Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы



бет9/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

Мейіркеш және тәжірибе.Мейіркеш ісінің тәжірибеде орындалуы және біліктілігін үнемі жоғарлатуда мейіркештің жеке басына үлкен жауапкершілік арттырылады.
Қаңдайда жағдай болсын мейіркеш өз жұмысын жоғары талапка сай орындауға тырысады.
Мейіркеш кәсіби міндеттерін орындауда кәсібіне деген сенімділігі үзілместей өзін үнемі сенімді сезінуі керек.
Мейіркеш және қоғам. Мейіркеш басқада азаматгар сияқты денсаулық сақтау аймағындағы қоғамдық мұқтаждарды қамтамасыз етудегі шараларды орындауда жауапкершілік атқарады.
Мейіркеш және қызметкерлер. Мейіркеш өз әріптестерімен және басқада жұмыс атқару аймақтарындағы қызметкерлермен ынтымақтастық қарым-қатынастарын қолдап отыруы керек.
Пациенттердің денсаулық жағдайына қызыметкерлер немесе басқада адамдар тарапынан қандайда бір қауіп төнсе, мейіркеш оның қауіпсіздігі үшін шаралар қолданады.
Мейіркеш және оның кәсібі.Арнайы білім беруде және мейіркеш тәжірибесінде стандарттардың орындалуында және анықталуында мейіркеш ең басты роль ойнайды.
Кәсіби білімді дамытуда мейіркеш белсенді қатысады.
Мейіркеш кәсіптік ұйымда жұмыс атқара отырып әлеуметтік және экономикалық еңбек тәртіптерің әділ қамтамасыз етілуіне және өңдеуге қатысып отырады.
Берілген кодексті білу және өмірге сіндіру әрбір мейркеш үшін пациеттерді күтуді және емдеуді дамытудың нақты шарттары болып табылады.


З.МЕЙІРКЕШТІК ДЕОНТОЛОГИЯ
Мейіркештік деонтология — мейіркештің пациент пен қоғам алдындағы борышы туралы және де мейіркештің мінез құлығы, жүрісі, іс-әрекеті немесе кәсібіне тән мінезі, емдеу мекемелердегі медицина қызметкерлерің ұйғарым белгілері мен этикалық нормасын анықтайтын ғылым. Медициналық этика дегеніміз - өнегелі ғылым, медицина қызметкерлердің психоэмоционалдық жағынан зерттеу пәні болып саналады. Медициналық этика (биоэтика) әлеуметтік психология, кәсіптік, діни, заң ғылымынан, педагогикалық және көптеген медициналық және медициналық емес ғылымдыр жиынтықтарынын әдістерін сіңірсе де, оның негізгі нысаны— медицина қызметкерлерінің кәсіби мінез-құлқын зерттейтін ғылыми пән болыл табылады. Медицина қызметкерлеріне ең қымбат болып адамның өмірі, денсаулығы болып табылады. Пациенттің, оның туыстарының, мемлекет алдында медицина қызметкерлеріне жауапкершік жүктеледі. Өкінішке қарай пациенттерге жауапсыз қарайтыны әлі де кездеседі, мұңдай жағдайлар болмау керек. Мейіркеш мамаңдығына назар аударуы керек, жан-жағын байқап жүріп, пациенттің психологиялық, физикалық өзгерістерін ескеріп отыруы керек. Мейіркеш өзін-өзі ұстай білу, мінезін басқара біліп, эмоционалдық тұрақтылығын тәрбиелей білуі керек. Медицина қызметкерлерінін мәдениеттілігі, сыпайылылығы, сөз мәдениеттілігі, бет-әлпеті т.б. медицина қызметкерлерінің негізгі қасиеттері болып табылады.Қайырымды адам - ол жан жағына адалдықпен, мейірімділікпен қарайтын, қуанышқа, қайғыға бірдей болатын, көмектесуге дайын тұратын адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет