Мейіркеш мамаңДЫҒының даму тарихы



бет10/154
Дата12.02.2024
өлшемі1.17 Mb.
#491625
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   154
Пациент күтімі технол Байболина

Мейіркештің сыртқы әлпеті:

  1. Бет әлпеті, опа-далаптың қолданылмауы, ақхалат, қалпақ, аяқ киімінің міндетті түрде болуы. Киген киімі, салмақтылығы, медицина қызметкерлерінің жекелік қасиеттерін айкындай түседі.

  2. Сөйлеу мәдениеттілігі - сыртқы мәдениеттің негізгі бөлігі болып
    саналады. Мейіркештің сөзі анық, жай, эмоционалдық, жылы болуы керек.



3.1.Мейіркештік этика және деонтологиясының негізгі қағидалары

  1. Әділдік

  2. Адалдық

  3. Рақымдылық

  4. Адамгершілік

  5. Қайырымдылық

  6. Қамкорлық

  7. Қайғысына ортақтасу

  8. Еңбекқор

  9. Кішіпейілділік

Пациенттердің күтімі және емделуінің нәтижесі мейіркештің бір-бірімен, дәрігерлермен, кіші медицина қызметкелірімен, мекеменің басшыларымен, сонымен бірге еңбек өнімділігін арттыруда, ұжымның жайлы климатымен, кадрлардың тұрақтылығына тікелей байланысты.
1. Әр бөлімнің өзінің ерекшелігі бар, сонымен бірге әр бір аурудың жалпы психологаясын міндетті түрде білу қажет. Деонтологаяның талабы "зиян келтірме", мейіркеш өзінің ісімен пациенттерге зиян келтірмеуі керек, яғни оның ауруының мінезін білу, жаракаттануын, сонымен қатар жасын, мамандығын, сана-сезімінің даму дәрежесін біле отырып, жанұя қатынасында пациенттермен жұмыс істеу. Соңдықтан Гиппократ өзіңің "антында" медицина қызметкерлері пациенттерге әртүрлі зияндық және әдепетсіздік жасамауларын ескертткен. Бұл деонталогияның негізгі талабы бопып саналады.
"Госпитализм" дегеніміз - пациенттің саулығына аурухана мекемесің теріс қайшы әсер етуі. Пациентке мейіркеш аурухана ережелеріне үйренбеген жағдайда қиындыктарға тап болмас үшін бөлімдегі мейіркеш моральдық психологиялық жағдайлар туғызып отыруы қажет.
"Эгогения" дегеңіміз - ол пациенттердің ауруына немесе белгілі бір ауруының жағдайына байланысты өз -өзіне теріс әсер етуі. Кейде пациенттерде өзінің аурулары (мерез, әтектік, геникологаялық аурулар) туралы дәрігермен сөйлесу әдепсіздеген теріс түсінік қалыптасқан. Мұндай жағдайларда пациенттің көңіл-күйі бұзылып, аурулары созылмалы түрге айналып ұзақ уақыт емделуге әкеліп соқтырады. Сондықтан мейіркеш өзінің жылы сөзімен пациенттің көңілін тауып, қорқыныш күдігінен арылтып пациенттің саулығына белсеңді көмек көрсетеді.
"Эрготогения" - бір палата ішіндегі ем алып жатқан пациенттердің көңіл-күй, жеке бастық қасиетері мен мінездерінің бір-біріне теріс әсерін айтады. Әсіресе осындай жағдайларда жүйкесі тозған пациенттер төзе алмайды. Сондықтанда осыңдай пациенттер бөлек палатада болуын қалайды және де бұл пациенттермен бірге сабырлы да, салмақты, өз денсаулығына белсенділікпен қарайтын пациенттерді орналастырады.
"Ятрогения" - бұл медицина қызметкерлерінің теріс мінез-кұлқының немесе пациенттің көзінше аңдамай айтқан сөздерінің салдарынан пациенттердің аурулық жағдайға душар болып немесе ауруды өзіне қабылдап алуын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   154




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет