Дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері.
Оқушылар дене тәрбиесінің жан-жақтылығын қамтамасыз етудің та-быстылығы мектеп педагогикалық ұжымының, мектептен тыс мекемелер мен ата-аналардың күш-жігерін жұмылдыруға байланысты. Сонда ғана дене тәрбиесін толық ұйымдастыруға қол жеткізуге болады.
Бұл жүйенің әрбір буыны бір мақсатты бағыттылыққа ие. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесінің бөліктері мынадай:
- әр сыныпта жетісіне 3 рет өткізілетін дене тәрбиесі сабағы түріндегі сыныптық-сабақтық жаттығу жүйесі;
- оқу күні режіміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік минуттары, денені шынықтыру үзілістері, ұзартылған үзілістегі дене жаттығулары);
- ұзартылған күн тобындағы күн сайынғы дене жаттығулары;
- спорт-сауықтыру үйірмелеріндегі, жалпы дене дайындығы топтарындағы, спорт түрлері бойынша секцияларда, спорттық жарыстарда, саяхат жорықтары мен слеттердегі жаттығуларды қосқандағы сыныптан тыс жұмыстар.
Бұл жүйе мектептен тыс мекемелердегі дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлерімен толықтырылады:
- балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, тұрғылықты жерлерде, жазғы лагерьлердің әр түрлі типтеріндегі спорт секцияларында өткізілетін спорттық жарыстар мен жүйелі жүргізілетін оқу-жаттығу сабақтары;
- балалардың жазғы және қысқы лагерьлерінде ұйымдастырылатын көпшілік дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгілік бой жазу жаттығулары, күн сайын суға түсу, даладағы ойындар, туристік саяхаттар, т.б.);
- спорттық, туристік базаларда, мәдениет және демалыс бақтарында балалар секторлары ұйымдастыратын экскурсиялар мен жорықтар, конкурстар, көпшілік ойындар.
Отбасында балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері:
- күн режіміндегі дене шынықтыру-сауықтыру шаралары (таңертеңгілік гимнастика, дене шынықтыру минуттары, шынығу процедуралары);
- спорттық жаттығуға жататын дене жаттығуларымен жеке айналысу, дене тәрбиесі бойынша үй тапсырмаларын орындау;
- демалыс және каникул күндеріндегі ересектердің қатысуымен ұйымдастырылатын ойындар, серуендер, жорықтар, спортық көңіл кетерулер;
- отбасының өздері тұратын жердегі жарыстарға қатынасуы.
Дене тәрбиесінің осы түрлері міндетті және ерікті делініп 2 түрге бөлінеді. Біріншісіне, яғни міндеттісіне тек дене тәрбиесі сабақтары ғана (жаттығудың сыныптық-сабақтық түрі), екіншісіне, сабақтан тыс дене шынықтыру мен секциялар жатады.
Үйрету мен тәрбиелеудің айтылған түрлері ұйымдастырылу белгілеріне қарай сабақтық емес болуы мүмкін. Жаттығуларды ұйымдастырудың сабақтық түрлеріне мектептегі дене тәрбиесі сабақтары және секциялардағы оқу-жаттығу сабақтары жатады. Оларға тән сипаттар: мамандандырылған педагогикалық басшылықтың болуы; сабақта педагогикалық міндеттер жүйесін шешуге бағытталған, оқу бағдарламасы анықтайтын сабақ мазмұны; негізделген құрылым және дәл шектелген уақыт мөлшері; жұмыс нәтижесін міндетті түрде бағалау; тұрақты кесте бойынша жаттығуды жүйелі өткізу; салыстырмалы тұрақты түрдегі және жасқа байланысты бірыңғайлылық пен шұғылданушылар дайындық құрамы, Айтылған белгілердің болуы сабақты ең үнемді және жаттығуды жүйелі ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жаттығуды ұйымдастырудың сабақтық емес, яғни ерікті түрлері сабақ белгілерінің бәріне ие бола алмайды. Мысалы, педагогикалық басшылықпен туристік жорықтар өткізуде уақыт қатаң шектелмейді, шұғылданушылар қүрамы да тұрақты болмайды.
Қарастырылған барлық формалардың ішінен негізгісі есебінде «дене тәрбиесі» пәні бойынша жаттығудың сыныптық-сабақтық түрін айырып қарау қажет. Балалар дене тәрбиесін үйымдастыру жүйесіндегі оның жетекші жағдайы мыналарға негізделген: әрбір оқушы үшін сабақтың міндеттілігіне; дене тәрбиесінің барлық кешенді міндеттерін етене бірлікте шешу мүмкіндігіне; оқушы организмі мен жеке басына педагогикалық әсер етудің мақсатты бағыттылығына және жан-жақтылығы мен жоспарлы жүргізілуіне; дене тәрбиесі мүғалімінің оның заңдылықтарын жүзеге асы-руда оқу материалының мазмұнын толық және ғылыми негізге сәйкес-тендіруінде.
Дене тәрбиесін үйымдастырудың өзге түрлері тәрбиелеудің алғышар-ттарын жасай және қозғалыс белсенділігінің көлемін үлғайта отырып, құралдар мен әдістердің түр-түрімен толықтырылады.
Дене мәдениетін қалыптастыру мәселесі өзінен-өзі практикалық тұрғыда жүзеге аспайды. Оны жүзеге асыруға тиісті деңгейде экономикалық, техникалық, материалдық, әлеуметтік және мәдени негіз болатындай жағдай қажет. Аталған қағидалардың іс жүзіне асырылуы осы базаларға тәуелді. Бүгінгі мектеп оқушыларының дене мәдениеті бойынша білімін арттыру, олардың ақыл-ойы мен дене бітімінің, дене күшінің дамуы жайлы көптеген бағдарламалар, нұсқаулар, үкіметтің қаулы-қарарлары бар, жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын жетілдірудің күннен-күнге арта түсуі және игілікті істі жүзеге асыру жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие жұмыстарының әртүрлі формалары мен әдіс-тәсілдерін пайдалануды міндеттейтіндігін айтқанбыз.
Жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру маңызын мынадан түсінеміз: мектепте дене тәрбиесі жүйесін жетілдіру арқылы-оқушылардың табиғи даму ерекшелігін ескере отырып, тәрбиені халықтық дәстүрде жүргізуінің нәтижесінде, негізінен оқушының дене күшімен қоса оның тілінің, ойының даму деңгейін, дене бітімін жетілдіру, дене сапаларын көтеру қажет. Міне сондықтан да, бүгінгі жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыруын іске асырудың хал-жайын айқындаудың үлкен маңызы бар.
Сонымен мәдениет дегеніміз- бұл жасампаз адамның шығармашылық еңбегі. Адамның дене және ой-сана қабілетінің дамуы, олардың өнегелік пен әсемдік қасиеттерінің сапасын, мәдени-тарихтың даму негізін және мазмұнын құрайды. Сондықтан, қоғамның материалдық және рухани мәдениеті, мәдениеттің ажырамас, міндетті кұрамдас бір бөлігі болып табылады.
Оқушылардың дене мәдениеті, дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыстары арқылы, сонымен бірге табиғаттың жаратылыс күштерін, тазалығын және оқу тәртібін, тұрмысын, демалысын ескере және тиімді пайдалана отырып, оқушыларды өмірге және еңбекке баулып дайындауға бағытталған. Дене мәдениетінде іс-әрекеттік (саналық, педагогикалық, ұйымдастырушылық, шаруашылық және т.б.) және нәтижелік (спорттық жетістіктер мен табыстар, дененің шынығу дәрежесі мен көрсеткіштері, әдістік тәсілдері мен амалдары және т.б.) жақтары бар. Дене мәдениеті және спорт белгілі мағынада бүтін бір қоғамның жағдайына әсер етеді және оның әлеуметтік, саяси және адамгершілік құрылымын көрсететін бір түрі болып табылады.
Біздің қоғамымызда дене мәдениеті мен спорт бүкілхалықтық игілікке айналды, ал оны одан әрі дамытып өркендетуге атсалысу - қоғамның әрбір саналы да зерделі азаматтарының міндеті мен құқығы.
Мектеп оқушыларының рухани дамып жетілуі, оның мектеп қабырғасындағы дене тәрбиесі пәні түрінде ғана емес, сол сияқты бос уақытында да анықталады. Жалпы орта мектептерде оқушылардың мәдени деңгейінің қаншалықты екені оның демалыс уақытының өзін ұтымды, әрі тиімді және толыққанды пайдалана білуінен байқалады. Дене мәдениеті және спорт әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени қызметтер жүйесінде бос уақытты тиімді пайдалануды қамтамасыз етуде маңызды орын алады.
Дене мәдениетінің жалпы орта мектептерде оқушылардың басқа пәндермен сабақтастықта, әрі жан-жақты байланысы, өзінің ой-санасы мен даму заңы, өзара ішкі күрделі байланысы мен өзара тәуелділігі, өзінің әдісі мен тарихы бар.
Мектеп оқушыларының туғаннан бойына біткен қимылдық-қозғалыс қызметінің күштері жинағының өз өмірінде толық пайдаланбаған мүмкіндігін дене мәдениеті және спорт түрлері ашуға мүмкіндік жасайды және толығымен дамытады, сонымен бірге, шыдамдылығы, күші мен жылдамдығының яғни, дене сапаларының шегіне жету мүмкіндігінен мәліметтерді кеңейтеді.
Дене мәдениеті – жалпы орта мектептерде оқушыларды оқытып, үйрету тәрбиелеу, сауықтыру және дамыту аясындағы басымырақ жаңа құндылықтарды жасау және бұрынғыларын жетілдіріп, меңгеру бойынша шығармашылық қызметі болып табылып, жалпы қоғамдық мәдениеттің бір бөлігін құрайды.
Дене мәдениеті жалпы орта мектептерде оқушыларды оқытып, үйрету, сауықтыру, дамыту, тәрбиелеу және жетілдіру мақсатында мектеп оқушыларының мүмкіндіктерін, табиғаттың жаратылыс күштерін, ғылымның адам туралы жетістіктерін, медицинаның, гигиенаның, анатомияның, физиологияның, психологияның, педагогиканың, спорттық психологияның, әскери істердің және т.б. нақтылы ғылыми зерттеу нәтижелері мен нұсқауларын пайдаланады.
Дене мәдениеті жалпы орта мектептерде оқушылардың адамдарды кәсіби-өндірістік, экономикалық, қоғамдық қарым-қатынастарында түбірлі бірлестікте ұйысып, олардың адамгершілік және мәдени-шығармашылық міндеттерін атқара отырып, оларға елеулі әсер етеді. Бүгінгі таңдағы жалпы орта мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарын реформалау кезеңінде және алдыңғы концепцияның мәнін қайта қарауда бұл ерекше құнды және мағыналы.
Кез-келген оқыту түрінің, оқыту ісінің тиімділігі мынадай факторларға тығыз байланысты болады:
оқытуды ұйымдастыру технологиясы;
оқытудың материалдық-техникалық базасы;
жасалған әдістемелік материалдардың тиімділігі.
Жалпы білім беру ортасын әлеуметтік ортаның бір түрі ретінде философиялық, психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық тұрғылардан қарастыру болып табылады .
Жалпы білім беру кеңістігі мен ортасының қиылысу жазықтықтарында әр оқушының жеке білім алу саласы қалыптасады. Жалпы орта мектептердегі білім беру үдерісінің әр түрлі субъектілері жалпы білім алу саласында жүреді. Осындай жеке ішкі салалар бүтін мен оның бөліктері философиясы заңдылығын жүзеге асыра отырып, орта мектептің, арнайы оқу орнының, колледждің, институттың, университеттердің, академиялардың, айта берсек, планетаның біртұтас білім кеңістігі ретінде бірігуде. Көптеген сарапшылар жалпы білім беру жүйесінде стихиялық түрде туындап келе жатқан бір жайт туралы айтқан болатын, ол жалпы орта мектептерде сабақ беріп жүрген білікті мұғалімдердің жалпы білім беру жүйесінен басқа салаларға– бизнеске, мәдениетке, әлеуметтік ортаға, өндіріс орындарына, т.б. кетуі жиі ұшырасады. Біз тоқталып отырған мәселе айналасындағы жауапқа тоқталсақ, онда әр түрлі жалпы білім беру мекемелері оқу жүйесіне жақын басқа да ішкі салалармен қиылысып отырғаны байқалады. Осындай салалардың қиылысуы көбейген сайын мектеп оқушысының да толыққанды дамуына көптеген жағдайлар жасалып, мүмкіндіктер пайда бола бастайды. Жалпы орта білім беру жүйесінің және соңғы кезде құрылып, динамикалық түрде дамып келе жатқан жалпы білім берудегі заманауи білім беру қазіргі күнгі білім беру ортасының негізгі міндеттердіњ бірі болып табылады.
Ғылыми-техникалық дамудың ықпалы нәтижесінде әлеуметтік топтардың өндірістегі орны мен рөлі өзгереді, зерделеуді қажет ететін еңбектің мөлшері өсіп, біліктілігінің рөлі артады. Оның өзі мектеп оқушыларының білімі мен тәжірибесінің артуына қол жеткізеді. Осыған байланысты мектеп оқушысының дене мәдениетінен білім деңгейін, еңбек дағдыларын, жалпы білімдерін және еңбек мәдениетін көтерудің қажеттілігі туады. Ал бұл үдеріс әлеуметтік өзгерістерге әкеліп тірейді, соның мазмұнын құрайды.
Жалпы орта мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру мазмұны бойынша психологиялық-педагогикалық, медицина, биология, әлеуметтану ғылымындағы әдебиеттерді және ғылыми-зерттеу жұмыстарын теориялық талдаулар, мұғалімнің дене тәрбиесі құралдарын пайдалана отырып, дене тәрбиелеу жұмысына әзірленуін, жалпы орта мектептерде оқыту мен тәрбие шеңберінде психологиялық, теориялық, практикалық, әдістемелік, дене даярлығын зерттеу барысында мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру мазмұнын сипаттаймыз.
Қазақстандағы жалпы орта мектептерде дене мәдениеті және спорт саласының білім беру мен тәрбиелеу маңыздылығы арттырылуда. Оның міндеттері: мектеп оқушыларының ерік-жігері мен дене сапаларын жетілдіру; құлықтыққа тәрбиелеу; еңбекті және Отанды қорғауға дайындау; денсаулықты сақтау және нығайту; болашақ еңбек қызметі есепке алынып, кәсіби қолданбалы дене даярлығы; мектеп оқушыларының өз бетінше спорттық жаттығуды ұйымдастырудың теориялық әдістемесі негіздерінен және мәдениеті бойынша қамтамасыз ету; мектеп оқушыларының спорттық шеберліктерін жетілдіру.
Дене мәдениеті және спорт саласында бүгінгі таңдағы алға қойылған мақсатты іске асыруға табиғи ұмтылысы көз жетерлік, болашақта біздің бұрынғы ақпараттарға негізделген, яғни оның іргетасында орасан зор қайшылықтар бар шешімі қиын мына мәселелермен қарама-қайшы келеді:
- дәлелді себептердің, әлеуметтік жеке тұлғалық мәнді қажеттіліктердің әртүрлілігін оқыту, үйрету және сауықтыру, тәрбиелеу құралдарының, әдістері мен формаларының мазмұнын талап деңгейінен артық үйлестіру;
- дене мәдениеті және спорттық қызмет үрдісінде мектеп оқушыларының қажеттілік-мотивациялық өрісін қалыптастыру қажеттілігі және тапсырма берілетін, уақытпен белгіленетін оның ұйымдастыру сипатында жеке тұлғаның қызығушылық ынтасы, рухани мәдениеті шектелген;
- жасөспірімдердің жеке және топтық сұраныстарды қанағаттандыру үшін мүмкіндіктердің кең ауқымы мен бағыттылығы бойынша (рекреация, сауықтыру, денені қалпына келтіру, белсенді демалыс, т.б.) нақтылы шұғылдану мүмкіндіктерінің нашар дифференциялануы, яғни оларды осы қызмет аясына қызықтырып тартуды ұйымдастырудың шектеулілігі;
- денені шынықтыру-спорттық қызмет аясында көңіл-күйдің эстетикалық дамуының үлкен потенциалды мүмкіндіктері және олардың мазмұндылық-әсерленушілік компоненттерінің төмендігі, яғни қызықтырушылық мәнінің шектеулігі;
- «Тәні саудың – жаны сау» факультативтік сабағы шегінде жасөспірімдердің басымырақ, дене мәдениеті, әртүрлі деңгейдегі спорттық сайыстарда өз мүмкіндіктерін және қабілеттерін салыстыруға ұмтылысы, қызығушылығы және оны жарыстық қызметке шектеулі уақытпен белгілеп ендіру;
- жасөспірімдердің дене сапаларын өздігінен жетілдіруге және дамытуға талаптануы және дене мәдениетінен қажетті білімнің, қисынға келтіру біліктілігінің және өз қызмет әрекетінде әдістемелік негізделген өздік бағдарламасының болмауы;
- барлық оқу-тәрбие үрдісінің бағдарламалық-мақсатты негіздерінің түгел болуы және оқу-жаттығу сабақтары мен кәсіби оқытып, үйрету бағыты бойынша, оқудан пайдалану бойынша дене және интеллектуалдық режимін сақтау.
Қорытындысында әлеуметтік өзін-өзі анықтау қабілетін анықтауға болады. Жақсы тамақтану мүмкіндіктерінің төмендеуі, оқу сабақтары кестелерінің жүйесіздігі, медициналық қызмет көрсету мекемелерінің аурудың алдын-алу шараларының болмауы, қаражаттың жеткіліксіздігінен жоғары сынып оқушыларының күн көріс үшін сабақтан тыс жұмыс істеуі жоғарыдағы келеңсіз жағдайларды ұлғайтады. Бітіруші сынып оқушыларының денсаулық жағдайы, дене даярлығы оқуының аяқталу кезеңінде едәуір нашарлайды. Өздігінен дене даярлығымен, өзін-өзі тәрбиелеумен шұғылданатын бітіруші сынып оқушыларының аз бөлігі ғана болуы. Жалпы орта мектепте оқу кезеңінде өзі таңдап алған спорт түрлерінен секцияларға қатысуы да, күрт төмендейді.
Осылардың нәтижесінде көптеген жалпы орта мектепті бітірушілердің оқу-тәрбие үрдісі барысында денсаулық жағдайы өздерінің шығармашылық потенциалдарын толыққанды жүзеге асыруын шектейді, олардың ұзақ жылдарға шығармашылық қабілетін қысқартады.
Жалпы орта мектептердің оқушыларын оқыту үрдісінде басты орын алатын жағдай дене мәдениеті бойынша білім алып, оны өзінің өміріне қалыптастыру жасөспірімдер үшін ерекше, өткінші емес, алдағы жылдары орнын толтыру мүмкін емес, құндылық.
Жалпы орта мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде оқу-ғылыми, практикалық бағдарланған дене тәрбиесі пәндері мен факультативті сабақтардың мазмұнды компоненті ретінде дене мәдениеті құндылықтарының өзара байланысты топтарын одан әрі жүйелеуге болады.
Жоғарыда айтылған дене тәрбиесін оқытудың жалпы және практикалық мақсаттарына байланысты, «Тәні саудың – жаны сау» факультативтік сабағының мазмұны анықталып, бағдарламасы бекітілді (кесте 2).
Кесте 2 - «Тәні саудың – жаны сау» факультативтік сабағының 5-11сыныпқа арналған бағдарламасы
№
|
Бағдарлама материалдары
|
I тоқсан
|
II тоқсан
|
III тоқсан
|
IV тоқсан
|
сағ.
|
1
|
Жеңіл атлетика
|
5
|
|
|
5
|
10
|
2
|
Спорт ойындары
|
4
|
|
6
|
|
10
|
3
|
Гимнастика
|
|
1
|
|
3
|
4
|
4
|
Ұлттық ойындар
|
|
6
|
4
|
|
10
|
5
|
Барлығы:
|
9
|
7
|
10
|
8
|
34
|
Тақырып бойынша жүргізілген педагогикалық зерттеу мен алдын-ала айқындау тәжірибелік-эксперименттік жұмысымыз арқылы жүзеге асты. Жалпы орта білім берудің басты сипаттары - оның тұтастығы, оқытудың мазмұны мен сапасына қойылатын мемлекеттік талаптардың бірегейлігі, икемдігі мен көпсатылылыѓы, мазмұнын жақсарту мен білім жүйесін басқаруды демократияландыру болуға тиіс. Оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың тарихи-педагогикалық мәселелері, оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктері, күй-жайы әр түрлі білім мекемелерінде, әр қилы мамандандырылған мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін талқылай келе (бұл бағыттағы теориялық зерттеу нәтижелері ғылыми жұмысымыздың 1.2., 1.3. тармақтарында баяндалған), қазіргі күні салауатты өмір салтын құру және оның оқушылардың спорт түрлерімен шұғылдануына әсері туралы мағлұматтарды әңгімелесу, интервью, сауалнама сұрақтары арқылы жинап, мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыруда дене тәрбиесі пәнін оқыту жеткілікті дәрежеде жүргізілмей жатқандығына көз жеткізіп, бұл шешімін таппай жатқан проблемалы мәселе екенін дәлелдей түстік.
Қорыта келгенде, республикамыздағы жалпы білім беретін орта мектептерде оқушылардың дене тәрбиелеу үрдісін қалыптастыруда мектеп оқушылардың білімін реформалауда қаржыландырудың көпсалалы жүйесін қалыптастыру, аймақтық оқу-өндірістік кешенін құру, дүниежүзілік білім беру жүйесіне ену, оқытудың дәстүрлі технологиясын жетілдіре отырып, заманауи ақпаратты оқыту технологиясын енгізу және ғылыми жұмысты жүргізуге жағдай туғызу сияқты өзекті мәселелерді шешуді талап етеді.
Келесі тармақта әр түрлі елдердің балалар мен жасөспірімдер мекемелеріндегі дене тәрбиесі бойынша әдістемесінің айырмашылығын талдап, ендіру жолдарын қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |