Дипломдық жұмыстың негізгі нәтижесі оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілетін дене тәрбиелеу үдерісінің педагогикалық мәселелерін шешу болып табылады. Мұның ғылыми және іс-тәжірибелік тұрғыдан маңызды мәні бар:
1. Жасөспірімдердің дене тәрбиесін жетілдірудегі негізгі бағыттардың бірі – болашақта денсаулықты нығайту, дене қасиеттерін үйлесімді дамыту, әлеуметтік жағдайда жастарды жігерлілікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу және жұмыс қабілеттілігін жоғарылату болып табылады.
Бұл мәселелерді шешу барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дене қасиеттерін тәрбиелеу негізгі орын алады.
2. Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесінің негізгі құралы қайталанатын және қайталанбайтын спорт түрлері, спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары мен табиғи факторларды қолдану болып табылады. Осыған байланысты еліміздің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, негізінен, ең оңай және әсерлендіруші іспетті спорттық ойындар біршама басым болды.
3. Қазақстанда, Тәуелсіз мемлекеттер мен шет елдердегі дене тәрбиесінің салыстырмалы талдамасының қойылуы, дене тәрбиесінің түрлереі мен құрал әдістерін таңдау еріктігі, сондай-ақ дене тәрбиесімен және спортпен өз бетінше шұғылдану, оқушылардың дене қасиеттерін қалыптастырып, дұрыс тәрбиелеудің шешуші міндеті болып табылатындығын көрсетті.
4. Дене тәрбиесінің барысын бастауыш мектептегі оқушылардың күштілік, жылдамдылық, ептілік, төзімділік, икемділік сияқты негізгі қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту арқылы құру қажет. Себебі, бұл қасиеттер балалық және жасөспірім кезеңде үдемелі, үздіксіз және әр түрлі сипатта дамиды.
5. Балардың үйлесімді дамып-жетілуі тілі мен сөйлеуі арқылы жүзеге асатынын ерекше ескере отырып, дене тәрбие сабағында баланың түсінігіне жеңіл келетін ана тіліндегі атаулардың, ұғымдардың дұрыс қалыптасуына айрықша көңіл бөлінуі қажет.
6. Педагогикалық эксперимент барысында дене тәрбиесінің концептуаьді үлгісі жинақтылық бағдарламаны жасауға мүмкіндік туғызды. Бұл бағдарламада аптасына үш рет дене тәрбиесі пәнінің міндетті түрде болуы, күнделікті спорт ойындарының (мысалы, футбол) оқу жаттығу жұмыстары зерттелген параметрлер бойынша әсерінің тіимділігін көрсетті.
7. Спорттық ойындармен айналысатын мектеп оқушылары үшін эксперименттік деректер бойынша тәуліктік қозғалыс белсенділігінің оптимальді деңгейі мынадай болып келеді:
күн тәртібінде тәулігіне 7-8 сағат қозғалыс құрылымы;
бір тәулік бойындағы 2000-3000 к.кал. мөлшеріндегі қуат шығыны 25-30%-спорттық қимылдарға кетеді.
8. Оқушылардың дене тәрбиесі және спорт сабағы бойынша тиімділігін бағалаудың өлшем белгілері мынадай көрсеткіштер болып табылады:
бақылау сынақтарының нәтижелері күштілікті, ептілікті,
шыдамдылықты, жылдамдылықты, иілгіштікті анықтайтын сынамалар;
дененің қимыл-қабілеттерінің динамикалық өзгерістері.
Жүргізілген зерттеулер күрделі және көпқырлы мәселелерді жан-жақты
толық зерттей алмайды. Мұндай жайттар нақты анықтауды әлі де қажет етеді, жас ерекшеліктеріне сәйкес қыз балалардың жалпы білімі мен дене тәрбиесін арттыру; классикалық спорт түріне жас спортшыларды дайындау барысында ұлттық спорт және қимыл-қозғалыс ойындарын пайдалану; дене тәрбиесінде оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудің негізгі құралы ретінде пайдалану т.б. Біздің ойымызша, бұл мәселенің ғылыми тұрғыда өңдеулі халықтың дене тәрбиесіне деген қызығушылығын арттырады және сәбилік шақтан қартайғанға дейін дене тәрбиесімен айналысу дағдыларын қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |