14.11.Майлы ертінділерді негізу ерекшеліктері
(20% камфора ертіндісін енгізу)
Камфора майлы ертінді болғаннан кейін қатаң түрде тері астына негізіледі.
Енгізу алдында ертінді ыстық суға салып, температурасын – 37*-қа дейін жылытады.
Тері астына, бұлшық етке салатын инемен енгізеді.
Инені кіргізгеннен кейін поршенді өзіне қарай тартып қанның бар жоғын тексереді.
Егер қан болса онда салуға болмайды.
Дәріні жіберген соң 1сағаттан кейін жылытқыш немесе иодтық сетка жасайды.
14.12.25% - 10мл магний сульфат ертіндісін енгізу ерекшелігі.
Магний сульфат ертіндісін бұлшық етке жіберетін иненің ұзындығы 80мм-ге дейін.
Пациентке дәрінің ауыр әсерін айту керек.
Дәріні жайлап, баяу жібереді.
Дәріні жібергеннен моң 1сағаттан кейін жылытқыш немесе иодтық сетка жасайды.
14.13.10% - 10мл кальций хлорид ертіндісін енгізу ерекшелігі.
Кальций хлоридті тек қана көк тамырға жібереді.
Дәрі жіберер алдында пациентті ыңғайлап жатқызады.
Дәрінің қандай ауыр әсері бар екенің пациентке хабарлайды.
Егер пациенттің жағдайы дәріні жіберіп жатқанда нашарлай бастаса, терең дем алғызып, терезені ашып, нашатыр спиртіе иіскетеді.
Дәрі тері астына кетпеу үшін мейіркеш қадағалап отырады.
14.14.Бициллинді енгізу ерекшелігі.
Бициллин – антибиотикке ертінді қосқанда суспензия тәрізді болады.
Бициллинді пациенттің көзінше ерітіп тез арада енгізеді.
Инені кіргізгеннен кейін поршенді өзіне қарай тартып қанның бар жоғын тексереді.
Егер шприцте қан болса, онда басқа жерге салады.
14.15.Инсулинді енгізу ерекшелігі.
Инсулиннің әсері қандағы қанттың мөлщерін төмендетуге бағытталған. Инсулин флаконмен шығарылып, бөлшекпен есептеледі, 1мл инсулинде – 40бөлшек, кейбір инсулинде 80бөлшек болуы мүмкін. Инсулинді тоңазытқышта, температурасы +10*С сақтайды. Инъекция жасар алдында 2сағат бұрын инсулинді тоңазытқыштан алып бөлме температурасына дейін жылытады. Инсулиндә салатын жерлері: иықтардың ортаңғы сыртқы бөлігі, жауырын асты, санның алдынғы жақтары, іштің аймағы.
Инсулин жасар алдында бір рет қолданатын шприцті инесімен, инсулині бар флаконды, стерилденген мақта шариктерді, 70% спирт, пинцет, резенке қолғапты әзірлеңіз;
Флаконды оқып, тұнықтығын, қолдану мерзімін тексеріңіз;
Флаконды араластырыңыз;
Пинцетпен флаконның сыртқы темір қақпақшасын спиртпен сүртіп ашыңыз;
Инсулин шприцін әзірлеңіз;
Флаконның резенке жағын спиртпен сүртіңіз;
Шприцке қанша бөлшек инсулин керек болса, сонша ауа сорып алыңыз;
Ауаны флаконға жіберіңіз;
Флаконды төңкеріп қанша ауа болса, сонша инсулин сорып алыңыз;
Пациентке хабарлап түсіндіріңіз;
Салатын жерін дайындаңыз;
Инсулинді тері астына салыңыз;
Инсулин салғаннан кейін 20-30минут ішінде пациентке тамақ ішуін айтыңыз.
Инсулинді липодистрофия асқынуының алдын-алу үшін, ине салатын ауыстырып отырады. Ине салатын жерін спиртпен сүрткеннен кейін, спирт кепкенше күтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |