1.4. Берілген нүктелердің көшірмесі
Бұл тест ұзақ жүргізуді қажет етпейді және балл тест соңында беріліп отырады. Қорытынды субтест орындалғаннан кейін барып беріледі.
1 балл. Балаға келесі жағдайда қойылады. Үлгінің өте жақсы көшірмесі. Тек бір ғана нүктенің қатардан жіберілуі. Суретті кішірейтуге рұқсат етіледі, үлкейтуге болмайды.
2 балл. Нүкте саны және орналасуы үлгі бойынша тұруы керек. Үш нүктенің салынуы ұмытылса да 2 балл қойылады.
3 балл. Өзінің салынған контуры бойынша үлгіге ұқсайды. Ұзындығы мен биіктігі үлгіден 2 есе үлкен болмауы керек. Нүктелер 20-дан аспауы және 7-ден аз болмауы керек.
4 балл. Сурет өз контуры бойынша үлгіге ұқсамайды, бірақ нүктеден тұрады.
Суреттін үлкендігі және нүкте саны қажет емес.
5 балл. Түсініксіз сызулар.
Қорытынды соңғы 3 тапсырма бойынша жасалады. Қосылған ұпайлардың саны 3-6 болса, баланың мектепке дайындығы жоғары. 7-11 ұпай - баланың мектепке дайындық деңгейі орташа, 12-15 ұпай - баланың мектепке дайындық деңгейі төмен.
Тапсырма
Мына нүктелерге мұқият қарап алыңыз да, қасына дәл осылай көшіріп салуға тырысыңыз.
Кімге не жетпейді?
Бұл әдістеме баланың 5-6 жас аралығындағы ойлау деңгейінің психодиагностикасын жасауға арналған. Бұл әдістемеге кірген тапсырманы бастамас бұрын, балаға сурет көрсетіледі және бұл суретте әр балаға бір нәрсе жетіспейтіні айтылады. Ал жетіспеген зат астыңғы жақтағы суреттерде көрсетілген.
Баланың басты тапсырмасы, тез арада кімге не жетпейтінін табу.
Қорытынды баға:
- 10 балл - тапсырма 30 секунд аралығында орындалған.
- 8-9 балл - тапсырманың орындалу уақыты 31-49 секунд аралығында.
- 6-7 балл - орындалған тапсырма 50-68 секунд аралығын қамтиды.
- 4-5 балл - 70-80 секундқа дейінгі уақыт ішінде.
- 3-4 балл - орындалған тапсырма 90-100 секунд аралығында.
- 0-1 балл - тапсырма 110 және одан жоғарғы уақыт ішінде орындалды.
Ойлау қабілеті деңгейінің бағасы.
- 10 балл - өте жоғары;
- 8-9 балл - жоғары;
- 6-7 балл - орташа;
- 4-5 балл - орташа;
- 2-3 балл – төмен;
- 0-1 балл — өте төмен.
Достарыңызбен бөлісу: |