Мектеп атауы қала облыс ғылыми жоба бағыты: Тақырыбы



бет7/7
Дата26.10.2022
өлшемі6.42 Mb.
#463369
1   2   3   4   5   6   7
«Қазақ жеріндегі тарихи нысандардың бүгінгі күнге жетуінің құпиясы мен құндылығы»

ІІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
3.1. Киелі Оңтүстік. Тарихи орындарға саяхат
Ғылыми жоба барысында тақырыптың өзектілігін түсіну мақсатында Қазақ жеріндегі тарихи орындарды өз көзімізбен көріп, сезініп қайту маңызды еді. Сондықтан да біз Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан тарихи-мәдени нысандарға саяхат жасау туралы шешім қабылдадық. Барлық орынды аралауға шамамен 2 күннен аса уақыт кетті. Саяхатымызды алдымен Шымкент қаласынан 150 шақырым жерде орналасқан Арыстан баб кесенесінен бастадық.
Кесене тарихи жәдігерлерге толы.
Кесенеге жақын жерде ежелгі Отырар қалашығы орналасқан.

Сан ғасырлық тарихы бар қаланың біздің заманымызға дейін жетіп, сақталғаны қайран қалдырады. Әрине, барлық жәбігерлер толықтай сай күйінде сақталмаса да, көне заман тарихынан сыр шертетін, ата-бабалар ғұмырын көз алдың келтіретіндей күші бар.

Келесі пункт – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Алпауыт жәдігерді тамашалағандағы сезім мен йлағаннан басқа боп шықты. Сондай үлкен тарихы нысан қазақ тарихынан сыр шертеді. Тарихқа деген құрметіңді арттырады. Ал әлі күнге дәл баламасын таба аламай келе жатқан архитектуралық өнерінің ұлылығы мен әсемдігіне тағар мінім жоқ.



Тарихи кесенеден шыққан соң бүгінгі күннің керемет нысаны – «Керуен сарай» кешенінен жол тартты. Қазақ туризміне жаңа леп әкелген бұл кешен тарихи маңызы бар нысанға айнала қоймаса да, кейінгі ұрпақтар заманынада қоғамдық маңызы бар орынға лайық болары сөзсіз.


К елесі пункт – Ақмешіт әулие үңгірі. Саяхатымздағы ең ерекше тарихи нысан. Құрылысы жағынан да, пайда болу тарихынан да, ішіндегі табиғи өмірінен де, тарихи маңызынан да басқалардан көш бойы алда тұратын орын.

Саяхатымызды Домалақ Ана және Айша Бибі кесенелерімен аяқтадық.
Сапар кезінде тарихи орындардың сақталуына қайран қалдым. Мұндағы туристтер санының көбеюі көз қуантады, дегенмен антропогендік факторлар бұл сәулет ескерткіштеріне өз зиянын тигізіп жатыр. Қыштардағы, кірпіштердегі қияылып салынған суреттер ақырындап жойылып бара жатыр. Кейбір ескерткіштерге реставрация жасалған, ал кейбіріне реставрация жасау мүмкін емес.

IҮ. ҚOPЫТЫНДЫ
Қазақ жері – тарихи мұраларға өте бай мекен. Әрбір аймақта өз алдына бір бөлек, бір-біріне ұқсамайтын, ерекше нысандар жетерлік. Олардың 11-і ЮНЕСКОНЫҢ «Әлемдік мәдени мұралар» тізіміне енген.
Тарихи нысандар бабалар тарихынан сыр шертеді, ұрпақтар сабақтастығына дәнекер болады, сонымен қатар, бұрынғы өмірді көз алдымызға келтіре алатын қасиетімен ерекше. Олардың сақталуы мен кейінгі ұрпақтарға жетуінің құндылығы да осында. Ол жас ұрпақты тарихқа деген , қазақ өнеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке баулиды.
Қазақ жеріндегі тарихи нысандар тек қазақ халқының емес, жалпыадамзатқа ортақ мұра. Сол кездің сәулет өнерінің, сақ ғұн дәуіріндегі дін, өмір сүру дағдысын, салт-дәстүрлерін бізге жеткізетін маңызды құрал. Өткенге көз жүгірту біз үшін әдайым өзекті болып қала бермек. Себебі, тарихты білмей, өткенге зер салмай, бүгінгіні түсініп, болашақты болу қиын болмақ.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

  1. Қазақ энциклопедиясы, ҚР табиғаты

  2. М.Ж. Көпейұлы. Қазақ шежіресі. Алматы, 2003;

  3. Тоқтабай А. Ескерткіштер – ел тарихы: тарихи ескерткішерге реставрация жасау мәселелері, 2003;

  4. Ердавлетов С.Р. Достопримичательные места Казахстана. Алматы, 1988;

  5. Шәймерденов Қ. Тарихи ескерткіштер рухани қазына байлықтары. Шымкент, 1981.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет