Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (мсак) ұйымының принциптері, Астана декларациясында жарияланған


Аурушаңдықтың негізгі түрлері (біріншілік, жалпы және патологиялық зақымдану)



бет15/42
Дата16.04.2024
өлшемі317.51 Kb.
#498789
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
пмсп экзамен 3

21. Аурушаңдықтың негізгі түрлері (біріншілік, жалпы және патологиялық зақымдану).
Аурушаңдық - аурулардың тұрғындар мен әр түрлі топтар арасында таралу көрсеткіші. Бұл халықтың денсаулығын бағалау критерийлерінің бірі.
Аурушаңдықты зерттеу статистикалық зерттеудердің жалпы қабылданған схемасы және қатаң кезекті этаптар бойынша жүргізіледі. Халық аурушаңдығын бағалау үшін 1000, 10000, 100000 тұрғынға есептеліп шығарылған орташа жылдық халық санына қатысты аурулар саны ретінде есептелген көрсеткіштер қолданылады. Аурушаңдықта себеп-салдарлық байланысты анықтау үшін халықтың құрамын (жасы, жынысы, жанұя жағдайы, әлеуметтік статусы және т.б.) ескеру қажет.
1. Алғашқы аурушаңдық (ауру сырқаулық) халық арасындағы жаңа, бұрын еш жерде тіркелмеген және биылғы жылда алғаш рет анықталған аурулардың жиынтығы. Формуласы:
Алғашқы аурушаңдық="күнтізбелік жылда алғаш анықталған аурулар санын * 1000" /"орташа халық санына."
2. Жалпы аурушаңдық (таралуы) – бұл биылғы жылы бірінші рет анықталған аурулар мен өткен жылы анықталып, биылғы жылы сол аурудың салдарынан бірінші рет қаралған халық арасындағы барлық аурулардың жиынтығы. Формуласы:
Жалпы аурушаңдық="барлық алғашқы аурушаңдық санын *1000" /"халықтың орташа санына. "
3. Патологиялық зақымдану (Медициналық тексеру мәліметі бойынша аурулық) медициналық тексеріс кезінде тұрғындар арасында анықталған патологиялар жиілігін анықтайды. Бұл тексеріс тек қана ауруды ғана емес, сонымен қатар кейіннен мед.көмек сұрауға мәжбүр ететін морфологиялық, функционалдық ауытқуларды анықтайды. Формуласы:
Патологиялық зақымдану= медициналық тексеру кезінде анықталған аурулар саны *1000 / тексерілген халық саны
Сонымен қатар, аурушаңдықтың жекелеген түрлерінің жоғары әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын ескере отырып, аса маңызды әлеуметтік маңызы бар аурулардың, жұқпалы аурушаңдықтың, еңбекке уақытша жарамсыздықпен сырқаттанушылықтың және т.б. деп бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет