285. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуда жазаның қандай түрлері тағайындалады:
А) түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығынан шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру және қамау;
В ) түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығынан шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру, қамау және қоғамдық жұмыстарға тарту;
С) түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығынан шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру;
Д) қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығынан шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру және қамау;
Е) түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығынан шектеу, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру, белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кызмет пен айналысу құқығынан айыру ;
286. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс үшін жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қанша мерзім өтегеннен кейін қолданылады:
А) кемінде үштен бірін өтегеннен кейін;
В) кемінде жартысын өтегеннен кейін;
С) кемінде төрттен үшін өтегеннен кейін;
Д) кемінде үштен екісін өтегеннен кейін;
Е) кемінде төртен бірін өтегеннен кейін;
287. Мерзімінен бұрын шартты түрде босату үшін бас бостандығынан айыру жазасының ең төменгі мерзімі:
А) бір жыл;
В) үш ай;
С) үш жыл;
Д) алты ай
Е) екі жыл
288. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату кімдерге қолданылмайды:
А) аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға;
В) өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға;
С) адамның әрекетінде аса қауіпті қайталану болса;
Д) бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жасаған адамдарға;
Е) ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін екі немесе одан да көп сотталған адамдарға;
289. Орташа ауырлықтағы қылмысы үшін айыптау үкімінін ескіру мерзімі:
А) бір жыл;
В) екі жыл;
С) сегіз жыл;
Д) алты жыл;
Е) үш жыл;
Достарыңызбен бөлісу: |