Мәдениеттің мақсаты негізінен адамзаттың әр ұрпағының келесі ұрпаққа өлмес те, өшпес мұра қалдыру, олай болса, аталған Батыс п



Pdf көрінісі
бет124/130
Дата17.09.2024
өлшемі3.17 Mb.
#503684
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   130
Философия Оқулық (3)

(Жарықбаев Қ., 
Алдамұратов Ә., Ғабитов Т. Әдеп негіздері. – Алматы: Мұраттас, 1997. – 153 б.). 
Философия 
іліміндегі 
дəстүр 
мен 
жаңашылдық, 
əлемдік 
супермəдениеттердің арасындағы айқын үйлесімді теңдік өте күрделі 
процеске жатады жəне оның орындалуы көп шарттарды қажет етеді. Өткенге 
оралу, өшкенді жандыру, діни қайта өрлеу, шашыраған құндылықтарды 
түгендеу, жаппай батыстандыруды есептемегеннің өзінде, белсенді 
модернизация аймағында жүреді. Мұндай құрылым ерікті де, еріксіз де 
мəдениеттің шығармашылық күйіне сүйенеді. Өйткені, құндылық жүйесі 
барынша қалыптасқан жүйе, дегенмен оның шарықтауына бөгде күштер 
ықпал етері анық. Руханият жүйесі – ескі мен жаңаның, өзімдікі мен 
өзгенікінің өзара қатынастары, оларды игеру мен жатсыну, мұралану жəне
ажырау процестері. Демек, мəдениеттің əрбір күйі бір мезет сияқты, бірақ 
бұл сəт ешқашан шектелмейді, əрі аяқталмайды. Құндылықтардың 
құнсыздануы, Батыс мəдениетінің қазіргі қайшылықтары адамның болмыс 
ерекшелігінің шексіздігін көрсетеді. Оның нəтижесінде тарих сахнасына 
метамəдениетпен қатар жаңа өркениеттік құрылымдар шығады. 
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы рухани үрдістер кейбір 
бағыттары өзінің табиғи болмысынан ауытқып, мимесистік (ұқсау, еліктеу) 
сипаттағы батыс мəдениетінің таратушысына айналып отыр. Бұл жас 
ұрпақтың ұлттық талғамын əлсіретеді, ұлтты дəстүрлі төл мəдениеттен бірте-
бірте ығыстыра алады. Осындай еліктеушілік ұлттық ізгілік жүйесіне, əсіресе 
жастардың сана-болмысына, қатты əсер етеді, ұлттық тəрбиеліліктің этика-
эстетикалық маңызы кемиді; кейбір қоғамдық ұйымдар бұқаралық мəдениет 


334 
элементтерін пайдалану арқылы оны қаржылық көздеріне айналдырады 
(дискотекалар, түнгі клубтар, компьютерлік ойындар, бильярд залдары т.б.). 
Мұндай келеңсіздікке жол берілуінің себептері: ұлттық талғам, қоғамдық 
мүдде ұстындарында мəдениет пен өнердегі құндылықтар жүйесін 
қалыптастыру мен саралаудың дамымағандығы; шетелдік мəдени 
ағымдардың енуі мен таралуына мəдени ұжымдар мен басқару ұйымдарының 
бақылау орнатпауы; қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың мəдени 
даму процесінен алшақтығы; эстетикалық нормалардың, сапаның 
салғырттығы, яғни, талғамның татымсыздығы, стильдің дүбəралануы; түптеп 
келгенде нағыз өнердің құлдырауы. 
Қазақ ізгілік жүйесі батыстық емес құндылықтарға: тұлғааралық 
қатынастардың түпнегізділігіне, əрекеттенуші құндылықтардың тұрақты-
лығына, рухани реттеудің салмақтылығына негізделген. Қазақ ізгілік 
жүйесіне тəн адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік, адам болмысының 
дара-лығына тəн субьект–обьект қарым-қатынастарының дамымағандығын, 
яғни адам мен табиғаттың өзара бірлігін, толықтығын, белгілі бір даралығын 
көрсетеді. 
Қазір қазақстандық қоғамды тұтас қамтып отырған жаһанданудың
ақпараттық төңкерісі адам өмірінің барлық салаларына ықпал етеді. Ұлттық 
егемендік пен ұлттық "меннен", өзіндік болмыс пен қайталанбас дəстүрлі 
мəдениеттің архетиптік құндылықтарынан ажырап қалу қауіпі нақтылы 
көрініс табады Қазіргі уақытта Батыс Еуропа жəне АҚШ-тың мəдениеттері 
өзге батыстық емес мəдениеттерге деген ықпалы зор болып отыр, оның 
себебі бірнеше факторларға байланысты: 

əлеуметтің экономикалық əл-ауқаты айтарлықтай жақсы болуы; 

адамдар арасындағы либералдылық қарым-қатынастың жақсы дамуы. 
Бірқатар Еуропа мемлекеттері жəне АҚШ индустриалды-өндірістік 
мемлекеттер болып табылады. Ал басқа батыстық емес мемлекеттер 
индустриалды-өндірістік мемлекет қатарына жатса да, бұл сала айтарлықтай 
жақсы дамымаған (Жапон елі мен Оңтүстік Корея елінен басқа), олар 
шикізатты өндіретін мемлекеттер болып табылады.
Адамзаттың 
біртұтастықты 
сезінуге 
діни, 
мəдени, 
нəсілдік, 
экономикалық əл-ауқат, саяси жүйелердің ерекшеліктері еш кедергі бола 
алмайды. Оған себеп біреу – ол бүкіл адамзат түбірінің бір екендігінде. 
Сондықтанда адамзат бір-бірін іздейді, мейлі қанды соғыс, агрессиялық 
жолмен болсын, мейлі бейбітшілдік, саудалық қарым-қатынас жолмен 
болсын бір-біріне талпынады, яғни халықтық қазақ тілімен айтқанда, «бір-
біріне қандары тартады». Осы жағдайды ескере отырып, ерте ме, кеш пе 
мега-қоғамның қалыптасуы ғажап емес. Бірақ бұл жерде бір түрлі мəдени, 
саяси, экономикалық жүйелер қалыптасып, ұлттық мəдениет мүлдем 
жойылады деп тұжырымдау дұрыс емес.
Жаһандану процесіне қарсы мемлекеттер неден қорқады? Өзіндік
мəдениеттің өкілдері экономикалық, саяси, құқықтық жəне технологиялық 
гомогенизацияның нəтижелері бұл мəдениетке кері əсері етеді деп 


335 
қауіптенеді. Яғни, бұл гомогенизация процесі дəстүрге, ізгілік жəне өмір 
сүру тəртібіне өзгерістер əкелуі мүмкін.
Адамзат баласының түбірі бір болғандықтан бір-бірін танып, 
(ортақтылығы) 
ортақтастықтары 
бар 
мега-қоғамды 
қалыптастыруға 
талпынуы ғажап құбылыс емес. Жоғарыда айтып кеткендей, алғашқы адамзат 
қауымдастығынан кейін бірнеше мың ғасыр өтті, адамзат Әлемнің əр 
түкпіріне таралып, сол жер климатына бейімделіп нəсілдік, бет əлпеттік,
физиологиялық, тілдік, ділдік жəне т.б. өзгерістерге ұшырап, өзіндік бір 
ерекшеліктерге ие болды. Яғни əр этнос, əр халық өзіндік жеке-дара 
қоғамдық институттар жүйесін құрап, эволюцияға ұшырады. Әрине, 
ескерілетін бір жағдай – халық, этнос, ұлт мəдениеттері бір-бірінен 
ерекшеленседе, олардың арасында айтарлықтай ортақ принциптер, мəдениет 
белгілері бар.
Адамзат өркениетінде өзіндік лайықты орны бар бүгінгі түркі тілдес 
халықтардың тербеліп өскен тал бесігі осынау Ұлы Дала. Бұл даланың өзіне 
ғана тəн қою тарихы бар. Ол тарих əрісі жұмыр жердің, берісі адамзат 
əулетінің шежірелі тарихымен шендесіп жатыр. Сол шежіреге ден қойсақ
адамзаттық дамудың ширақ ілгерілеуіне далалықтар ықпалының аз 
болмағанын көреміз. Евразияның Ұлы Даласында орын алған үш мың 
жылдық алашапқын арпалыс заманаларды ат үстінде салт жүріп-ақ бастан 
өткерген, санмың жылдық тарихы бар көшпелілер мəдениетінің адамзаттық 
өркениеттен алар орны ерекше. Өзгеден бөлек өзгеше тарихын, мəдени 
төлтумалылығын қалыптастыра отырып, дала кеңістігінде орын алған қазақ 
өркениетінің қадір-қасиетін осы күнге дейін жете танып, түсіндік деп айта 
алмаймыз. Ал, оны түсініп қана қоймай, жан-тəніңмен сезінудің жөні мүлде 
бөлек. Осы тұрғыдан келгенде, кешегі көшпенділердің, бүгінгі күні 
егемендігін ерулеп, тəуелсіздігін тұғырлаған қазақ халқының өткенін мақтан 
етіп, келешегін мақсат етерлік тарихи-мəдени айғақтардың жетерлік екеніне 
күмəн жоқ. Әр халықты басқа халықтан ұлылап тұратын қасиеті болатын 
болса, қазақты ұлылап тұрған, мəртебесін заман өткен сайын биікке көтеріп, 
дүние жүзіне танымал етіп отырған негізгі қасиетінің өзі, осы көшпенді 
халық болғандығында. Біз көшпенді халық болғанымызды мақтаныш етуіміз 
керек. Себебі, біздің бар ерекшелігіміз бен қадір-қасиетіміз көшпелі өмір 
салтының рухани кеңістігі мен уақыт аясында қалыптасқан. Сондықтан 
дүние жүзіндегі барлық ұлт-ұлыстардың мəдениеті, дүниетанымы, 
философиясы қалай ұлы болса, қазақ халқының тілі мен діні, үлгісі мен 
өнегесі, санасы мен сезіміде, сондай ұлы болмақ. Демек, көшпенділер 
рухының, өркениетінің биік шыңы – өзіндік төлтума мəдени болмысында. 
Әрбір ұлт – ғасырлық мəдениеттердің, яғни тіл, менталитет, салт-дəстүр, 
əдет-ғұрып, психология, тарих, т.б синтезі. Егер əлемдегі ең аз деп саналатын 
қандай да бір ұлт жойылып кететін болса, онда адамзат орны толмас 
құндылықтарын жоғалтып, кедейленіп, кішігірім құлдырауды басынан 
өткізеді. Себебі, əрбір халықтың өзіне ғана тəн мəдениеті мен өркениетін 
өзге нəрсемен алмастыру мүмкін емес. Ұлт болсын, халық болсын, үнемі 
өзінің 
қайталанбайтын 
бірегейленген 
құндылықтарымен 
адамзатты 


336 
сусындандырып, нəрлендіріп отыруы керек. Өйткені адамзат баласы тек 
материалдық қажеттіліктерді пайдаланып қана қоймай, рухани-мəдени 
қажеттіліктерге мұқтаж болатындығы сөзсіз. 
Өзге халықтың мəдениетін түсінуді ең алдымен өзіңнің ұлттық 
мəдениетіңнің терең тамырына үңілуден бастау керек. Егер кімде-кім өз 
мəдениетіне немқұрайлы болса, ол ешқашанда өзге мəдениетті силай да, 
түсіне де алмайды. Осы орайда белгілі философ Ж.М. Әбдилдиннің мына бір 
ойын келтіре кеткен орынды деп санаймыз: "менің мəдениетім, мен үшін 
басқа мəдени əлемге жол көрсететін биік саты болып табылады" 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   130




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет