Сотталған адамға ауырлығы онша емес қылмысы үшін тағайындалған жазаның қандай мерзімін өтегенде, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылуы мүмкін
87. Сотталған адамға ауырлығы онша емес қылмысы үшін тағайындалған жазаның қандай мерзімін өтегенде, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босатылуы мүмкін: А) жаза мерзімі 1/3 кем емес;
В) жаза мерзімі 1/2 кем емес;
С) жаза мерзімі 2/3 кем емес;
Д) жаза мерзімі 3/4 кем емес;
Е) жаза мерзімі 1/4 кем емес.
88. Сот тағайындаған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген тұлға, іс жүзінде қандай мерзімді өтеген соң мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін:
А) кемінде 20 жыл бас бостандығынан айыру;
В) кемінде25 жыл бас бостандығынан айыру;
С) кемінде 30 жыл бас бостандығынан айыру;
Д) кемінде35 жыл бас бостандығынан айыру;
Е) шартты түрде босатылуға жатпайды.
89. Сот сотталушы жүкті әйелдердің жазасын өтеуін кейінгі мерзімге қалдыруы мүмкін:
А) 3 айға дейін;
В) 6 айға дейін;
С) 9 айға дейін;
Д) 5 жылға дейін;
Е) 1,6 жылға дейін.
90. Рақымшылық актісі негізінде орындалмайды:
А) қосымша жазадан босату;
В) қылмыстық жазадан босату;
С) жеке адамның жауаптылықтан босатылуы;
Д) жазаны қысқарту немесе оны неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру, ;
Е) соттылықтың жойылуы.
91. Онша ауыр емес қылмыстар үшін сотталған тұлға айыптау үкімі келесі мерзімде атқарылмаса, қылмыстық жазаны өтеуден босатылады:
А) заңды күшіне енгеннен кейін 1 жыл;
В) заңды күшіне енгеннен кейін 2 жыл;
С) заңды күшіне енгеннен кейін 3 жыл;
Д) заңды күшіне енгеннен кейін 6 жыл ;
Е) заңды күшіне енгеннен кейін 8 жыл.
92. Орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін сотталған тұлға айыптау үкімі келесі мерзімде атқарылмаса, қылмыстық жазаны өтеуден босатылады:
А) заңды күшіне енгеннен кейін 2 жыл;
В) заңды күшіне енгеннен кейін 3 жыл;
С) заңды күшіне енгеннен кейін 6 жыл;
Д) заңды күшіне енгеннен кейін 8 жыл ;
Е) заңды күшіне енгеннен кейін 10 жыл.
93.Аса ауыр қылмыстар үшін сотталған тұлға айыптау үкімі келесі мерзімде атқарылмаса, қылмыстық жазаны өтеуден босатылады:
А) заңды күшіне енгеннен кейін 6 жыл;
В) заңды күшіне енгеннен кейін 8 жыл;
С) заңды күшіне енгеннен кейін 10 жыл;
Д) заңды күшіне енгеннен кейін 12 жыл ;
Е) заңды күшіне енгеннен кейін 15 жыл.
94. Қандай жағдайда жазасын өтегеннен кейін 3 жыл өтсе соттылық жойылады:
А) шартты түрде сотталуға қатысты;
В) жазаны жеңіл түріне ауыстыруға қатысты;
С) жазасы онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар;
Д) жазасы ауыр қылмыстар жасағанға қатысты ;
Е) жазасы аса ауыр қылмыстар жасағанға қатысты.
95. Қылмысқа қатысуда шектен шығушының ұғымы:
А) қылмыстық әрекетті абайсызда жасағандар;
В) қылмыстық әрекетті ұйымдастырушы ретінде жасағандар;
С) басқа қатысушылардың ойымен қамтылмаған қылмыс жасаушы тұлға;
Д) қылмыстық әрекетті басқа қатысушылардың ойымен қамтылған қылмыс жасағандар;
Е) қылмыстық әрекетті азғырушы ретінде жасаса.
96. Бірінші рет бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмаған ер балалар, жазасын қайда өтейді:
А) колония- қоныстарында ;
В) жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында;
С) жалпы режимдегі түзеу колонияларында;
Д) ерекшеленген режиміндегі тәрбиелеу колонияларында;
Е) қатаң режимдегі түзеу колонияларында.
97. Психиатриялық стационарларда мәжбүрлеп емдеу, өзінің психикалық жай-күйімен жасаған қоғамдық қауіпті әрекетінің сипаты бойынша өзіне немесе басқа адамдарға айрықша қауіпті болған жағдайда қандай мәжбүрлеу шарасы қолданылады:
А) емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу ;
В) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
С) емханалық емдеу психиатриялық мекемеде;
Д) мамандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
Е) интенсивті қадағаланатын мамандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу.
98. Қылмыс жасағаннан кейін психикасы бұзылған кезде, оларға медициналық мәжбүрлеу шаралары қолданылған уақыт психиатриялық стационарда болған 1 күн саналады және оның уақыты:
А) бас бостандығынан айыру 1 күн ;
В) бас бостандығынан айыру 2 күн;
С) бас бостандығынан айыру 3 күн;
Д) бас бостандығынан айыру 4 күн;
Е) бас бостандығынан айыру 5 күн.
99. Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы медициналық мәжбүрлеу шарасын қолдануға негіз бола алмайды :
А) қылмысты есі дұрыс емес адам жасауы ;
В) есі дұрыс еместігін жоққа шығармайтын психикасы бұзылған адамның қылмыс жасауы;
С) қылмысты жасағаннан кейін адамда жазаны тағайындау немесе орындауды мүмкін еткізбейтін психикалық аурудың пайда болуында;
Д) қылмысты емделуге мұқтаж ЖИТС-ВИЧ аурулардан емделуді қажет ететін адамдар;
Е) қылмысты алкогольді және нашақор ауруымен ауыратын адамдар.
100. Психикалық жай-күйімен жасаған қоғамдық қауіпті әрекетінің сипаты бойынша тұрақты қадағалауды талап ететін адамға психиатриялық стационардың қай түрі тағайындалуы мүмкін:
А) мәжбүрлеп емханалық қадағалау және психиатрда емдеу;
В) емханалық емдеу психиатрлық мекемеде;
С) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
Д) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
Е) интенсивті қадағаланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу.
101. Психикалық жай-күйімен жасаған қоғамдық қауіпті әрекетінің сипаты бойынша стационарлық емдеу мен қадағалауды қажет ететін, бірақ интенсивті қадағалауды қажет етпейтін адамға психиатриялық стационардың қай түрі тағайындалуы мүмкін:
А) мәжбүрлеп емханалық қадағалау және психиатрда емдеу ;
В) емханалық емдеу психиатрлық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
С) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
Д) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
Е) интенсивті қадағаланатын мамандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу.
102. Көрсетілген белгілердің қайсысы қылмыстық әрекеттің сыртқы көрінісін бейнелейді :
А) кінә;
В) субъектінің жасы;
С) мақсат;
Д) себепті байланыс;
Е) есі дұрыстық.