, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда консультациялық және практикалық заң көмегін көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |