Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы



бет15/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

З.5.Мейіркеш міндеттері
1. Медициналық документтерді дайындап толтыруға;
2. Халық және науқастардың арасында санитарлық ағарту жұмысын жүргізуге;

  1. Пациенттерге дәрігерге дейінгі шұғыл жәрдем беруге;

  2. Зерттеуге керек материалдарды дұрыс жинауға;

  3. Пациенттерге күтім заттарын тазалау үшін залалсыздандыру ерітіндісін даярлауға, пациенттердің жеке басының тазалығын сақтауға арналған әдістер мен амалдарды атқаруға;

  1. Жағдайы ауыр пациенттерді күтіп-бағуға дене қызуын өлшей
    білуі және қызуы өте жоғары пациенттерді күтіп бақылауға;

  2. Оңқа, қыша қағазын, компресс, жылытқыш, мұзды мұйық, сүлік қоюға:

  3. Дәрілерді жаздырып алу, есепке алып отыруға, сақтауға;

  4. Пациеттердің ауру тарихынан дәрігердің тағайыңдаған дәрілерін дұрыс жазып алып, оны таратуға;

  1. Терінің астына, терінің ішіне, бұлшықеттің ішіне, көктамырға иньекция
    жасауға тамызғышты құру және ол арқылы тамшылап дәрі жіберуге;

  2. Көк тамырдан қан алуға, қанның тобын анықтауға;

  3. Қан кеткенде оның ұюының уақытын анықтауға;

  1. Дәрінің бір-бірімен үлеспейтіндігінің белгісін анықтап, шұғыл көмек көрсетуге даяр болуға;

  1. Тамырдың соғуын анықтап, тыныс алуын санауға, қан қысымын өлшеуге;

  2. Асқазан шырышты қабатынан сөл алып, асқазанды тазартуға;

  3. Клизма жасауға, қуыққа түтік қоюға, тәуліктегі диурезді өлшеп отыруға;

17.Жүрек тұсын уқалап, жасанды "ауызға ауыз", "ауызбен мұрынға",үрлеу арқылы тірілту әдістерін жасау;
Мейіркеш жұмыс орнында тәртіп сақтап, сабырлық танытып, арнайы киіммен жұмыс атқаруы керек.
З.6.Мейіркештің құқықтық жауапкершілігі
Орта білімді медицина қызметкерлері, дәрігер секілді жіберілген қателеріне жауап беруі керек. Медицина қызметкерлері кәсіптік этикасының принципін сақтамағаны үшін ұжымның және өзінің арының алдында жауап береді, ол дағды бұзғаны үшін соның алдында жауап береді. Қазақстан Республикасының заңы тәртіпсіздік пен қызметтегі қылмыстың арасына нақтылы шек қояды. Тәртіпсіздік бұл мейіркештің жұмысындағы кемшілігі болып саналады.Қоғамға қатерлі әрекет болмағаңдықтан, заң алдыңда жауап беру қаралмаған. Мысалы: дәрілерді, жабдықтарды таңғыш материалдарды бүлдіру бөлме жабдықтарын бүлдіріп сыңдыру т.б. Жұмысқа кеш қалып келіп дәрігердің айтқанын орыңдамау жұмысқа шыкпай қалу мейіркештің тәртіпсіздігіне жатады, мейіркештің бұндай тәртіпсіздігі жұмысқа әсер етіп қызметкерлер арасында тәртіпті төмендетеді. Тәртіпті бұзғанына жауапкершілік дегеніміз -ол тәртіпті бұзған адамға жаза қолдану. Тәртіпті бұзғаны үшін жазаны тәртіпті бұзғаннан кейін бір айдан алты айға сөгіс жариялайды, одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Тәртіпті бұзғаны үшін жаза берудің алдында міндетті түрде кінәлі болған адам жазбаша түсініктеме беруі керек.
Егер де мейіркеш келесі заңсыз әрекеттер жасаса, мысалы, заңсыз аборт жасау, заңсыз дәрігердің қызметін атқару, әр түрлі заңсыз құжаттарды беру, адамдарға болмайтын эксперименттерді жасау, эпидемияға қарсы күресудің ережесін бұзу, қатты әсер ететін дәрілер мен наркотиктерді, улы дәрілерді сақтаудың және жіберудің ережесін бұзғаны үшін, қызмет жағдайын теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Ауылда жұмыс істейтін мейіркешке көптеген туындайтын жағдайларда өз бетімен шешім қабылдауына тура келеді. Соңдықтан олар құқықтық жауапкершілік ережелерін халықпен жұмыс атқару кезінде өте сауатты болуы керек.
Заңды білмегені, заңды бұзғаны үшін және жұмыста жіберген қателіктері үшін заң алдында медицина қызыметкерлері жауапкерішіліктен босатпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет