Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін және мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс-тәсілдер



бет2/17
Дата25.02.2023
өлшемі178.5 Kb.
#470050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
и.Керн әдістемесіи 1-сынып

Керн-Ирасек тесті
«Ер адамның бейнесін сал»
Мақсаты: Жалпы психикасының дамуын анықтау
Әдістеме
«Қандай да бір ер адамның бейнесін сал». Қандай да бір белгісі, түсіндіру айтылмайды.
Нәтижесін бағалау.
1 ұпай- бейнеде басы, денесі, аяғы бар. Басын денесімен мойыны жалғастырып тұр. Басында шашы бар (құлақшын, шляпа) құлағы, бет келбетінде –көзі, мұрыны, аузы. Қолында 5 саусағы бар. Ер адамның киімі бар.
2 – ұпай- барлық талаптардың орындалуы, мүмкін 3 бөлігінің болмауы(мойын, шашы, 1 саусағы, қолы, құлағы), бірақ бет келбетінің барлық бөліктері болуы қажет.
3- ұпай- басы, денесі, аяғы бар. Қолы, аяқтары таяқшалармен бейнеленген. Мойыны, құлағы, шашы, киімдері, саусақтары жоқ.
4- ұпай- басы мен аяқтары таяқшалармен бейнеленген.
5- ұпай- анық бейне көрінбейді, бұйра-бұйра бейнелер, шимай.
1.2. Ер адамның суретін салу
Бағалау:
1 балл. Мынадай жағдайда қойылады:
1) Салынған суреттің басы, денесі, қол-аяғы болуы керек.
2) Басы мойын арқылы денесімен жалғасып, денесінен басы үлкен болмауы керек.
3) Басында шашы бар немесе бас киімі болуы \ мүмкін. \
4) Құлақ, көзі, аузы мен мұрыны болуы керек.
5) Қолдың бес саусағы болуы қажет.
6) Аяғы.
7) Киімі ер адамдікіндей бір-бірімен байланыста болуы керек.
2 балл.
1) 3 деталь мойыны, шашы, бір саусағы болмаса да 1-балдағы жағдайлар орындалуы тиіс.
3 балл.
1) Салынған суретте басы, тұлғасы, денесі, аяқ-қолы бо­луы керек.
2) Қол-аяғы екі сызықпен салынуы керек.
3) Мойны, шашы, құлағы, киімі,саусағы салынбаған.
4 балл.
1) Тек басы, тұлғасы болған жағдайда.
2) Бір сызықпен қол немесе аяғы берілуі тиіс.
5 балл.
Нақты дененің суреті салынбаған жағдайда.
1.3. Сөздік тест бойынша бағалау
Мына сөйлемді көшіріп жаз. «Ол ас ішті».
1 балл - өте жақсы көшірілген.
Үш сөз бір-бірімен байланысып тұруы, арақашықтығы сақталу керек.
2 балл. Егер бала анық қылып көшірсе. Әріп мөлшері және арақашықтығы саналмайды.
3 балл. Жазу кем дегенде екі бөлікке бөлінуі керек. Ең болмаса, жазылған әріптердің төртеуі түсінікті бо­луы керек. Жазу кем дегенде екі бөлікке бөлінуі керек.
4 балл. Қойылу үшін үлгімен аз дегенде екі әріп сәйкес болуы керек.
5 балл. Жазу түсініксіз жағдайда қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет