Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (мсак) ұйымының принциптері, Астана декларациясында жарияланған



бет16/42
Дата16.04.2024
өлшемі317.51 Kb.
#498789
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42
пмсп экзамен 3

Нақты аурущаңдық.
Нақты аурулық =осы жылы анықталған барлық аурулар (өздігімен қаралу бойынша) + медициналық байқаулар бойынша анықталған аурулық + науқастың өліміне алып келген аурулық саны/халықтың орташа жылдық саны х 1000
Қазақстан халқы арасында алғашқы аурулық құрылымында негізгі орындарды тыныс алу жүйесі аурулары, тері және тері асты шел қабаты аурулары, жарақаттар мен уланулар, зәр шығару, ас қорыту аурулары алады; жалпы аурулық құрылымында – тыныс алу жүйесінің аурулары, ас қорыту, зәр шығару, қан айналым жүйесі аурулары, көз және оның қосалқылары аурулары алады.


22. Аурушаңдықты зерттеудің мәлімет көздері: негізгі және қосымша.
Сырқаттанушылық жайындағы мәліметтер көзі: --Негізгі (медициналық тексерілу, қаралу); --Қосымша (өлу себебі, кешенді зерттеулер деректері бойынша).
Ақпаратты алу көздеріне және есеп әдістеріне қарай мыналар бөлінеді: 1. Денсаулық сақтау ұйымдарына жүгіну деректері бойынша аурушаңдық; 2. Медициналық тексерулер бойынша аурушаңдық;3. Өлім себептері бойынша аурушаңдық;
1. Бірінші әдіс – медициналық көмекке жүгінген тұрғындарға сәйкес аурушаңдық. Бұл әдіс өткір аурулардың ең толық есебін береді. Оны зерттеуге арналған есеп құжаты «Амбулаториялық науқастың талоны (No 025-6/у нысаны)». Талондар барлық аурулар мен жарақаттарға (жедел жұқпалы аурулардан басқа), барлық емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда, қалалар мен ауылдық жерлерде толтырылады. Бұл әдіс аурушаңдықтың негізгі түрлерін зерттеуде кеңінен қолданылады: жалпы аурушаңдық, жұқпалы аурушаңдық, уақытша еңбекке жарамсыздықпен сырқаттану, госпитализациялық аурушаңдық, ең маңызды эпидемиялық емес аурулармен сырқаттану.
2. Екінші әдіс – аурушаңдық таңдалған контингенттерді медициналық тексерулер мен диспансерлік бақылау деректері бойынша зерттеледі. Бұл әдіс клиникалық көріністері бар созылмалы және жіті аурулардың, сондай-ақ жүйелер мен органдардың функцияларын бұзусыз болатын субклиникалық нысандардың ең толық есебін қамтамасыз етеді. Олар «Амбулаториялық науқастың медициналық картасы (No 052/у нысаны)» және «Кәсіптік тексеру журналы» арқылы тіркеледі.
Мақсаттары мен міндеттеріне, ұйымдастыру технологияларына байланысты профилактикалық тексерулердің 3 түрі бар:
- Мақсатты (кез келген патологияны анықтау мақсаты болуы); Әдетте, әлеуметтік маңызы бар аурулардың ерте формаларын анықтау және ұйымдасқан және ұйымдаспаған халықтың әртүрлі топтарын қамту мақсатында жүргізіледі.
- Алдын ала (жұмысқа, оқуға өтініш бергенде); Олар денсаулық жағдайының кәсіптің немесе оқудың талаптарына сәйкестігін анықтау, сондай-ақ кәсіптік қауіпті жұмыс жағдайында немесе оқу процесінде өршуі мүмкін ауруларды анықтау мақсатында жүргізіледі.
- Мерзімді. Бұл тексерудің мақсаты – өндірістік қауіпті жағдайларға ұшыраған жұмыскерлердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылау, кәсіптік аурулардың алғашқы белгілерін дер кезінде анықтау, жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін жиі кездесетін ауруларды анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет