«Мектеп оқушыларына дене мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі»


Сабақтан тыс уақыттағы спорттық ойындар арқылы дене қабілеттерін дамытудағы тәжірибелі-эксперименттік жұмыстар нәтижелері



бет11/13
Дата20.06.2022
өлшемі0.52 Mb.
#459365
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
«Мектеп оқушыларына дене мәдениетінен білім берудің педагогикалық үлгісі»

2.3 Сабақтан тыс уақыттағы спорттық ойындар арқылы дене қабілеттерін дамытудағы тәжірибелі-эксперименттік жұмыстар нәтижелері.


Дене жаттығуларымен қосымша айналысу оқушылардың тиiмдi демалыс құралы болып табылатынын көп зерттеулер дәлелдейдi, бұл оқу нәтижесiне де жақсы әсер етедi. Аптасына екi рет дене тәрбиесi сабағы жүретiн оқушыларға қарағанда дене жаттығуларымен бiр аптада 6-8 сағат айналысатын оқушылар дың оқу үлгерiмi жоғары екенiн [39, 41, 44 өз еңбсктерiнде атап көрсетедi.
М.С.Полишкисаның мәлiметтерiне қарағанда, футбол сабақтарын жүйелi түрде жүгiзгенде, балалар өзінiң cпортшы емес қатарларын мыңадай көрсеткiштер бойынша басып озады: тиiмдi дұрыс ойлау жылдамдығы, көру аймағының шетi мен ортасындағы белгiнi таңдау әсерiнiң жылдамдығы, зейiн көлемi, козғалыс күшi мен жылдамдығы, қарсылық көрсету дәлелдiгi.
Зерттеушi ғалымдардың В.В.Ворюшин, К.І.Адамбеков көрсетуiнше, футболшылардьң қозғалушы қарсыласына деген көптеген қимылдары аса шапшаң қозғалған қарсыласына допты беруi, қарсыласын қозғалыс үстiнде айламен жеңуi, тоқтау, ұшып келе жатқан допты соғуы, қақпашының қимылына жауап қайтару т.б. көптеген әсерлерi пайда болады. Осының нәтижесiнде
жасөспiрiм футболшылардың психомоториясы жетiлiп, орталық жүйке жүйесiнiң қызметi мен қабықтағы процестердiң қозғалмалығы жақсарады.
И.П. Павлов адамның шартты-рефлекторлық iс-әрекетiнiң негiзгi физиологияльқ заңдарын ашты. Орталық жүйке жүйесiнiң негiзгi қызметi ағзаның сыртқы ортаның күрделi де өзгермелi жағдайларына бейiмделүiн қамтамасыз ететiн қолайлы және қолайсыз уақытша байланыстарын қалыптастыру болып табылады.
И. П. Павловтың көрсетүiнше ми қабығының қозғалдырушы жасушалары қабықтың басқа бөлшектерiмен байланысқа түсе алатын, сыртқы және iшкi ортаның барлық әсерiне жауап бере алатын, шартты рефлекс тудыра алатын және басқа көптеген қабiлеттерге ие. “Қабықты кинетикалық жасушалары, - деп жазды И.П.Павлов, - сыртқы әсерлермен қатар ағзаның iшкi процестерiн де көрсете алатын қабықтың барлық басқа жасушалармен дене байланыса алады және шын мәнiнде байланысады”. И.П.Павлов жауап шығарған шартты рефлекстер әдiсi арнаулы емес вегатативтi бөлшектерге (iс-қабылдау әсерi, тыныс алу және тамыр бөлiктерi, терi-галъваналдық реакцияларға т.б.) абсолюттi түрде немесе жекелеп қысым көрсететiн әсерге айналды. Бұған қоса, дене жаттығулары арқылы қабықтың және қабық асты бөлшектерiнiң қозуын тиiмдi етiп, осылайша, шектен тыс тежелудi тоқтатуға болады.
Бiздiң көзқарасымыз бойынша, мектеп оқушылары үшiн тиiмдi тәртiп жасап шығу негiзгi физиологиялық көрсеткiштердi қайта қалпына келтiрудiң қысқа мерзiмiн /цикл/ қамтамасыз етедi. Бұл мақсатта спорттық ойындар түрiндегi қосымша сабақтарға бөлiнген уакытты көбейту арқылы оқушылардьң қозғалу белсендiлiгiн арттырудьң рөлi үлкен.
Осы мәселе бойынша қазiргi кезде үлкен нақты мәлiметтер жинақталған. Көптеген авторлар М.В.Антропов Н.М.Волков, В.А.Данилов, Ю.Н.Смирнов, А. Г.Сухарев оқушылардың жұмыс қабiлетiн қалпына келтiру және күшейту мақсатында тиiмдi демалыс ретiнде дене жаттығу сабақтарын жүргiзудiң нақты практикалық мысалдарын ұсынды. Бұл практикалық ұсыныстар мынадай қорытындыға әкелдi:
1. Қозғалу белсендiлiгiнiң тәуелдiлiк көлемi ағзаның қозғалыс үстiндегi биологиялық қажеттерiне сай болуы керек.
2. Дене тәрбиесiнiң қалыптасқан жүйесi тұрмыста жетiепейтiн қозғалыстың орнын толтыру керек.
3. Балалардъң қозғалу белсендiлiгiн бiр күн iшiнде олардың ағзасыньң жұмыс қабiлетiндегi өзгерiстердi есепке ала отырып бiлу керек.
4. Дене тәрбиесiнiң түрлерi мен құралдары әр түрлi болуы тиiс.
5. Дене жаттығулары сабақтарының ұзактығы мен жылдамдығы өсiп келе жатқан ағзанъң жас ерекшелiгiне сай болуы керек.
Соңғы жылдарда барлық жалпы бiлiм беретiн мектептерде көптеген оқу бағдарламалары енгiзiлгенi белгiлi. Жаңа оқу бағдарламалары оқушылардың ақыл-ой қызметiн жеделдетуге көмектестi [9, 32, 34]. Осыған байланысты оқушының күн тәртiбiн дұрыс ұйымдастыру және жүйслi спорттық сабақтарға щатыстырып қозғалу белсендiлiгiн тиiмдi етiп арттыру мiндетi тұрды [44, 51. Мектеп оқушыларының негiзгi бөлiгiн бос уақыттарда жүйелi түрде спорт сабақтарына қатыстыру арқылы дененi жетiлдiру тұрғысы кезiнде бұл сабақтардьң оқушы iс-әрекетiнiң басқа түрлерiне ең алдымен оқу процессiне қалай әсер ететiнiн мiндепi түрде ескеру керек.
Оқушының тәулiктiк қозғалыс белсендiлiгiн арттыратын спорт сабақтары бала ағзасына елеулi әсер етедi. Бұл сабаққтар баланың дұрыс әрi үйлесiмдi түрде дамуына, денсаулықтың жақсаруына, сырткы ортаның ағзаға түрлi қолайсыз әсерлерiне қарсы тұрақтылығының күшеюiне әсер етедi [43,32, 35]. дегенмен де, спорттың барлық түрлерiнiң iшiнде, мектеп оқушысының ақыл-ой және дене қызметiнiң төмендеп, шаршауын азайтатын түрi спорттық ойындар [19, 52] болып табылады. Олардың арасында өзiнiң эмоционалдық сипаты бойынша орталық жүйке жүейсiнiң қызметiн жақсарта алатын ықпалды ойын футбол болып табылады.
Бiрақ, өте жас балаларға спорт сабақтарының қолайлы әсерi оларға дұрыс ұйымдастырылған кезде ғана байқалады. Жасөспiрiмдердi спортқа ерте мамандандыру өсiп келе, жатқан ағзаға тым жоғары талаптар қойып, оның өсуi мен дамуына қолайсыз өзгерiстер әкелуi мүмкiн.
Жаттығу сабақтарын ұйымдастырғандағы тәулiктегi, аптадағы, жылдағы физиологиялық процестердiң кезеңдiк өтпелi мерзiмдерiн есепке алу үлкен қызмет атқарады.
Бүгiнгi күнi тәулiктiк кезеңдермен сипатталатын 40-тан аса физиологиялық қызметтер көрсетiлген.
Көптеген зерттеушiлер түрлi факторлардың бұлшық ет қызметi және вегетативтiк функцияның тәулiктiк кезеңдерiнiң әсерiне мән берiп қарастырады.
Жоғарғы зерттеулердi жинақтай келгенде, iшкi мүшелер қызметiнiң кезеңдерi тiршiлiктiң түрлi жағдайларында тұракты түрде қайталанып отыратынын айту керек. Тәулiктiк ырғақтың бұзылуы бiр патологиялық жағдайдың немесе ағзаның тым көп, жаттығулардан шаршауының әсерiнен болады. Көптеген зерттеушiлер тiршiлiк жағдайларын ауырсыну арқылы вегетативтi функцияның тәулiктiк ырғағын қайта құруға тәжiрибе жасайды. Бiрақ күн тәртiбiн өзгерту де, қарама-қарсы күн алмастыру да адамның вегатативтi қызметiн толық қайта құра алмады. Тiршiлiк жағдайын толық өзгерткенде, мысалы басқа сағаттык белдеуге көшкенде немесе толық қоршау жағдайында ғана вегатативтi қызметтiң тәулiктiк ырғағын қайта құруда аздап өзгерiстер болды.
Қозғалыс қызметiнің тәулiктiк кезеңдерiн зерттеген алғашқы еңбектер ХIV ғасырдың аяғында жазылды. Отандық ғалымдардың зерттеу тақырыбы бұлшық ет күшiнiң өзгеруi болды. Осыған ұқсас зерттеулердi кейiнiрек жүргiздi.
Бұлшык ет күшiнiң тәулiктiк ырғағын зерттеушiлердiң көбi адамның бұлшық ет күшi түнде төмендеп, күндiз күшейетiнiн айтады, бұлшық ет күшi таңертеңнен қарай жүйелi түрде өсетiнi тұралы басқа пiкiр айтады. Авторлар күндiз орындалған дене жұмысы кешкi уақытта бұлшық ет күшiнiң өсуiне жеткiлiктi әсер ететiнiн айтады студенттердiң түрлi жеке топтарындағы бұлшық ет тонусының тәулiктiк өзгерiстерiн зерттеген. Авторлар кешкi уақытта дене жүктемелсрiн мұқият мөлшерлеу керек деген қорытындыға келдi.
Бiздiңше, мектеп оқушыларыньң кез келген iс-әрекеттегi жұмыс қабiлетi олардың әмiрлiк ырғағын ағзаға тән биологиялық ырғақпен сәйкестендiрген жағдайда ғана жоғары болады.
Адамның бiр тәулiк iшiндегi жұмыс қабiлетiнiң динамикасын зерттегенде, физиологиялық қызметтің ең жоғары екi нүктесi болатыны белгiлi болды. Алғашкы жоғарылау 8-11 аралығында болса, екiншi сәті 15-18 сағат аралығына дәл келдi. Бiрақ екiншi жоғарылау әрқашан таңертеңгi деңгейге жете бермейдi. Бұған қоса сағат 14-ке қарай жұмыс қабiлетiнiң төмендейтiнi байқалады [51,-57].
Бiз мектеп оқушыларының күн тәртiбiнiң тәуелдiлiк сызығы ағза функциясының тәулiктiк ырғақты өзгерiсiнiң сызығына сәйкес немеес оған жақын болуы керек деп санаймыз. Сондықтан да, балалар мен жасөспiрiмдердiң ақыл-ой және бұлшық ет қызметiнiң ең жедел естi физиологиялық процестердiң ең жоғарғы күшею кезеңiне сай келуi керек.
Мектеп оқушыларының күн тәртiбiн ұйымдастыруда көптеген авторлар мынадай шарттарды сақтауды ұсынды:
1. Бала ағзасының түрлi қимыл-әрекеттерi функционалдық мүмкiндiктер режимi негiзiнде қойылуы керек;
2. Бала ағзасының физиологиялық процестерiн тоқтату, тежеуге орын берiлмеуi тиiс;
3. Күн тәртiбiн ұйымдастырудың негiзгi үрдiсi бала ағзасын үйлесiмдi дамыту және биологиялық қабiлеттерiн қанағаттандыру үрдiсi болуы керек;
4. Күн тәртiбiн рационалды түрде ұйымдастырудың негізгi мiндетi шаршаудың алдыналу және жұмыс қабiлетiн күнi бойы сақтау болып табылады.
Осылайша, қозғалу қызметiне, дене жүктемелерiне, дене тәрбиесiн спорттык, ойындар арқылы дұрыс ұйьмдастыруға үлксн мән беру керек. Себебi, олар бала ағзасының әмiрлiк жұмыс қабiлетiн сақтауда, оны өсiру, кiшi мектеп жасында жоғары жұмыс қабiлетiн күшейтуде көп қызмет атқарады.
Спорттык ойындар, оның iшiнде футбол, баскетбол арқылы қосымша сабақтар жүргiзу ерекшелiктерi туралы түрлi әдебиеттердегi материалдарды жинақтай келе, көзқарастар мен кеңестер, ұсыныстардың қайшылықтары бар екенiн атап ету керек. Бұл жасөспiрiм спортшыларды дайындауда жаттықтыру процесiн тиiмдi ету мәселесi әлi де ғылыми тұрғыда жеткiлiктi негiзделмегендiгiн көрсетедi.
Авторлардың көбi мынадай ортақ қорытындылар жасайды:
дене тәрбиесi сабақтары балалар мен жасөспiрiмдердiң ақыл-ой және жұмыс қабiлетiне қолайлы әсер етедi; олардың тәулiктiк қозғалыс белсендiлiгiн арттырады, акыл-ой қызметiнiң төмендеп, шаршап қажу жағдайынан сақтандырады, мектеп оқушыларының жоғары жүйке iс-әрекетiн мөлшерлеуге көмектеседi.
Ұжымдық еңбек ретiнде спорттық ойындар құндық моралдық ерiк кабiлеттерiн; төзiмдiлiк; талаптылық; тәртiпттілiк; өзiн ұстай бiлу; тез шешiм қабылдай алуды дамыта отырып, тұлганың дұрыс калыптасуына көмектеседi.
дегенмен де отандық және шетелдiк әдебиеттерде жалпы бiлiм беретiн мектептерде жаттықтыру сабақтарын оқу процесi мен тиiмдi ұштастыру туралы мәлiметтер көп кездеспейдi. Ал жаттығу жуктемелерiн балалар мен жасөспiрiмдердiң iс-әрекетiнiң барлық түрлерiнiң есепке ала отырып дұрыс бiлу табысты спорттык дайындық пен үйлесiмдi даму үшiн өте маңызды болып табылады.
Оқушыларды дайындаудың қолда бар бағдарламаларын талдай келе, бiз арнайы педагогикалық эксперимент жүргiзудi ойластырдық. Бұл эксперимент екi кезеңде өткiзiлдi. Бiрiншi кезеңде спорттыкқ ойындар арқылы қосымша сабақтармен айналысатын әр түрлi мектеп жасындағы оқушылардың күн тәртiбi зерттелдi. Бұл кезде қозғалмалы-динамикалық және тұрақты статистикалық бөлшектер арасындағы тепе-теңдiк зерттелдi. Бұған қоса, берiлген жауаптар мен хронометраж нәтижелерiнiң негiзiнде жасөспiрiм футболшылардың бойдағы қуат шығынының тәулiктiк келемi анықталды.
Педагогикалық эксперименттің ең басында 8 жастағы жасөспiрiм футболшылар тобы iрiктелдi. Олар мектептегi футбол үйiрмесiне қатысқан және қажеттi қозғалыс дағдыларына үйренген едi. Жаттығу процесiн тиiмдi өту үшiн зерттеудiң алғашқы кезеңiнiң нәтижелерi бойынша бiз эксперименттiк қозғалыс тәртiбiн жасадық. Бұл эксперименттiк қозғалыс тәртiбiнде күннiң екiншi жартысында қатаң белгiленген уақытта аса ұзақ /60 минут/ аралықта футболдан жаттығулар жүргiзiлдi. Бұған қоса, эксперименттiк топ оқушылары /144 окушы/ аптасына 45 минуттан 2 рет дене тәрбиесi сабақтарының жылдық оқу бағдарламаларында толық орындады.
Экспериментке барлығы 30 оқушы қатысты, олардың 15 эксперименттің 5-i бақылау тобына кiрдi. Бақылау тобында спортпен жүйелi түрде айналыспайтын, бiрақ дене тәрбиесi сабағы бойынша бағдарламаны толық орындайтын оқушылар болды. Екi топ та эксперименттiң басында барлық көрсеткiштер бойынша бiрдей тең болды.
Эксперименттiк бағдарлама жасаудағы негiзгi мiндет оқушылардың спорт мектептерiндегi жүргiзiлетiн бағдарламалардың барлық талаптары мен мiндеттерiң үрдiстерiн толық сақтау басты шарт болды. Бұған қоса, бұрынғы бағдарламаның барлық бөлiмдерiнiң мәлiметтерi оқушыларды футбол ойынына үйретудiң бастапқы кезеңiнде допқа ие болу техникасын меңгертуге арналған күрделi жаттығулардың кей түрiн жүйелеу үшiн қайта қарастырылды. Ойындық бағыты басым белiктердiң көлемi үлкейтiлiп, кеңейтiлдi.
Бiздiң эксперименттiк бағдарламаның негiзгi бағыт мақсаты оқушының қозғалыс белсендiлiгiн оқу аптасымен бiр күн бойына тең бөлу екенiне қарамастан, оның мiндеттерi спорт ойындары бойынша бұрынғы бағдарламада көрсетiлген деңгейдегiден өзгерген жоқ.
Оқушыларды спорт ойынына дайындаудың негiзгi максаты:
спорт ойындарының негiзгi элементтерiн меңгерту, ойын жағдайындағы қарапайым тактикалық мiндеттердi шешу, қозғалыс жылдамдығын, ептiлiктi, шапшаңдық пен күш қабiлетiнiң қысқа және ұзақ дене жүктемесiне төзiмдiлiктi дамыту, спорт тарихы туралы керектi мәлiметтер мен дене жаттығу гигиенасын хабарлау, сондай-ақ спорттың осы түрi бойынша жүйелi сабақтардағы мiндеттi гигиеналық дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Арнайы қозғалыс тәртiбiн жасаған эксперименттiк топта оқыту мен тәрбиенiң бiртұтас педагогикалық процесi барысында барлық жоғарыдағы мiндеттер шешiлдi.
Жасөспiрiм спортшыларға спорт ойыны тәсiлдемесiнiң жаңа элементтерiн түсiндiрiп, үйреткен кезде бағдарламаның түрлi бөлiктерi бойынша теориялық мәлiметтер хабарланып отырды. Жаттығу процесiнде нақты техникалық құралдар, мысалы: батут, қабырға, дөңгелектер, ауыстырмалы қақпақтар, гимнастикалық құрал-жабдықтар т.б. кеңiнен қолданылды. Жаттығу жүктемелерiн бөлген кезде жас футболшылардың күн тәртiбiндегi барлық қозғалыс бөлшектерi биоырғақтарға байланысты ескерiлдi.
Жүктеменiң ауыспалы сипаты көбiне жас ерекшелiгiне сай болды, бұл қан айналым және тыныс алу қызметi жүйесiнiң жетiлуiне қолайлы әсер етедi. Жоғарғы жылдамдықтағы қозғалыстардың демалыс сәтi мен жене одан да жоғары қуатты талап ететiн әрекеттермен алмасып отыруы ойыншыларға үлкен жұмыс көлемiн және жүктеменi жылдам орындауға мүмкiндiк бердi. Жас спортшыларды дайындаудың бастапқы кезеңiнде қолданылған дене жүктемелерiн бағалау үшiн бiз жұмыс кезiндегi жүрек соғу жиiлiгiн анықтайтын арнайы радиотелеметрикалық қондырғы арқылы зерттеу жүргiздiк.
Эксперименттiк козғалыс тәртiбiнде жарыс және ойын сипатындағы жаттығулар бойынша оқу материалы көп болғандықтан, бұрынғы бағдарламада бөлiнген қозғалыс әрекетi көп ойындарды /жүгiру, секiру, лақтыру ойындары/ бөлу үрдiсiнен бас тарту керек болды.
Эксперименттiк тәртiпте спортық ойындар футбол техникасының қандай да бiр элементiн: соққы беру, алып жүру, тоқтату, ептiлiкке баулуға үйреткен кезде қолданылады.
Арнайы iс-тәртiбiн жасау кезiнде коптеген авторлардың әдебиетiндегi ұсыныстар мен нәтижелерi тексерiлдi. Мысалы, эксперименттiк бағдарламаларда қозғалыс ойындарын жүргiзуде зерттеулерiнiң нәтижесi ескерiлдi. Ал ойын және ойындық жаттығулар арқылы дене тәрбиесi сабағында жоғары нәтижеге жетуге болатынын, сондай-ақ ойындар оқушының ақыл-ой қызметiне жақсы әсер ететiнiн ескертедi. Бұған қоса, дене тәрбиесi сабағында және үзiлiс кезiнде ойын және ойындық жаттығулар көлемiн 70%-ке дейін өсiру керектiгiн айтқан зерттеу нәтижелерi де ескерiлдi. Дене тәрбиесi сабағында және жаттығу кезiңіндегi ойындар жоғары эмоционалды әсерi және физиологиялық бағытының әр түрлi сипаты арқылы мектеп оқушыларының ақыл-ой қызметiн де өсiретiнiн көп авторлар дәлелдейдi.
Оқушылардың негiзгi дене қабiлеттерiнiң бiрiншi және екiншi оқу жылындағы дамуын көрсететiн сынама бақылауларының нәткжесiн талдағанда, эксперименттiк тәртiптегі барлық белгiлер бойынша алға өсу, жылжу бар екендiгiн көрсеттi. 30 метрге жүгiргенде эксперименттi топтағы көрсеткiштер 1,07 секундқа /р <0,001/, жақсарса, бақылау тобында - 0,12 секундта. /р< 0,05/; болды, 60 метрге жүгiргенде эксперименттi топта 0,29 секундта /р <0,05/, бақылау тобындағыларда - 0,11 секундта /р <0,05/; бiр орында турып биiктiкке секiру бiрдей сәйкестiктi көрсеттi - 7,26 см /р <0,001/ эксперименталды топ және 1,91 см /р <0,05/ бақылау тобы болды. Бiр орыннан ұзындыққа секiру қорытындысында аналогиялық өзгерiстер болды, экспериментгiк топта 7,40 /р<0,ООI/, бақылау тобында - 1,72 /р<0,05/ болды. Оқушылардың координациялық қабiлетiн сипаттайтын “Бумеранг” тестi бойынша эксперименттi топтың 60 метрлiк аралықтағы нәтижелерi 2,72 см /р<0,05/ өссе, бақылау тобында 1,31 см /р<О,05/ болды. Топтарда дене күштерiнiң бiршама өскенiн байқауға болады. 2,71 - 0,81 кг /р<0,05/.
Алынған нәтижелердi талдау негiзгi дене қасиеттерiнiң жетiлу деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштердiң өсуi, оқудың екінші жылында 9-10 жас кезiнде жақсы жүретiнiн көрсетедi, бұны басқа да авторлардың зерттеу нәтижелерi дәлелдейдi.
Бұған қоса, балалар мен жасөспiрiмдердiң Бақылау сынамаларының нәтижелерi спортпен қосымша айналысушылардың дене дамуының жоғары екендiгiн, сондай - ақ, дене қабiлеттерiнiң даму деңгейi төмен бақылау тобымсн
салыстырғанда дене және ақыл-ой қызметi көрсеткiштерiн жақсартуға елеулi үлес қосқанын да керсетедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет