Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы


Инъекция жасағаннан кейінгі болатын асқынулар



бет110/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

14.16.Инъекция жасағаннан кейінгі болатын асқынулар.

  1. Инфильтрат – қатаюы. Тіннің жасушаларының механикалық жарақаттану орнында белсенді ыдырауы. Себебі: инъекция топас инемен жасалған, қысқа ине қолданған, жіберген дәрінің тітіркендіргіш қасиеті, бір жерге қайта-қайта инъекцие жасағаннан кейін, асептика ережесін сақтамағандықтан. Инфильтратты кетіру үшін жылытқыш, жылы қыздырма компресс, физиотерапиялық ем қолданады.

  2. Абцесс – жұмсақ тіндердің іріндеуімен қуыстың пайда болуы, көбінесе асептика ережесінің бұзылуымен байланысты. Мұндай жағдайда тек қана хирургиялық кірісулер керек.

  3. Дәрілік эмболия – майлы немесе суспензиялық ертінділердің тамырға барып оның қуысын жабады. Инъекция жерінде ауырсыну, қызару, ісіну, жергілікті және жалпы дене қызуы көтеріледі. Егер майлы эмбол өкпе тамырларында болса, пациентте ентігу, басылмайтын жөтел, көгеру, кеудесінің өысылуы дамиды. Бұл асқыну пациентті өлімге шалдықтыруы мүмкін. Дәрілік эмболияның алдын-алу үшін инъекция жасайтын жерлерін ауыстырып және салар алдында тексереді.Майлы дәрілерді салғаннан кейін шприцтің поршенің артқа тартып қанның бар жоғын тексеріп отырады.

  4. Ауа эмбллиясы – көбінесе көк тамырғ инъекция жасағаннан кейін дамиды. Белгілері дәрілік эмболиясына ұқсайды, бірақ тез арада басталады. Ауа эмболияның алдын-алу үшін шприцтен ауаны шығарып, қадағалап отырады.

  5. Нерв талшықтарының зақымдануы – мейіркеш бұлшық етке ине салу ережесін білмегендіктен, жамбастың төменгі бөлігіне салады. Сол себептен нерв талшықтары зақымданып пациентте «ишиас» ауруы пайда болады.

  6. Венаның жарылуы – қарт және егде жастағы пациенттерде, венаның жекелік қасиеттерінің бұзылуынан дамиды.

  7. Тромбофлебит – бір венаны қайта-қайта тескеннен тромб пайда болады да, қабыну дамиды. Белгілері: жергілікті ауырсынуы, терінің қызаруы, венаның ісінуі. Мұндай асқынуда гепарин майын жұқа түрінде 8сағатқа жағып, содан кейін жылы сумен жуып, ромашка тұнбасымен компрессті 8сағатқа қояды. Осы процедураны 4-5 күн жасайды.



  8. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет