19. Жалпы тәжірибелік дәрігер (ЖТД) қабылдаудағы және үйден қарау бойынша бір сағаттағы жүктемесі
МСАК ұйымында үйге бару арқылы мынадай қызметтер: патронаж; пациентке белсенді баруы; үйге шақыртуы; үй жағдайындағы стационар; 3 деңгейдегі медициналық оңалту; отбасын жоспарлау, жүктілікті қауіпсіз үзу, репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша қызметтер; саламатты өмір салты бойынша іс-шаралар; медициналық-әлеуметтік қолдау; психологиялық көмек; созылмалы ауруларды динамикалық байқау; әлеуметтік мәні бар ауруларды динамикалық байқау; рецепт жазу; паллиативтік мобильдік бригаданың шығуы; Коронавирустық инфекцияға күдікті пациенттерге және коронавирустық инфекциясы бар пациенттерге мобильдік бригаданың шығуы жүргізеді.
Пациентті үйде тексеріп-қарау (үйге шақырту) кезіндегі жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, педиатр мынадай іс-қимылдарды жүзеге асырады:
1) пациентпен ізгі ниетпен амандасады;
2) пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатады. Пациентті сәйкестендіреді;
3) пациентті тікелей әрбір қабылдау мен тексеріп-қарау алдында қолын жуады, қажет болса маска киеді;
4) шағымдарды жинақтауды жүргізеді;
5) анамнезді жинайды (өмір сүру анамнезі, аурудың анамнезі, инфекциялық аурулар кезінде – эпидемологиялық анамнез, тұқым қуалаушылық, аллергологиялық анамнез, әйелдердің гинекологиялық анамнезі);
6) жалпы жай-күйді бағалайды, пациенттің хал-жағдайын анықтайды;
7) пациентті объективті тексеріп-қарауды жүргізеді;
8) әрбір тексеруден кейін қолын жуады;
9) алдын ала диагноз қояды;
10) соңғы диагноз қою үшін ауруды диагностикалау мен емдеу хаттамасына сәйкес қажетті зерттеп-тексеру әдістерін анықтайды, көрсетілімдер бойынша мамандардың консультациясына жібереді;
11) диагностикалау мен емдеу хаттамасына сәйкес ем тағайындайды, көрсетілімдер бойынша шұғыл стационарға жібереді (жедел медициналық жәрдем бригадасын "өзіне" шақырады, емдеуге жатқызу үшін оның келгенін күтеді), үйдегі стационарды ұйымдастырады, зерттеп-тексерудің қажетті көлемін жүргізгеннен кейін Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы пациентті күндізгі стационарға немесе тәулік бойғы стационарға жіберуді жоспарлайды, көрсетілімдері бойынша психологтың, әлеуметтік қызметкердің консультациясына жібереді;
12) ұсынымдар, соның ішінде профилактикалық ұсынымдар береді (салауатты өмір салтын сақтау, дұрыс тамақтану, еңбек және демалыс режімін сақтау, тасымалданбайтын науқастардың ұзақ жатуынан болатын ойылуларының профилактикасы), қажет болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптау мәселелерін шешеді;
13) № 907 бұйрықпен бекітілген (№ 025/е нысаны) амбулаториялық пациенттің медициналық картасына тексеріп-қарау жазбасын түсіреді, пациентті қарау тәсілін анықтайды;
Достарыңызбен бөлісу: |