Қазақстанда Ұлттық скринингтік бағдарлама балалар және ересектер арасында 2008 жылдан бастап жүзеге асырылады. Елімізде Денсаулық сақтау ісін дамыту жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бар. Аталмыш жоба алдын алу шаралары, скринингтік тексерулер, ауруды анықтаудың әдіс- жолдарын жетілдіру, әлеуметтік маңызы зор ауруларды анықтау үшін ерте қаралу, емдеу және оңалту мәселелеріне аса назар аударады. ДСМ осы ұлттық скринингтік бағдарламаның мониторингін және үйлестірілуін жүргізеді. Оны іске асыру үшін мемлекеттен жеткілікті қаржы бөлініп, адам ресурстары қарастырылған, қорытындыларды талдауға бағдарламалық қамсыздандыру енгізілді. Емханаларда отбасы денсаулығы орталықтарының және саламатты өмір салты мектептерінің, сондай-ақ медицинаның әртүрлі бағыттары бойынша денсаулық мектептерінің профилактика бөлімшелері құрылған. «Скринингті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 Бұйрығы. «Скринингті ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-91 бұйрығы. Нормативтік және құқықтық актілер: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау туралы» ҚР-ның Кодексі 18.09.09 ж. №155 бап; 2011-2015 жылдар ҚР Денсаулық сақтауды жақсарту туралы мемлекеттік бағдарламасы "Саламатты Қазақстан», 2010 жылы 29 қарашада ҚР-ның Президентінің № 1113 (мемлекеттік бағдарлама) бұйрығымен бекітіліген. 10.11.09 ж № 685 ҚР Денсаулық сақтау Министрінің бұйрығы «Тұрғындар ішіндегі мақсатты топтарға профилактикалық медициналық қарауларды өткізу ережелері туралы бекітуі». ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 10.11.09ж № 685 бұйрыққа 16.03.11 ж № 145 ҚР ДСМ бұйрығына өзгерту енгізілуі. ҚР ДСМ 05.03.12 ж №151 бұйрығы « Шығыс Қазақстан Облысындағы аталық безі қатерлі ісігінің скринингі туралы пилотты жобаға бейімдеу».
56. Онкологиялық диспансерге қандай негізгі міндеттер жүктеледі?
1) Облыстардың, қалалардың деңгейінде онкологиялық қызметтің жұмысын үйлестіру; 2) қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарға амбулаториялық-емханалық, стационарлық, стационарды алмастыратын нысанда мамандандырылған, жоғары мамандандырылған көмек көрсету; 3) өңірде қатерлі ісіктерден сырқаттанушылық пен өлім-жітімді талдауды жүргізу; 5) асқыну, мүгедектікке шығу себептеріне тексеру мен талдау жүргізу; 6) науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздығына сараптаманы жүзеге асыру; 7)науқастарға радиоизотоптық диагностиканың, радиоизотоптық және сәулелік терапияның қазіргі заманғы әдістерін жүргізу; 8) қатерсіз, қатерлі ісіктерді, ауандық үдерістер мен басқа да ауруларды анықтау бойынша клиникалық-диагностикалық, цитологиялық, гистологиялық зерттеулердің барлық түрлерін жүргізу;9) профилактикалық тексерудің скринингтік бағдарламаларын ұйымдастыру; 10)науқастарды жүйелік диспансерлік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу; 11) амбулаториялық-емханалық ұйымдардың онкологиялық кабинеттерінде медициналық көмек көрсету мен медициналық бақылау жүргізудің сапасын бақылау; 12) науқастарды уақтылы емдеуге жатқызуды және емді бастауды қамтамасыз ету; 13) амбулаториялық жағдайда қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарды тегін емдеуге қаражатты ұтымды жұмсау мониторингі мен талдау; 14) науқастарды диагностикалау мен емдеудің қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын уақтылы игеру және практикаға енгізу; 15) СӨС қалыптастыру қызметімен бірлесіп халықтың арасында кең санитариялық-ағартушылық, обырға қарсы насихатты ұйымдастыру және жүргізу.
57. Халыққа мамандандырылған психиатриялық көмек көрсететін мекеме. Оның міндеттері
Халыққа мамандандырылған психиатриялық көмек көрсету жүйесіндегі жетекші мекеме психиатриялық диспансер болып табылады. Психо-неврологиялық диспансер - бұл психикалық ауруға шалдыққан науқастарды белсенді түрде ерте анықтауға және есепке алуға, оларды жүйелі динамикалық бақылауға, мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге, осы науқастардың еңбек және өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуге арналған емдеу-профилактикалық мекеме. Диспансер психозбен, шекаралық жағдайлардан, бас миының органикалық зақымдануынан және басқа да психикалық бұзылулардан зардап шегетін науқастарға стационардан тыс психиатриялық көмек көрсетеді. Міндеттері: - психикасының бұзылуынан зардап шегетін науқастарға амбулаторлық психиатриялық және психотерапевтік көмек көрсету, сондай-ақ оларды диспансерлік бақылау; - психикалық аурулардың психотикалық емес түрлерімен ауыратын науқастарға стационарлық көмек көрсету; - профилактикалық тексерулер, тексерулер, сот-психиатриялық, әскери-медициналық және медициналық-әлеуметтік сараптамалар жүргізу; - психикалық ауруы бар науқастарды әлеуметтік-еңбектік оңалту; - жедел психиатриялық көмек, оның ішінде шұғыл жағдайларда; - әрекетке қабілетсіз науқастарға қамқоршылық мәселелерін шешуге қатысу; - соматикалық стационарлар мен дәрігерлік амбулаторияларда науқастарға консультациялық мамандандырылған психоневрологиялық көмек көрсету; - аурушаңдық пен оның себептерін зерттеу, аурулардың алдын алу шараларын әзірлеу және жүзеге асыру - халық арасында психогигиеналық, санитарлық-ағарту жұмыстары.
58. Ауруларды басқару бағдарламасының (АББ) негізгі мақсаттарын атаңыз.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын шеңберінде халықтың аурушаңдығын, асқынуы мен өлім-жітімін төмендетуге бағытталған созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқару және адамның өзін қатыстыра отырып, денсаулық үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында 2013 жылы ҚР ДСМ дәлелді медицинаға негізделген АББ енгізе отырып, МСАК күшейту бойынша жұмыс жүргізуде. АББ-ны енгізу созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алу және олармен күрес, пациенттердің өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігін арттыру, медициналық персоналдың өзара іс-қимылын жақсарту және ықтимал асқынуларды немесе жай-күйін ауырлатуды болдырмау мәселелеріне бағытталған қолда бар барлық ресурстарды пайдалануда елеулі өзгерістер қажеттігінен туындады. АББ- бұл кешенді күтім арқылы аурудың салдарын болдырмау немесе азайту арқылы созылмалы аурулары бар адамдардың денсаулық сақтау шығындарын төмендету және өмір сүру сапасын жақсарту тұжырымдамасы. Мақсаты - науқастардың психикасын өзгерту арқылы аурудың салдарын болдырмау немесе азайту, созылмалы аурулары бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, пациенттерге өзіне-өзі көмек көрсетуді үйрету, сонымен қатар денсаулық сақтау шығындарын азайту.
59. Созылмалы инфекциялық емес ауруларға жатады
Достарыңызбен бөлісу: |