Медико –санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру (мсак) ұйымының принциптері, Астана декларациясында жарияланған


«Скрининг» термині. Скрининг өткізудің мақсаттары және оның аурудың алдын алудағы маңызы



бет26/42
Дата16.04.2024
өлшемі317.51 Kb.
#498789
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
пмсп экзамен 3

53. «Скрининг» термині. Скрининг өткізудің мақсаттары және оның аурудың алдын алудағы маңызы.
Скрининг – бұл ауруларды және қауіп факторларын ерте сатыда анықтау үшін дер кезінде емдеу, асқынулардың алдын алу мақсатында белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық – медициналық тексерулерден өткізу. Скрининг термині «screening» - «жинақтау, іріктеу» атты ағылшын сөзінен пайда болған. Бірақ оның «қорғау» және «жағымсыз бір нәрседен қорғау» атты басқа да мағыналары бар. Нақ осы түсініктемесі «скринингтік зерттеулер» атты медициналық терминнің туындауына негіз болған. «Скрининг» ұғымы әлі белгілері пайда болмай тұрып, әр түрлі зерттеулерді негізге ала отырып, оларды анықтау және алдын алу дегенді білдіреді. Скринингтік бағдарламалар белгілі бір елдің немесе өңірдің ауру-сырқаулардан туындайтын өлім-жітім көрсеткіштеріне сай жүргізілуі керек.
ТМККК шеңберінде скринингтің 11 түрі жүргізілетін жалғыз ел. Тұрғындар арасындағы мақсатты топтарда скринингті өткізудің негізгі мақсаты – ауруды ерте сатысында анықтау, ауруды тудыратын қауіп-қатер факторын анықтау, халықтың денсаулығын нығайту. Скрининг жүргізудің басты мақсаты – қоғамдық денсаулықты сақтау. Скринингтен өту әрбір азаматтың міндеті болып табылады. Жұмыс беруші қол астындағы қызметкерлерінің скринингтен өтуі үшін барлық жағдайды жасауға, олардың тексерілуден асықпай өтуі үшін жұмыстан босатуға міндетті. Бұл туралы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексінде айтылған. Скринингтік тексерулер көлемі мыналарды қамтиды: антропометриялық өлшемдер (бойы, дене салмағы, белдің шеңбері); артериялық қысымды өлшеу;мақсатты топқа байланысты зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізу. Бұл зерттеулер ерте сатыда жүрек-қан тамыр ауруларын, қант диабетін, глаукоманы, онкологиялық ауруларды бастапқы кезеңде айқындауға және онымен күресуге мүмкіндік береді. Скринингтеуді тіркелген жері бойынша емханалар жүзеге асырады. Елді-мекендерде тұратын науқастар үшін олардың медициналық ұйымдарынан басқа жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық поездар скринингтеуден өткізеді. Скринингтен өту үшін тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерден (терапевт) жолдама алу қажет. Жас мөлшеріне қарай бекітілген скринингтерден бірден өтуге болады. Профилактикалық тексерулер МӘМС пакетіне енген, сондықтан скринингтен өтетін азамат сақтандырылған болуы шарт. Скринингтік зерттеуден өткен пациенттер денсаулығынан ақау табылған жағдайда салалық мамандардың консультациясына жіберіледі, қажет болғанда ем тағайындалады. Скрининг жүргізу кезеңдері: Дайындық кезеңін емханада медбике жүргізеді. Бұл кезең мыналарды қамтиды:- тексеруден өтуі қажет тұрғындардың тізімін жасау; - оларды скринингтен өту қажеттілігі мен шарттары туралы хабардар ету; - халықты тексеріске шақыру; - тұрғындардың уақытылы тексерістен өтуін қадағалау. Тексеру кезеңі - бұл учаскелік дәрігердің, бейінді мамандардың, медбикелердің қабылдауы, сондай-ақ скрининг түріне байланысты зертханалық және диагностикалық зерттеулер болып жіктеледі. Қорытынды кезең - толық тексеруді және зерттеу нәтижесінде анықталған патологиясы бар адамдарды динамикалық бақылауға қоюды қамтиды. Скринингтердің нәтижелері медициналық ақпараттық жүйеге енгізіледі, ал пациент толық тексеру және бақылау бойынша ұсынымдар, кеңестер алады. Тексеру кезінде анықталған созылмалы аурулары бар адамдар есепке алынады. Бұған қоса, олар динамикалық бақылауда болады. Ал жіті аурулар анықталса, науқастарға тексеру жүргізіледі. Толығымен емделіп шыққанша олардың денсаулығы қадағаланып, тиісті ем тағайындалады.
54. Скринингтің түрлері. Скринингтің қандай артықшылықтары мен кемшіліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет