Фельдшерлік-акушерлік пункттің, медициналық пункттің құрамында: 1) орта медицина персоналына; 2) акушердің қабылдауына; 3) туберкулез кезінде химиотерапия жүргізуге; 4) қақырық жинауға; 5) емшаралар, манипуляциялар және екпелер арналған үй-жайлар бар.
18. Емханаларда территориалды учаскелерді қалыптастыру Медициналық көмек көрсетудің жергілікті принципіне сәйкес емхана қызмет көрсететін аумақ аудандағы халық санына қарай аумақтық учаскелерге бөлінген.
Амбулаториялық-емханалық мекемелердің басым бөлігі учаскелік қағидат бойынша жұмыс істейді, яғни мекемелерге белгілі бір аумақтар бекітіліп берілген, олар өз кезегінде аумақтық учаскелерге бөлінген. Учаскелер халық санына байланысты қалыптасады. Әрбір учаскеге учаскелік дәрігер (терапевт, педиатр) және учаскелік медбике бекітілген. Учаскелік дәрігерлердің тең жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету үшін учаскелерді құру кезінде халықтың саны ғана емес, сонымен қатар учаскенің ұзындығы, құрылыс түрі, емханадан қашықтығы, көлікке қол жетімділік және басқа факторлар ескеріледі.
Бекітілген халыққа қызмет көрсету үшін МСАК ұйымында учаскеге мамандарды бекіте отырып учаске құрылады.
МСАК көрсететін ауылдық медициналық ұйымдарды қоспағанда, бір жалпы практика дәрігеріне бекітілген халықтың саны аралас халыққа 1 700 адамнан, учаскелік терапевтке 2 200 адамнан, учаскелік педиатрға – 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 баладан, 7-ден 18 жасқа дейінгі 900 баладан аспайды. Сонымен қатар бала туатын жастағы 3300 әйелге 1 акушер-гинеколог.
Емханада аумақтық учаскені қалыптастырудың негізгі қағидаты "бір учаске-бір жауапкершілік" болып табылады.
--Участок үшін бір дәрігер жауап беруі керек. Дәрігерлер арасындағы жауапкершілікті жартылай бөлуге жол берілмейді.
-- Ана немесе бала өлімінің немесе туберкулезден, онко, ҚЖА болған әрбір жағдай үшін учаскеде жауапкершілікті нығайту маңызды.
-- Жауапкершілікті диффоплата және нәтижеге ақы төлеу арқылы ынталандыру арқылы қолдау керек."1 учаске – бір жауапкершілік" учаскесін қалыптастыру қағидаты нәтиже үшін жауапкершілікті арттыруға және нәтиже үшін төлемді іске асыруға мүмкіндік береді.