Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы


Ф.Бэкон. Философия (грек тілін



бет7/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

Ф.Бэкон.
Философия (грек тілінен — сүю және даналық, даналыққа деген сүйіспеншілік) дегеніміз — әлемнің тұтастай бейнесін, әлемдегі адамның алатын орнын, адам мен әлем арасындағы қарым-қатынас және осы әрекеттердің нәтижесін табатын адамның рухани қызметінің түрі.
Халықаралық келісім негізінде мейіркеш ісінің философиясы 4 негізгі тұжырымнан қалыптасады:

  1. Пациент.

  2. Мейіркеш, мейіркеш ісі.

  3. Қоршаған орта.

  4. Денсаулық.

Пациент — мейіркештік күтімге зәру және оны қабылдайтын адам. Мейіркеш - мейіркештік жұмысқа құқығы бар және мейіркеш ісінің философиясын бөлісетін, кәсіпқой білімі бар маман.
Мейіркеш ісі — қоршаған ортаның өзгерісіне байланысты туыңдатын,денсаулықтың потенциалдық және болып жатқан проблемаларын шешуге бағытталған пациентке көрсетілген мейіркеш күтімінің бір бөлігі болатын ғылым және өнер.
Қоршаған орта — адамның өмірлік іс-әрекеттері болып жататын табиғи, әлеуметтік, психикалық және рухани факторлар мен көрсеткіштердің біртұтастығы.
Денсаулық - өмірдің амалдарына бейімделу арқылы жетістікке жеткен тұлғаның қоршаған ортамен динамикалық үйлесімдігі.
Адамның құқығына және өміріне деген сыйласымдық, адамгершілік мейіркеш ісінің негізгі қағидалары болып саналады. Мейіркеш ісі философиясының қағидаларын жүзеге асырылуы қоғам мен мейіркештің қарым – қатынастарына тәуелді.
Бұл қағида пациент, қоғам алдындағы мейіркештің жауапкершілігін және қоғамның мейіркеш алдындағы жауапкершілігін қарастырады. Қоғам мейіркеш ісінің маңызды рөлін заңдық актілерін шығаруда ескеріп, денсаулық сақтау жүйесінде мойындауға міндетті.
Мейіркеш ісінің қазіргі заманғы үлгісінің мәні, ғылыми теориясы болып мейіркештік көмектің көрсетілуіне және мазмұнына әр түрлі әдіс-амалдардың негізделінуі.
Кәсіпкой лексиконына пациенттің қажеттлігіне қарай жүйелі мейіркештік көмектің көрсетілуі түсіндірілетін "мейіркештік үрдіс" ұғымы енгізілді.
Пациенттің денсаулық жағдайының өзгеруінен туындайтын проблемалардың алдын алу, жеңілдету, жою мақсаты болып табылатын мұндай әдіс-амалдар 50-жылдар ортасында АҚШ-та жарық көрді, ал Ұлыбританияда 80-жылдары ресми түрде қабылданды.
Қазіргі заманда мейіркеш үрдіс Қазақстан Республикасының, мейіркештік білім берудегі өзегі болып табылады. Мейіркештік көмек көрсетудің теориялық ғылыми базалары ашылуда. Мейіркештік үрдіс арқылы мейіркеш тек қана дәрігер нұсқауын орыңдаушы емес, сонымен қатар әр- бір пациенттің жан дүниесін түсіне білетін, жеке тұлға ретінде тани білетін шығармашылық адам бола отырып, мамаңдығы бойынша тәуелсіздік және егемендікке ие болады.
Мейіркеш ісінің философиясының мәні болып пациентпен қарым-қатынас жасаудағы еңбегінің негізінде жатқан мейіркештің көзқарасынан туындайтын кәсіпқой өмірінің негізі саналады.
Қалыптасқан философияны бөлісетін мейіркеш өзіне келесі этикалық міндеттерді қабылдайды: шындықты айту; қайырымдылық көрсету; зиян келтірмеу; басқалардың міндеттерін сыйлау; сөзінде тұру; адал болу; пациенттің еріктілікке құқығын сыйлау.
Мейіркештік философияның теориясы бойынша мақсаттарына ынталану, яғни мейіркештің қызметінің нәтижесі – этикалық бағалық (мұраты) деп аталынады: кәсіпқойлылық; денсаулық; қоршаған ортаның тазалығы; тәуелсіздік; адамгершілік құндылығы; қамқорлық (күтім).
Мейіркештік философия мейіркештің жеке тұлғалық қасиеттерін де анықтайды. Жақсы деген мейіркеш — зұлымдық пен қайырымдылықты анықтай білетін қайырымды адам; білімді; шеберлі; қайғысына ортақтасу; шыдамдылық; мақсатқа жету; мейірімділік қасиетгеріне ие болуы керек.
Этикалық қағидалар әрбір елде, сонымен қатар Қазақстаңда мейіркештердің Этикалық кодексін анықтайды және кәсіпқой мейіркеш үшін өзін-өзі басқару тәсілдері болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет