Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестерін және мектепке дайындығын анықтауға арналған әдіс-тәсілдер


Әр фактордың мазмұнының сипаттамасы



бет5/17
Дата25.02.2023
өлшемі178.5 Kb.
#470050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
и.Керн әдістемесіи 1-сынып

Әр фактордың мазмұнының сипаттамасы
1. Мектептегі жалпы қорқыныштың: мектеп өміріндегі әр түрлі мысалмен қосылуына байланысты баланың жалпы эмоционалдық жағдайы.
2. Әлеуметтік күйзелісті уайымдау: баланың эмоционалдық жағдайы баланың әлеуметтік байланысы (ең алдымен құрдастармен) фонында дамиды.
3. Жетістікке жетудегі фрустрация қажеттілігі: баланың жоғары нәтижелерге жетуіне және өзінің кажеттіліктерін дамытуға мүмкіндік бермейтін қолайсыз психикалық орта.
4. Өз пікірін айту қоркынышы өзінің мүмкіншіліктерін көрсету өзін басқа қылып көрсету, өзін-өзі ашылу қажеттілігі мен байланыстыратын жағдайды негативті эмоционалдық уайымдау.
5. Білімді тексеру жағдайы: білімді тексеру жағдайында уайымдау мен негативті қатынас.
6. Айналаңдағылар күтетін нәтижелерге сәйкес келмеу қорқынышы: өзінің ойларының нәтижелерінің бағалауындағы басқаларды шолу маңыздылығы, баға ту­ралы мазасыздану.
7. Күйзеліске деген төмен физиологиялық қатыстылық: баланың күйзелістік сипаттағы жағдайларға бейімделуі төмендетіліп, мазасыз ортаға бейімделу қаупі.
8. Мұғалімге қатысты қорқыныштар мен қайшылықтар баланы оқу жетістігін төмендететін, мектептегі үлкендермен қатынасының жалпы негативті эмоционалдық ортасы.
Темперамент қасиетін анықтайтын тест
1. Сен шапшаңсың ба?
2. Өзіңді қызықтырған әңгімеге ойланбастан қатысасың ба?
3. Үлкен топтан бөлініп, оңаша қалған ұнай ма?
4. Әр кез іс әрекет істеуге құмарсың ба?
5. Жай сөйлейсің бе?
6. Тез өкпелеп қаласың ба?
7. Достарыңмен ренжіскенде, ұйқың келе ме?
8. Бос уақытыңда бір іспен айналысқың келе ме?
9. Адамдармен сөйлесіп отырғанда ойланбастан жауап бересің бе?
10. Достарыңмен сөйлесіп отырғанда олардың тез сөйлегені ұнай ма?
11. Егер сенің біраз уақыт адамдармен сөйлесуге мүмкіндігің болмаса, сен өзінді уақыты жоқ адаммын деп санайсың ба?
12. Кездесуге немесе мектепке кешігіп келдің бе?
13. Қатты жүгірген ұнай ма?
14. Жаман баға алсаң, я мұғалім мен ата-анаң ескертулеріне қатты ойланасың ба?
15. Көп уақытты талап ететін жұмысты орындау саған ұнай ма?
16. Жылдам сөйлеу саған қиын ба?
17. Егер үй тапсырмасын немесе бір істі орындамасаң өзінді ыңғайсыз сезінесің бе?
18. Әңгіме кезінде бір ойдан екінші ойға ауытқи білесің бе?
19. Ептілікті қажет ететін ойын ұнай ма?
20. Тапсырманы орындауда жаңа нұсқаулар табу саған оңай түсе ме?
21. Егер әңгіме кезінде сені дұрыс түсінбесе, сен мазасыз күй кешесің бе?
22. Қиын әрі жауапты істі сен қызығушылықпен істейсің бе?
23. Өзің түсінбеген зат туралы сөз қозғайсың ба?
24. Бір уақытта бірнеше адаммен сөйлесу саған ұнай ма?
25. Бір мезетте бірнеше жұмыс атқара аласың ба?
26. Егер сен ойланбай сөйлесең достарың арасында кикілжің бола ма?
27. Саған жеңіл үйренген, күш жұмсамайтын жұмыс ұнай ма?
28. Дұрыс істелмеген жұмысқа тез ренжисің бе?
29. Отырып жұмыс істеген ұнай ма?
30. Таныс емес адаммен сөйлесу оңай ма?
31. Сөйлер алдында ойланасың ба?
32. Сенің барлық әдетің жақсы ма?
33. Жұмыс істегенде қолдары тез қимылдай ма?
34. Таныс емес адамдар арасында сен асықпай сөйлейсің бе?
35. Бір тапсырманы шешіп отырып, екінші басқа тапсырмаға тез ауысасың ба?
36. Тез қимылды керек ететін жұмыс атқару оңай ма?
37. Сен әңгімешілсің бе?
38. Сен еш кедергісіз еркін сөйлейсің бе?
39. Оқу мен жұмысыңа қатысты іс сені алаңдата ма?
40. Сен кемшіліктеріңді айтқанда ренжисің бе?
41. Жауапты жұмысты атқаруға құмарсың ба?
42. Барлық істі жай асықпай істеген ұнай ма?
43. Басқаға айтпайтын ойың бар ма?
44. Ойланбастан біреуге тосыннан қиын сұрақ қоясың ба?
45. Тез қимылдаудан қуат аласың ба?
46. Өзің айналысқан іске қатысты жаңа пікір ойластыру оңай ма?
47. Жауапты әңгімеде сені мазасыздық билей ме?
48. Саған жүктелген істі тез атқара аласың ба?
49. Өз бетіңше жұмыс істеу ұнай ма?
50. Бет-әлпетіңнен сенің жан дүниеңді білу оңай ма?
51. Берген уәдеңді тез орындайсың ба?
52. Айналадағы адамдардың саған деген қарым-қатынасына ренжисің бе?
53. Барлық істі жай асықпай істеген ұнай ма?
54. Бір ғана жұмыспен айналысу ұнай ма?
55. Саған тез ойланатын ойын ұнай ма?
56. Әңгіме арасында үзіліс жасайсың ба?
57. Компанияның көтерілуін міндетіңе аласың ба?
58. Сенің күш-жігерің артқанда қиын іспен шұғылдануға құмарсың ба?
59. Бір жұмыстан екінші жұмысқа назар аударуың қиын ба?
60. Күтпеген жағдайда жауапты ісің үзілсе сен көпке дейін көңілсіз жүресің бе?
61. Жұмысың алға баспаса ұйқың бұзыла ма?
62. Үлкен компанияда болған ұнай ма?
63. Достарыңмен қарым-қатынасыңды шешуде мазасызданбайсың ба?
64. Барлық күш-жігер жұмсалатын жұмыста реттілікті қажетсінесің бе?
65. Жиі ашуланып, өзіңді ұстай алмай қаласың ба?
66. Бір мезетте көптеген іс атқару ұнай ма?
67. Үлкен ортада өзіңді еркін ұстайсың ба?
68. Алғашқы пікіріңді жиі ұстанып тұрасың ба?
69. Себепсіздік туындайтын іс сені мазалай ма?
70. Жұмысты салғырт істейсің бе?
71. Бір жұмыстан екінші жұмысқа оңай кірісесің бе?
72. Дауыстап тез оқисың ба?
73. Кейде өсек айтасың ба?
74. Сен достарың арасында үндемейсің бе?
75. Сені қолдайтын және басу айтатын адамды қажет етесің бе?
76. Көптеген істі бір уақытта қарсылықсыз істейсің бе?
77. Тез істейтін жұмысты еш қарсылықсыз істейсің бе?
78. Бос уақытында адамдармен сөйлескің келе ме?
79. Жұмысың шешілмесе сенің ұйқың қана ма?
80. Ұрысқан кезде қолдарың дірілдей ме?
81. Өз ойынды жеткізуде ұзақ ойланасың ба?
82. Таныс адамдар арасында ұнамайтын адамың бар ма?
83. Оңай жұмыспен айналысуды қалайсың ба?
84. Сені ренжіту оңай ма?
85. Үлкен топта бірінші сөзді сен бастайсың ба?
86. Адамдар ортасында жүрген ұнай ма?
87. Алдымен ойланып, содан соң ойыңды айтасың ба?
88. Оқуың мен жұмысың сені толғандыра ма?
89. Жол-жөнекей тексеру жүргенде сен заттарың үшін ақшаны әрдайым төлер ме едің?
90. Отырыста немесе ортада өзінді ерекше ұстайсың ба?
91. Жұмыста болған сәтсіздікті ойлауға бейімсің бе?
92. Саған жылдам сөйлеген ұнай ма?
93. Ойда жоқта келген ойыңды бірден ашық дауыстап айтудан өзінді ұстайсың ба?
94. Жұмысты жай атқаруды қалайсың ба?
95. Жұмыста болған келіспеушілікті ойлайсың ба?
96. Адамдармен жай және асықпай сөйлеген ұнай ма?
97. Қателерің үшін уайымдайсың ба?
98. Ұзақ жұмысты жақсы орындауға қабілеттісің бе?
99. Өзіңнің мінезің туралы таныс емес адамнан сұрау саған оңай ма?
100. Адамдармен қарым-қатынаста өзінді сенімсіз сезінесің бе?
101. Жаңа өзің білмейтін жұмысқа тез ден қоясың ба?
102. Ұзақ, көп сөйлегеннен шаршайсың ба?
103. Асықпай жұмыс істеу оңай ма?
104. Саған әрдайым белсенділікті қажет ететін және көңіліңді бір жұмыстан екінші жұмысқа аударатын әр түрлі жұмыс ұнай ма? .
105. Өзіңмен-өзің ұзақ жалғыз болуды қалайсың ба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет