Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы


Антибиотиктерді езу әдістері



бет107/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

14.8.Антибиотиктерді езу әдістері.
Антибтотиктерді езудің 2 әдісі бар. Антибиотиктерді стерилденген су ерітіндісіне немесе физиологиялық ерітіндісімен езеді.
Бірінші әдіс. Бұл әдіс бойынша езілген ерітіндінің әр 1мл.100000 Б антибиотик болады. Сол себептен 1:1 әдісі деп атайды.

  1. Флаконды алып, сыртындағы мөлшерін / бірлігін/ оқыңыз. Мысалы - 600.000Б.

  2. Енді оны езу үшін керекті физиологиялық ерітіндісінің мөлшерін санап табыңыз. Оны есептеу үшін флаконның сыртындағы антибиотиктің мөлшерін 100.000 бөлуіміз керек. Мысалы 600.000 : 100.000 – 6мл. физиологиялық ерітіндісі керек.

  3. Сөйтіп,1:1 әдіс бойынша жаңағы флаконға 6мл. физиологиялық ерітіндісін құямыз.

  4. Керекті мөлшерді санап табу. Бұл ерітінділердің әрбір мл. 200000Б антибиотик бар. 3мл. – 300.000 Б антибиотик бар. Мысалы, бізге 250.000 Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін біз шприцке 2,5 мл езілген ерітіндіні сорып аламыз. Бізге 300.000 Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін біз шприцке 3мл езілген ерітінділерін сорып аламыз. Бізге 300.000 Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін шприцке 5мл езілген ерітіндісін сорып аламыз.

Екінші әдіс. Бұл әдіс бойынша езілген ерітіндінің әр 1мл.200000 Б антибиотик болады. Сол себептен 1:2 әдісі деп атайды.

  1. Флаконды алып, сыртындағы мөлшерін / бірлігін/ оқыңыз. Мысалы - 600.000Б.

  2. Енді оны езу үшін керекті ерітіндісінің мөлшерін санап табумыз керек. Оны есептеу үшін, флаконның сыртындағы антибиотиктің мөлшерін 200.000 бөлуіміз керек. Мысалы:600.000 :200.000 – 3 мл. Ерітіндісі керек.

  3. Сөйтіп, 1:2 әдіс бойынша жаңағы флаконға 3мл. Ерітіндісін құямыз. Енді осы ерітіндінің әр бір мл. 200.000 Б антибиотик болады.

  4. Керекті мөлшерді санап табу. Бұлардың әр бір мл. - 200.000 Б антибиотик бар. 2мл -400.000 Б антибиотик бар . 3мл – 600.000 Б антибиотик бар.

Мысалы, бізге 200.000 Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін біз шприцке 1мл езілген ерітіндісін сорып аламыз. Бізге 300.000 Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін біз шприцке 1,5 мл езілген ерітіндісін сорып аламыз. Бізге 600.000 Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін шприцке 3мл езілген ерітіндісін сорып аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет