Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (мсак) ұйымының принциптері, Астана декларациясында жарияланған


Скринингтегі «мақсатты топ». ҚР скрининг өткізу ДСМ-нің қандай бұйрығына сәйкес рәсімделеді



бет28/42
Дата16.04.2024
өлшемі317.51 Kb.
#498789
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
пмсп экзамен 3

55. Скринингтегі «мақсатты топ». ҚР скрининг өткізу ДСМ-нің қандай бұйрығына сәйкес рәсімделеді. Скрининг – бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынудың алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық-медициналық тексерулерден өткізу. Скринингтер белгілі бір аурулар үшін және белгілі бір жас топтары үшін жүргізіледі. Скрининг 2 жас санатында жүргізіледі:0-ден 18 жасқа дейінгі балалар (педиатрдың, мамандардың қарауы, қан мен зәр анализі, аспаптық тексерулер). Балалар жыл сайын кәмелетке толғанға дейін профилактикалық тексеруден өтеді. 30 жастан 70 жасқа дейінгі ересектер. Тексерудің бұл түріне салалық мамандардың консультациясы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулер кіреді. Зиянды әдеттерден туындайтын қауіп факторларын ерте анықтауға бағытталған. 30-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер 4 жылда 1 рет өтуі керек. Тексеру артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы, онкопатологияны ерте анықтауға жүргізіледі. Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабетін ерте анықтауға арналған. Аурудың осы түрлері бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер 2 жылда 1 рет өтуі керек. Глаукоманы ерте анықтауға арналған. Глаукомамен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер 2 жылда 1 рет өтеді. Жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған. Жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 30-70 жастағы әйелдер 4 жылда 1 рет қаралуы керек. Сүт безі обырын ерте анықтауға арналған. Сүт безінің қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы әйелдер 2 жылда 1 рет қаралады. Колоректальды обырды ерте анықтауға арналған. Тоқ ішектің қатерсіз және қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылаудатұрмайтын 50-70 жастағы ерлер мен әйелдер 2 жылда 1 рет өтуі керек. В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға арналған. Зерттеудің бұл түрі келесі тәуекел топтары арасында жүргізіледі.Қан аурулары, қатерлі ісік аурулары бар, гемодиализде жүрген, бұрын хирургиялық араласу, қан мен оның компоненттерін құюдан өткен адамдар тексеріледі. Тәуекел топтарының өкілдері үшін 6 айда 1 реттен жиі болмауы тиіс. Скринингтер белгілі бір аурулар үшін және белгілі бір жас топтары үшін жүргізіледі. Скрининг 2 жас санатында жүргізіледі: 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар (педиатрдың, мамандардың қарауы, қан мен зәр анализі, аспаптық тексерулер). Балалар жыл сайын кәмелетке толғанға дейін профилактикалық тексеруден өтеді. 30 жастан 70 жасқа дейінгі ересектер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет