Механизмдері


Форте банк корпоротвтік басқару



бет10/12
Дата19.05.2022
өлшемі70.36 Kb.
#457409
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
аскар инкар дип (1)

3.1 Форте банк корпоротвтік басқару
Банктің корпоративтік басқаруына ұйымдық модель, сыртқы және ішкі мониторинг және бақылау тетіктері, сонымен қатар корпоративтік құндылықтар мен басшылыққа алынатын қағидаттар кіреді. Корпоративтік басқару іс-тәжірибесін жетілдіру және дамыту Банк үшін сөзсіз басымдық болып табылады және Директорларкеңесінің назары мен бақылауында.
Банкте корпоративтік басқару жүйесі акционерлер мен негізгі мүдделі тараптардың – клиенттердің, серіктестердің, Банктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің, сонымен қатар мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге негізделген және әртүрлі тәуекелдерді азайтуға, Банктің тартымдылығын және оның құнын арттыруға бағытталған.Корпоративтік басқару қағидаттарын дұрыс сақтау және ұстану үшін Банк өз жұмысында ак-ционерлердің жалпы жиналысының, Директорлар кеңесінің, Банк Басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) шешімдерін, сонымен қатар өзінің Жарғысын, Корпоративтік басқару кодексін және басқа да ішкі құжаттарды басшылыққа алады.
Банктегі корпоративті басқару келесі негізгі қағидаттарға негізделген:
1. Банк акционерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
2. тиімді басқару;
3. есеп беру және жауапкершілік;
4. Банк және оның қызметі туралы ақпаратты ашудың айқындығы мен объективтілігі;
5. заңдылық және әдептілік;
6. тиімді дивидендтік саясат;
7. тиімді кадр саясаты;
8. қоршаған ортаны қорғау;
9. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамытуға белсенді ықпал ету.
БАНК КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН СЕЗІНЕДІ ЖӘНЕ ӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АЙҚЫНДЫҒЫН ЖӘНЕ АШЫҚТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ҰМТЫЛАДЫ.
Банктің басқару органдары:
1 жоғарғы орган – акционерлердің жалпы жиналысы;
2 басқару органы – Директорлар кеңесі;
3 атқарушы орган – Басқарма;
4 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де органдар.
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ КОДЕКСІН САҚТАУ
«ForteBank» АҚ-тың Корпоративтік басқару кодексі Қазақстан заңнамасына, Банктің Жарғысына сәйкес, корпоративтік басқару саласындағы қалыптасқан халықаралық тәжірибені, Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің «Кредиттік ұйымдардағы корпоративтік басқаруды жетілдіру» ұсыныстары, қазақстандық үздік корпоративтік іс-әрекет тәжірибесі, іскерлік айналым мен іскерлік әдептің озық дәстүрлері ескеріле отырып,әзірленді. Кодекс – бұл Банктің оның акционерлерімен арасындағы, сонымен қатар Банктің органдары мен лауазымды тұлғалары арасындағы қатынастарды реттейтін ережелер жиынтығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет