342
қарау, бірегейленудің екі деңгейі бар деу (азаматтық-саяси жəне қазақтық-
ұлттық), вестернизация өрісіндегі қазақстандық төлтума мəдениетті қорғау
мəселесін айтуы – орынды.
Ұлттық мəдениеттің трансформациясының
кезеңдеріне қысқаша
тоқталсақ, онда ортағасырда əлемдік дінді қабылдауға байланысты оның
өзгеруі ізгі салдар туғызып жəне халықтың этнопсихикасына бəлендей
қайшылыққа келмей өтті. Оның себептері əртүрлі: көшпелі түркілер мен
мұсылман халықтардың əлеумет-экономикалық деңгейі арасында үлкен
айырмашылықтың
болмауы
араб,
парсылар
мен
түркілердің
этнопсихологиясында белгілі бір үйлесім болуы, т.б. Ал ең басты себебі –
ислам өркениетінің ол кезде рухани сипатта болуы, этикаға негізделуі.
Сондықтан онымен байланыс арқылы прогресс, ілгері басу анық байқалды,
шапағат келді. Философия, мистицизм,
ғылымдар, өнер, білім жедел
қарқынмен дамып, түркілер "Мұсылман ренессансына" терезесі тең жұрт
ретінде ат салысты. Бірақ, сол ислам дініне байланысты дəстүрдің
жаңаруының өзі мүлде қайшылықсыз өтті деу қиын.
Қазіргі постмодерндік қоғамдастықта тұлғаның төмендегідей қасиеттері
жоғары бағаланады: автономдық, атомарлық, жасампаздық,
еркіндік,
шығармашылық. Осындай дара тұлға үшін ең басты – "құлдық ділден“
арылу. Ол “коллектившілдік нарциссизмнің “ де мəнісін түсінеді.
Орталықсыздандырылған дискурс постмодеріндік əлеуметтік мəдениеттің
басты белгісіне жатады. Адам – негізгі капиталға айналды жəне бұл жай
айтыла салған сөз емес. Бір мысал келтірейік. Американдық ғалымдардың
санағы бойынша, ол елдегі жинақталған адам капиталы 45 трлн. долларды
құрайды екен. Бүкіл АҚШ корпорацияларының табысы 1985 жылы 12 трлн.
доллардан сəл артық байлықты құрастырған екен. АҚШ университеттерінде
бір бітірушіні дайындауға 1 млн. доллардан артық қаржы жұмсалады екен.
Осыны қазіргі Қазақстан оқу орындарында əр студентке бөлінетін 5 мың
доллардай қаржымен салыстырып көріңіз. Мəдениеттанушы Б. Сатершинов
постмодеріндік əлеуметтік құрылымды жоғары бағалады. “Мəдениеттаным
үшін постиндустриалды қоғамның “постэкономикалыққа” айналуының өзі де
маңызды құбылыс болып табылады. Нарықпен реттелген бұрынғы
материалдық игіліктер мен қызметтер өндірісіне қоса “адам өндірісі”
секторы ерекше мəнге ие болды. Рухани өндіріс “адамдық ықпалға” бет
бұрып, негізгі мақсатқа жəне жетекші
компонентке айнала отырып,
доминантты рөл атқара бастады. Жеке корпоративтік жəне индустриалды-
капиталистік меншікпен қатар рухани құндылықтармен өлшенетін
интелектуалды-индивидуалдық жəне постиндустриалдық меншік қалыптаса
бастады. Өндірістік саладағы нарықтық қатынастар жаңа социомəдени
ықпалдарға жол берді: тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық жəне
əлеуметтік потенциалын, материалдық өндіріске бөлінетін шығын мен қаржы
ғылым, білім беру, əлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтауды
арттырды, олар бірте-бірте өндірістік корпорациялар
мен бизнесмендерге
емес, зерттеу мен дамудың корпорацияларына, институттар жəне
университеттерге көшеді”
Достарыңызбен бөлісу: